Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


 6. Қазақстандағы кәсіби философияның қалыптасуы мен дамуы



Pdf көрінісі
бет50/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
annotation23044

 
6. 6. Қазақстандағы кәсіби философияның қалыптасуы мен дамуы
*
 
 
Кеңес дәуірі тұсында маркстік-лениндік рухтағы философияның тек 
қоғамдық-саяси өмірдегі идеологияның негізгі құралы болып қана қоймай, 
бүкіл жаратылыстанымдық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың 
әдістемелік негізі болғаны да белгілі. Сондай-ақ ол өмірдің барлық дүниета-
нымдық қырларын түсіндіріп беретін бірден-бір дұрыс әмбебап ілім рөліне 
ұмтылды. Рухани саланың кеңестік дәуірге тән ерекшеліктеріне орай сол за-
манғы адам ментальдылығында үстемдік еткен бұл ілімнің өзіндік орнын жоққа 
шығаруға болмайды. 
Кеңес Одағы құрамында Қазақстан ұлттық дәстүрлі мәдениетін сақтау мен 
дамытуда орны толмас орасан шығындарға ұшырағанымен, еуропалық 
мәдениетті игере отырып, рухани мәдениеттің ғылым, білім, әдебиет және өнер 
*
 Бұл параграфта Б.М. Сатершиновтың ғылыми тұжырымдары пайдаланылды. 


393 
салаларында аса ірі жетістіктерге жетті. Бұл тұрғыдан алғанда жаңа қа-
лыптасқан қазақтың жас кеңестік мәдениеті еуропалық рухани мұраны игеруде 
ғасырларды аттап өтіп, жаңа дәуірдің көшіне ілесті. Кейбір зерттеулерде 
«кеңестік өркениеттің» артықшылықтары да сөз болып жүр. Бір қырынан 
алғанда ол дәуірде қатардағы адамның әлеум еттік жағынан қорғалуының 
(адамның еңбекке, демалуға, тұрғын үйге, тегін білім мен медициналық қыз-
метке құқылығы, мектепке қамқорлық және жоғары білімнің бағалануы т.б) 
жоғары деңгейде болғандығы ешкімде күмән туғызбайды. Екі ғасырдан артық 
бодандық бұғауын басынан өткізген ел енді ғана өзіне тән төл мәдениетін 
жандандыра отырып, жалпы әлемдік өркениеттік қауымдастық құрамына ену 
мүмкіндігіне ие болған тұста мәдени дамудың кеңестік кезеңі оның ажырамас 
бөлігі екендігін ескерген жөн. 
«Коммунистік бағыт» тығырыққа тірейтін жол еді, дегенмен КСРО өмір 
сүруінің жекелеген кезеңдерінде коммунистік ұлттық идеяның пайдалы әрекет 
коэффициенті өте жоғары болды. Адамзат тарихында ең әділ қоғам орнатуға 
деген құлшыныс кез келген басқа ойлаушылықты жаныштаумен еселеніп, кеңес 
халқының ең қалың бұқарасында коммунистік аңыз туындатқан ұғымдардың 
тұрақтылығын қамтамасыз етті. Осы ұғымдар ұзақ жылдар бойы, тоталитарлық 
идеологияның күйреуі байқала бастаған 1970-жылдарға дейін кеңес 
адамдарының бірнеше ұрпағының ой-санасын билеген «коммунистік идея» 
дейтін түрдегі кеңестік ұлттық идеяның бейнесін құрады. (Әшімбаев М., 
Косиченко А., Нысанбаев Ә., Шоманов А. Ұлттық идея // Егемен Қазақстан 25 
наурыз 2005ж.). 
Аталмыш дәуірде Қазақстанда өзіндік кәсіби философиялық мектеп қа-
лыптасып қана қоймай, оның өкілдері жалпы кеңестік, әлемдік философиялық 
білімнің дамуына да өзіндік үлестерін қоса білді. Бұл маркстік-лениндік 
философияның жалпы теориялық және түбірлі мәселелеріне, оның ішінде 
диалектикалық және тарихи материализмнің, ғылыми коммунизмнің әртүрлі 
өзекті мәселелеріне қатысты қосылған елеулі үлес болды. Әсіресе, материа-
листік диалектикаға қатысты, диалектикалық теорияның маңызды мәселелеріне 
қатысты жиырмадан астам монографиялық жұмыстар жариялап, елдің 
философиялық қауымдастығынан өзіне лайықты бағасын алды. Мұның дәлелі 
ретінде диалектикалық логика бойынша Бүкілодақтық симпозиумның 1968 
жылы Алматы қаласында өтуін келтіруге болады. Симпозиумның мате-
риалдары жеке-жеке екі кітаптарда жарияланды. (Проблемы диалектической 
логики. Наука, Алма-Ата, 1968, 281 бет және «Актуальные проблемы диалек-
тической логики.» Алма-Ата,1971, 670 бет.). Бұл симпозиумға Мәскеуден, 
Ленинградтан, Киевтен, Ташкенттен және т.б. қалалардан белгілі ғалымдар 
қатысты. Қазақстандық философтар логикалық-гносеологиялық және мето-
дологиялық қырынан қарастырған материалистік диалектиканың бұл мәселе-
лері маркстік философияның негізгі дүниетанымдық және теориялық міндеті 
болып табылатын диалектиканың теориясын жүйелі түрде дайындаумен бай-
ланысты болды. Ал диалектикалық теорияның өзі тарихи танымның, комму-
нистік құрылыс практикасы мен соңғы ғылым жетістіктерінің жан-жақты 
қортындысы болуы тиіс еді. 


394 
Қазақ халқының өзінің ежелгі мәдениеті, бай рухани дәстүрлері болғанымен 
ол Батыстың университеттік типтегі классикалық философиясымен Қазан 
төңкерісінің жеңісінен кейін алғаш рет кең көлемде таныса бастады. Со-
циалистік құрылыстың орнатылуы барысындағы бастапқы онжылдықтарда 
республиканың философ-марксшілдері ұлтшылдық идеологияның әртүрлі 
бағыттарымен полемикалық тартысқа түсті, қазақстандық қоғамдық-саяси және 
философиялық ой дамуының ерекше-ліктеріне қатысты оны марксизм-
ленинизм классиктерінің шығармаларындағы тұжырымдармен байланыстырған 
алғашқы зерттеу жұмыстары жарияланып, осы классиктердің еңбектері қазақ 
тіліне тәржімаланды. Соғыстан кейінгі жылдары материалистік диалектиканың 
өзекті мәселелерін зерттеу қолға алына бастады.
Алайда бұл мәселеге қатысты маңызды жетістіктерге 1950-жылдардан бастап 
қол жетті. Бұрынғы ғылыми-зерттеушілік сипаттағы жекелеген еңбектер мен 
мақалалар бір бағыттағы жалпы проблематикаға біріктіріле бастады. С.М.Киров 
атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде философия факультетінің 
құрылуынан кейін және, әсіресе Ғылымдар академиясы жүйесінде республикалық 
сектордың ашылуы мен 1958 жылы Философия және құқық институтының 
құрылуынан соң Қазақстанда материалистік диалектиканың дамуы жаңа арнаға 
түсті. Диалектика теориясының мәселелерін шешу марксизм классиктерінің 
тарихи-философиялық мұрасын игерумен қатар кейінгі жаратылыстанымдық 
және қоғамдық ғылымдарда қордаланған материалдарды меңгерумен қоса жүзеге 
асты. Бұл соңғы кездегі ғылыми таным дамуның қажеттіліктерін ескере отырып, 
диалектиканың теориясын жаратылыстық және қоғамдық ғылымдардың өзекті 
логикалық-методологиялық 
мәселелерін 
талдаумен 
тығыз 
байланыста 
қарастыруға мүмкіндік береді. Республиканың философтары диалектиканың, 
логика мен таным теориясының сәйкестігінің лениндік принципін философиялық 
ғылымдар ішіндегі пәндердің өзара қатынасын айқындайтын негізгі теориялық 
тезисі ретінде ғана емес, қазіргі ғылыми-теориялық білімнің кез-келген саласын 
қалыптастыру мен дамытудың логикалық және методологикалық принципі 
ретінде де қарастырды. 
Материалистік диалектика мәселелерін зерттеудің алғашқы нәтижелері 
1950-жылдардың соңынан-ақ көзге көріне бастады. 1958 жылы Г. А. Югайдың 
«Биологиялық құбылыстарды танудағы анализ бен синтез» деп аталатын 
зерттеу жұмысы аяқталып, Ж.М.Әбділдиннің «Нақты ұғымның гносеологиялық 
рөлі» деген еңбегі жарияланды. Диалектикалық материализм мәселелері 
бойынша Ж. Төленовтың «Заң философиялық категория ретінде» (Алматы, 
1959) деп аталған, П.В.Пресняков пен З.С.Кан-темировтың «Диалектикалық 
материалистік таным теориясы және бастапқы мен екінші сапалар туралы ілім» 
(Алматы,1959) деген кітаптары жарық көрді. 
Сондай-ақ осы жылдары танушы субъекттің белсенділігі туралы, Кант және 
Гегель туралы т.с.с. бірқатар жұмыстар жарияланды. 
Дегенмен бұл зерттеулер өзара байланыссыз, жеке дара орындалған, басым 
бөлігінде дайындықтық сипаттағы жұмыстар болды. Диалектика теориясын 
оқып-үйрену мен зерттеудегі басты жаңа қадам Философия және құқық 
институтында құрамында Ж.М.Әбділдин (жетекші), М.И. Баканидзе, А.Х. 


395 
Қасымжанов, Л.К. Науменко, Г.А. Югай және т.б. бар шығармашылық топтың 
құрылуынан басталды. Өз шығармашылық ізденістерінде олар материалистік 
диалектиканы маркстік философияның бөлімі немесе бұтағы түрінде ғана емес, 
диалектиканың, логика мен таным теориясының сәйкестігі туралы лениндік 
идеяға сүйене отырып, оны бүкіл марксизімнің квинтэссенциясы, «жаны» 
ретінде, оны қазіргі ғылымның жалғыз дұрыс және әмбебап методологиясы 
ретінде сипаттады. 
Диалектикалық теорияны даярлаудың алғашқы нәтижесі Ж. Әбділдин, А. 
Қасымжанов, Л. Науменко, М. Баканидзе сияқты авторлардың «Диалек-тика-
лық таным мен логика мәселелері» атты монографияның (Алматы,1963) жарық 
көруі болды. Бұл монографияда көтерілген фундаменталды философиялық 
мәселелер мынадай еңбектердің – белгілі философ А.Х.Қасымжановтың 
«Диалектиканың, логика мен таным теориясының сәйкестігі мәселесі» (Ал-
маты, 1962), қарағандылық философ Б.Қасеновтің «Маркстік «Капиталындағы» 
жалпылық пен ерекшеліктің, жалқылықтың диалектикасы» деген мо-
нографияларының жазылуына түрткі болды. Аталмыш еңбектердің авторлары 
1960-жылдардың бас кезінде объективті диалектиканы субъективтіліктен, 
философиялық категорияларды зерттеудің «онтологиялық» қырын оның 
«гносеологиялық» қырынан ажыратуға тырысқан позитивистік көзқарастармен 
болған философиялық пікірталасқа атсалысты. Қазақстандық философтар 
марксизм ілімінің жалпы түбірлі ұғымдарын қозғай отырып, ғылыми-зерттеу 
жұмысын онан ары тереңдетіп жүргізу үшін, мынадай маңызды мәселелердің 
көтерілуінің бастауында тұрды: ғылыми-теориялық танымның бастапқы 
нүктесі мәселесі, диалектика категорияларын тереңдете даярлау және 
диалектикалық логика принцип-терінің логикалық-гносеологикалық және 
методологикалық функцияларын ашу, диалектикалық логика идеяларын 
тарихи-философиялық тұрғыда негіздеу мәселесі. 
Қазақстандық философтардың осындай салмақты ғылыми нәтижелері -
бірнеше монографиялар мен мақалалар тізбегінің жариялануы оларға 
бүкілодақтық танымалдық әкелді. Осы кезден бастап Қазақстанда кәсіби фи-
лософияның қалыптасуы туралы толық негізде айтуға болады. Дегенмен Қа-
зақстанда кәсіби философияның қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерек-
шеліктері болды.
Осы тарихнаманың кезеңдері мен бағыт-бағдарлары туралы бірнеше еңбек 
жарық көрді. Олардың арасында академик Ж.М.Әбділдиннің «Развитие 
материалистической диалектики в Казахстанең. Алма-Ата: Наука, 1975-128 с.; 
«60-летие Казахской ССР и развитие философской науки в Республике / 
Собрание сочинений в пяти томах. Том V. Алматы: Өнер, 2001. – 455 с.; және 
Ә.Н.Нысанбаевтың «Философская школа академика Ж.М.Абдильдина // Из-
вестия НАН РК. Серия общественных наук. 1993. 3. С. 3-8 сияқты кәсіби фи-
лософияның қазақстандық сипатын баяндаған шығармаларды атап өтуге бо-
лады. Қазақстандағы кәсіби философияның іргесін қалауы қоғамның әлеуметтік 
мүддесінен, тарихи процестің қисынынан туындады. Социалистік кезеңді 
қаншама сынға алғанмен (тоталитаризмі үшін, атеизмі үшін). Әлемдік 
өркениетті өркендеуден қалмаудың талпыныстары болғанын да мойындауымыз 


396 
керек. Кеңес жүйесіндегі білім беру саласы әлемдегі алдыңғы қатарлылардың 
бірі болды. Ал, философия болса, маркстік, лениндік идеологияны басшылыққа 
алғанмен адамзаттық рухани байлығын игеруді де жоққа шығарған емес. 
Әрине, кейбір сыңаржақтылық оның кең құлаш жайып дамуына, құбылыстың 
мәніне тереңдеп енуге кедергі жасағаны да белгілі. Дегенмен философиялық 
ойлау жүйесінің барлық технологиясы жөнінде мағлұматтардың қордалануы, 
өзара философиялық сұхбаттың мәдениетін қалыптастыру, категориялық 
аппаратты игеру сияқты күрделі процестер жүре бастаған болатын. Бұл 
Алматыда кейін үлкен беделге ие болған философиялық мектептің 
қалыптасуына алып келді.
Әлемге әйгілі философия саласының кадрларын дайындауда Москвалық 
философиялық орталықтың әсері орасан болатын. Әсіресе, Э.В. Ильенков, Е.П. 
Ситковский, П.В. Копнин, Б.М. Кедров, П.Н. Федосеев, Ф.В. Константинов, 
М.М. Розенталь және т.б. жетекші мамандар елімізде жетекші мамандардың 
өсіп-өркендеуіне көмегін берді. Мәселен, Жабайхан Әбділдин, Ағын 
Қасымжанов, Лев Науменко, Мамия Баканидзе, Герасим Югай, Әбдімәлік 
Нысанбаев, Қажымұрат Әбішев, Мұқаш Бурабаев және т.б. Қазақстандағы 
кәсіби философияның бастауындағы ірі тұлғалар болып табылады. Олардың 
қажырлы еңбектерін әрі қарай дамытып, кәсіби философиялық алматылық 
мектебіне үлес қосқан Мұрат Сәбит, Ғалихан Ақмамбетов, Александр Хамидов, 
Акрамқан Қапышев, Сергей Колчигин, Александр Малинин, Грета Соловьева
Марат Хасанов, Бекет Нұржанов және т.б. дарынды ізденушілер де болды.
Әсіресе, еліміздегі философияның диалектикалық логика облысын зер-
ттеудегі жетістіктер біршама болатын. К. Маркстің «Капиталынң зерттеу 
арқылы зерденің тұңғиығына сәйкес келетін, оның логикасын, даму заңды-
лығын анықтайтын диалектикалық логика екендігі жан-жақты дәлелденді. 
«Диалектикалық логикаға» арналған бірнеше томдық еңбек жарияланды. 
Жалпы таным теориясы диалектика мен логиканың келелі мәселелерін терең 
түрде қарастырмай өрби алмайды. Сондықтан философиялық зерттеулердің 
негізгі бағдары методологиялық принциптерді жан-жақты сұрыптаудан өткізу 
болды. Бұл барлық ғылымдарға өзінің теориялық бағдар боларын дәлелдей 
түсті. Әсіресе, ғылыми-теориялық танымның логикасы, диалектиканың 
принциптері, тарихи-философиялық зерттеудің іргетасы сияқты маңызды 
салаларға философтар барынша назар аударып, оның философиялық 
сипаттамалары беріле бастады /1/. Бұл теорияның негізгі танымның жалпы, 
субстанциальді бастауларынан оның эмпирикалық формаларына қарай 
жылжитынында. Осындай теорияны тұтасқандай түрде көрсету үшін ғылыми-
танымның диалектико-логикалық принциптердің мүмкіндіктерін айқындау 
қажеттігі айтылады /2/.
Сонымен Қазақстандағы философиялық мектебі гуманитарлық ғылымдар 
саласында маңыздылығы бар қайшылық, нақтылық, белсенділік сияқты 
көптеген ұғымдарға философиялық пайымдаулар жасалынып, көптеген ең-
бектер әлемдік ғылыми әдебиеттер тізіміне қосылды /3/.
Категориялардың табиғатын ашу арқылы теориялық ойлаудың негізгі 
формалары мен прициптері философиялық зерттеулердің объектісіне айналды. 


397 
Әсіресе, субъект пен объект, себептілік, субстанция, күмәндану, даралық пен 
жалпылық және т.б. категориялар талдаудан өткізілді. Даму принципі әр түрлі 
жаратылыстану ғылымдарымен байланыстырыла отырылып зерделенді. Атап 
айтқанда астрономия ілімінің мәліметтеріне сүйене отырып, жан-жақты 
философиялық сипаттама берілген еңбектер пайда бола бастады. Бұл басқа да 
нақты ғылыми зерттеулерге методологиялық бағдар бола бастады /4/. Мәселен, 
философияның физикамен, геологиямен, географиямен және т.б. ғылымдармен 
байланысы жөнінде еңбектер туындайды. Осы қадамдар қазақстандық 
философиялық мектептің әлемдік деңгейдегі философиялық даму үрдістерімен 
қанаттас болуына мүмкіндіктер ашты /5/.
Бұрынғы Кеңес үкіметі Алматы қаласының философтарын жоғары дең-
гейдегі мамандар ретінде тани бастады. Міне, соның бір көрінісі – 1968 мен 
1977 жылдары. Алматы қаласында өткен диалектикалық логикадан 
Бүкілодақтық симпозиум болып табылады. Оған Москва, Ленинград, Киев, 
Ташкент және т.б. ірі қалалардан жетекші рольді атқарушы философтары 
жиналған болатын. Бұл симпозиумдар Қазақстан жерінде диалектиканың қыр-
сырын ашуға, оның теориясы мен тарихын зерттеуге үлкен түрткі болды. 
Мәселен, теорияның өзі тұтастықты қамтитын құбылыс екендігі, көптүрлілікті, 
бірлікке келтіру болатындығы жоғары деңгейде сараптаудан өткізілді. 
Тұлғаның белсенділігі негізінен осындай шығармашылық зерттеулер 
ауқымында жақсы байқала бастаған кезең еді. Ал идеологиялық бірегейлік елде 
тұтастанған күйде болатын. Категорияларды табиғаттың практикалық игерілген 
бейнесі ретінде қарастыру белең алды. Бұл философияда іс-әрекет 
(деятельностый подход) тұрғысынан зерттеулердің деңгейін көтеруі болатын. 
Оған «Ақиқаттың критерийі практикаң деген марксизмнің қағидасы негіз 
болған еді. Жалпы Ақиқатты іздеуде адамның іс-әрекетінің, іс-қимылының 
маңыздылығы көптеген зерттеулерде айтылады, оны тарихи процестің негізгі 
субъектісі деңгейіне дейін көтереді. Дегенмен, айта кететін жәйт, негізінен 
зерттеушілер тұлғаның еркіндігіндегі шектеулердің түпкі детерминанттарын 
қоғамдық ортадағы қайшылықтардан іздейді. Оның негізгі шешу жолдарын 
іздеудегі біркелкілік көптеген кәсіби философтарда басымдық танытты. Бұл 
социалистік қоғамдық санаға да, теориялық зерттеулерге тән нәрсе болатын. 
Әрине, қоғамдағы жағдайлардың адам өмірі үшін, дүниетанымы үшін 
маңыздылығы зор екені белгілі. Дегенмен жеке тұлғаның объективті 
процестерге қатынасындағы үйлесімділік негізгі фактор болатындығы 
тұжырым нақты-тарихи қисынынан аса алмаған болатын.
Тарихи кезең атеистік дүниетанымды биікке көтерді, дінді «халық үшін 
апиынң деңгейінде қабылданған шақ болатын. Сондықтан ғылыми-атеистік 
бағыттағы көптеген еңбектер пайда болды. Шын мәнінде адамзат тарихында 
осындай дәуірдің болуының да себептері бар болатын. Олар негізінен діни 
конфессиялардың өздерін тарих сахнасында екіжүзділікпен танытуына бай-
ланысты. Қайсы дін болса да соғысқа, зорлыққа, өзімшілдікке күресуге тиіс 
болатын. Бірақ шын мәнінде діни-наным сенім барынша девальвацияланып, 
саясаттың, күш патшалығының қол жаулығына айналды. Сөйтіп, адамдардың 
пендешілігінің көлеңкесіндегі қолайлы құралға ұқсап, оларды терең мағыналы 


398 
Ақиқатты іздеуден гөрі басқаларға қарсы қоюшы фактордың қызметін 
атқарады. Міне, осындай псевдоқұндылықтар жүйесін діни көзқарастан гөрі, 
одан тазалайтын, догматтарды жойып, жаңа таза діни сенімді орнатуға 
мүмкіндік ашатын атеистік кезең керек болатын. Ондай кезең болды да.
Дегенмен, қоғамдағы тұлғаның рухани әлемін зерттеуде көптеген ізде-
ністер болғаны аян. Әсіресе, бұл салада қызмет еткен философтар қоғамдағы 
мораль, адамгершілік мәселесіне үлкен назар аударды, ғылыми-техникалық 
даму мен бірге тұлғаның рухани дамуы маңызды екеніне көңіл бөлді /6/.
Социалистік қоғамның әлеуметтік әділеттілікті қалыптастырудағы әре-
кеттері көбінесе сыртқы құбылыстық деңгейдегі бірыңғайлау (унификация), 
механикалық жақындастыру, дүниетанымдық монизм тұрғысында болып келді. 
Яғни қоғамдық дамуды – материалистік тұрғыдан түсіндіру философияның 
негізгі айқындаушы бағдары болатын. Әрине, бұл мәселе философияның, 
жалпы гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының түбегейлі сұрағы 
болып қала бермек. Сондықтан адамның рухани дүниесін тұлғаның нағыз 
Ақиқатқа деген бетбұрысынсыз түсіндіруі қиын екенін өмір көрсетіп отыр. Бұл 
маңыздылығы жағынан жалпыадамзаттық мәселе.
ХХ ғасыр адамзат тарихында күрделі кезеңдердің бірі болып табылады. 
Аласапыранға толы өткен ғасыр талай жанның өміріне із-таңбасын тастап, 
ұлттар мен ұлыстардың өмірін сапырылыстырып жіберді. Мәселен, қазақ 
халқының үштен бірі өзінің тарихи отанының сыртында қалып қойды, немесе 
диаспоралық жағдайға түсті.


399 
Қазақстан сияқты елге тарихи кезең санаған ұлттың өкілдерін әкеліп, әр 
түрлі дін мен ділдің, тіл мен мәдениеттің тоқайласуына әкеліп мәжбүрледі. Бұл 
қоғамдық дамудың жаңа қисынын туындатып, бұрынғы дәстүрлі қатына-
стардың орнына жаңа әлеуметтік шындыққа сәйкес келетін, оны 
үйлесімдендіруге ықпал ететін теорияны қажет етті. Осындай өмір қа-
жеттілігіне сәйкес ХХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстан жерінде ұлт мәсе-
лесімен, әлеуметтік өмір саласымен айналысқан, оның теориялық-методоло-
гиялық негіздерін жасаған ғалымдардың бір тобы болды. Мәселен, М.М. Су-
жиков, Н.Д. Жандилдин, Т.С. Сарсенбаев, М.С. Әженов сияқты және т.б. ма-
мандар болды /7/.
Әрбір тарихи кезеңнің әлеуметтік дүниеде атқаратын, кейінгі ұрпаққа 
қалдыратын рухани мұралары болады. Қазіргі Қазақстанның жағдайында 
еліміздің ортағасырлық территориясында дүниеге келіп, Шығыстың мұсыл-
мандық ойшылына айналған, әлемге аты әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби ілімін 
зерттеу кәсіби философия тұрғысынан жүргізілді. Оған үлес қосқан отанда-
старымыз А.Х. Қасымжанов, М.С. Бурабаев, С.К. Сатыбекова және т.б. /8/. Әл-
Фарабидің бірнеше еңбектері қазақ тілінде жарық көрді. Бұл жұмыс әрі қарай 
жалғасуда.
Тек қана Батыста ғана емес Шығыста да өзіндік терең философия болған-
дығын ХХ ғасырда еліміздің кәсіпқой философтары дәлелдей алды. Ал, қазіргі 
кезеңде бұл процестер әрі қарай өрбу үстінде. Оған тәуелсіз Қазақстан 
әлеуметтік кеңістігінде толық жағдайлар жасалынуда.
Қазақстанның қоғамдық және философиялық ой-пікірінің ежелгі заманнан 
қазіргі кезеңге дейінгі тарихы мен даму логикасын көрсетуді И.Б. Бейсембиев, 
Г.А. Сегізбаев, М.С. Орынбеков, Ғ. Есім, С.Н. Акатай, А. Касабек, Т. Ғабитов 
сияқты мамандар қолға алған болатын /9/.
Қазіргі кезеңде Қазақ даласының ойшылдары әлі де терең зерттеуді қажет 
ететінін белгілі. Бұл біздің рухани мәдениетіміздің, дүние туралы түсінігіміздің 
тұңғиықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Яғни халық өзін-өзі тани түсуі үшін 
және одан әрі қарай белгілі бір бағытта дамуы үшін тарих қойнауындағы 
рухани бастауларды, қайнар көздерді зерделелей түсетіні анық. Бұл жерде 
әлемдік философияның біртұтас дүние екендігін, қазақтық дүниетаным оның 
бір бөлігі екендігін ұмыта алмаймыз. Сондықтан Қазақстан кәсіби 
философияның алғашқы қадамдарын жасауға қатысқан жерлестеріміздің, оның 
ішінде академик Ж.М. Әбділдиннің қажырлы еңбегін тиісті деңгейде бағалаған 
жөн. 
Кезінде Канттың, Гегельдің философиясын жан-жақты талдап, қоғамда 
материалистік философия өзінің үстемдігін жасап тұрған кезеңнің өзінде 
идеалистік сипаттағы болса да нағыз даналықтың қадірін оқырманға, кәсіпқой 
философтарға жеткізуге тырысқан. Батыс пен Шығысты барынша жақындатуға 
ат салысқан Жабайхан Мүбәрәкұлы Қазақстандық кәсіби философияның 
көрнекті өкілі деп бағалауға болады. Оның өзіндік концепциясы елімізде 
ерекше философиялық мектептің қалыптасуына әсер етіп, шәкірттер 
тәрбиелеуге негіз болды. Олар Қазақстанның әр бұрышында қажырлы еңбек 
етуде.


400 
Сонымен кәсіби философияның елімізде қалыптасуының кейбір тұстары 
қысқаша осындай кейіпте болды. Дегенмен оған тереңірек баға беру қажет 
екені белгілі және бұл Қазақстанның әрі қарай өзінің мәдени салаларын да-
мытуға негіз болады, философияны өркендетуге арқау болады деген үміттеміз.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі 
өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен 
мәдениетті қайта жаңғыртуымен сипатталады. Бірнеше ғасыр бойы отар-
шылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен трансфир-
мацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету мемлекеттік деңгейде 
төмендегі міндеттерді жүктейді: 
- ең алдымен ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын түбегейлі құндылық-
тарды қайтару, яғни адамдарды рухани тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен 
дәстүрді қайта жаңғырту; 
- осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін то-
лығымен жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру, тарихи сананы 
қалыптастыру арқылы мәңгүттік жағдайдан арылу
- ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-ру-
хани мол мұрасын игеру. 
Кез-келген елдің немесе халықтың, әсіресе ол өтпелі қоғам болған жағдайда, 
оның болашақ өркениеттік дамуы сырттан енгізілген саяси техно-логиялар мен 
экономикалық реформалау әдістерінің көмегімен емес, ұлт болмысының терең 
рухани қыртыстарын қамтитын дүниетанымдық, тұрғыда шешіледі. Сондықтан 
ұлттың өткен тарихи мен дәстүрлі рухани-дүниета-нымдық тұғырларын 
қалпына келтіруде философия маңызды орын алады. 
Жекелеген ғылым салалары табиғат пен қоғамның нақты қырларын зер-
ттеумен айналысса, ал философияның пәндік аймағы адам мен әлемнің 
арақатынасын қамтиды. Осыған сәйкес ғылым ұлттықтың ауқымынан тыс 
жатса, ал философия өзінің бастауын мифологиядан, діннен алатындықтан 
әлемге деген қатынастың этникалық сипатымен, мәдени ерекшелігімен тығыз 
байланыста болады. Демек, әлемде қанша ұлттық жетілген мәдениеттер бар 
болса, сонша ұлттық философиялық жүйелердің болатындығы белгілі. Ал қазақ 
халқының кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани мол мұрасын ескерсек, қазақ 
философиясы туралы сөз қозғау орынды да әрі маңызды. 
Қазақ мәдениетінің өткені, оның терең рухани қыртыстары мен болмысы, 
бүгінгі мәдени ахуалдың қайшылықтары мен келешегі мәселелерін зерттеу 
өзінің көкейтестілігімен көзге түсіп, отандық философия ғылымына маңызды 
міндеттер жүктейді. Егер Батыста кәсіби формадағы университеттік философия 
үстемдік етсе, қазақтардың ұлттық дүниетанымы көркемдік және діни 
міндеттердің дәстүрлі түрлерінде басым болып келеді. Бұл мәселе қазіргі кезде 
еуроорталықтық ойлау тәсілінен арылған қазақ филосо-фиясының болашағы 
туралы мәселені күн тәртібіне қояды. Қазақтың төлтума мәдениетін қалпына 
келтіру, халықтың тарихын жан-жақты түсіну үшін де, оның дүниетанымдық 
негізі мен әдістемелік құралын қалыптастыру қажет. 
Жоғарыда айтылған ойларды қорытындылай келе қазақ философиясының 
қалыптасу кезеңі мен дамуы әрі қарай жалғасуда екенін ескерте аламыз. Сон-


401 
дықтан «Мәдени мұра» сияқты мемлекеттік бағдарламалар осы іске іргелі негіз 
боларын естен шығармаймыз. 
Әдебиеттер 
1. Абдильдин Ж.М. Проблема начала в теоретическом познании. Алма-Ата, 
1967; Науменко К.Л. Монизм как принцип диалектической логики. Алма-Ата, 
1968; Баканидзе М.И. Проблема субординации логических форм. Алма-Ата, 
1968. 
2. Абдильдин Ж.М., Нысанбаев А.Н. Диалектико-логические принципы по-
строения теории. Алма-Ата, 1973.
3. Принцип противоречия в современной науке. Алма-Ата, 1975; Роль прин-
ципа конкретности в современной науке. Алма-Ата, 1976; Абдильдин Ж.М., 
Балгимбаев А.С. Диалектика активности субъекта в научном познании. Алма-
Ата, 1978; Соотношение содержательного и формального в научном познании. 
Алма-Ата, 1978; Роль категории «идеяң в научном познании. Алма-Ата, 1979.
4. Абишев К.А., Акмамбетов Г.Г., Ротницкий 
В.И. Проблема субъекта и 
объекта в марксистской философии. Алма-Ата, 1975; Абишев К.А. Человек. 
Индивид. Личность. Алма-Ата, 1979; Соловьева Г.Г. О роли сомнения в 
познании. Алма-Ата, 1976, және Познать свое «яң. Алма-Ата, 1979 және т.б.
5. Рахматуллин К.Х. Звездный век человечества. Алма-Ата, 1974 и др. Ны-
санбаев А.Н., Шляхин Г.Г. Развитие познания и математика. Алма-Ата, 1971; 
Нысанбаев А. Математика и познание мира. (на каз.языке) және т.б. 
6. Сабитов М.С. Диалектика необходимости и случайности в квантовой ме-
ханике. Алма-Ата, 1974; Абдильдин Ж.М., Сабитов М.С. Диалектика и со-
временная наука. Алма-Ата, 1972; Материалистическая диалектика как мето-
дология современной физики. Алма-Ата, 1978; Мукитанов Н.К. Проблема 
целостности в физической географии. Алма-Ата, 1974 және Методологические 
проблемы теоретизации географии. Алма-Ата, 1979; Ивакин А.А. Становление 
конкретного историзма в геологии; Роль принципов диалектики в 
георгафическом развитии. Алматы, 1979.
7. Черняк В.А., Даутов Т., Ахмамбетов Г.Г., Нурланова К.Ш. Проблемы 
формирования коммунистического сознания личности. Алма-Ата, 1972; Черняк 
В.А. Формирование научно-материалистического атеистического миро-
воззрения. Социологические проблемы. Алма-Ата, 1969; Акмамбетов Г.Г. 
Проблемы нравственного развития личности. Алма-Ата, 1971; Шехтерман Е.И. 
Человек, религия, атеизм. Алма-Ата, 1974; Шулембаев К.Ш. Образ жизни. 
Религия. Атеизм. Алматы, 1983; и др.
8. Сужиков М.М. Социально-экономические проблемы национальной кон-
солидации. Алма-Ата, 1968 және Развитие и сближение советских наций. 
Проблемы управления. Алма-Ата, 1978; Межнациональные отношения в Ка-
захстане: теория и практика регулирования. Алматы, 1993; Джандильдин Н.Д. 
Природа национальной психологии. Алма-Ата, 1975; Сарсенбаев Т.С. 
Проблемы интернационального воспитания личности, Алматы, 1973; Киши-
беков Д.К. Переходные общественные отношения. Алматы, 1973.


402 
9. Касымжанов А.Х., Гафуров Б.Г. Аль-Фараби в истории культуры. М., 
1975; Сатыбекова С.К. Гуманизм Аль-Фараби. Алма-Ата, 1975; Философские 
трактаты. Алма-Ата, 1970; Математические трактаты, Алма-Ата, 1972; Соци-
ально-этические трактаты: Алма-Ата; 1973; Логические трактаты. Алма-Ата, 
1975.
10. Бейсембиев К.Б. Мировоззрение Абая Кунанбаева. Алма-Ата, 1956 және 
Идейно-политические течения в Казахстане конца ХІХ-начала ХХ век. Алма-
Ата, 1961; Сегизбаев О.А. Мировоззрение Чокана Валиханова. Алма-Ата, 1970; 
Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы, 1991; Есім Ғ. Хакім 
Абай. Алматы, 1994; Касабек А., Касабек Б. Искание истины. Алматы, 1998; 
Акатаев С.Н. Мировоззренческий синкретизм казахов. Алматы, 1993.


403 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет