Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


 3. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси-



Pdf көрінісі
бет47/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57
annotation23044

6. 3. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси- 
философиялық идеялары. Мұстафа Шоқай – тәуелсіздік жаршысы 
 
Ұлт тарихы ұлы тұлғаларсыз, ойшылдарсыз көзге елестету мүмкін емес. 
Себебі ықылым заманнан бері ықпалына ерген халқын өрге сүйреп, өркениет 
жолымен алға бастаған да, сенімді ақтамай орға жығып, азап пен қайғыға 
душар еткен де жеке тұлғалар болған. Бүгін біз олардың бірінің іс-әрекетін 
құрметпен еске алсақ, екіншісіне өкінішпен бас шайқаймыз. Ал, әңгіме фило-
софия, мәдениет, ғылым мен өнер жайына ауысқанда жеке адамдарды, тұлға-
ларды ауызға алмау мүлде мүмкін емес. Кез келген философиялық және ғы-
лыми еңбек, мәдениет пен өнер туындысы жеке адамның ғана көкірегінен 
қайнап шығып пайда болады. Соның кепілі Мұстафа Шоқай қалдырған бай 
рухани мұра. 
Еліміздің ұлттық кәсіби саяси элитасының көрнекті өкілі болып табылатын 
Мұстафа Шоқай туралы тарихи және ғылыми-теориялық зерттеулер басталды. 
Біз Кеңестік кезеңде «халық жауы» деп жала жабылып, бай мәдени мұрасын 
зерттеуге, тіпті атын атауға тиым салынған Шоқайды тәуелсіздікке қол 
жеткізгеннен кейін ғана ауызға ала бастадық. Содан бері өткен он жалдан астам 
мерзім ішінде ол туралы беймәлім шындықтарды толық жарыққа шығардық 
деп айта алмаймыз. Өйткені Шоқай ұлы тарихи тұлға, ұлы ойшыл-демократ. 
Оның бай мұрасы бір ғана Қазақстанда ғана емес, Өзбекстан, Түрікменстан, 
Ресей, Грузия, Әзербайжан секілді көршілес елдермен қатар Франция
Германия, Түркия, тіпті Америка Құрама Штаттарында шашылып жатыр. 
Оларды жинау мен жүйелеудің талай уақытты және қаржыны талап ететіні 
белгілі. Сонымен қатар сол рухани мұраны зерттеу үшін де сол елдер-дің 
тілдерін, атап айтқанда, француз, ағылшын, түрік, неміс тілдерін де жете білу 
қажет. Міне осы жағдайлар, шоқайтанудың әліге дейін неліктен әлеуметтік-
мәдени ортаға толықтай шықпай отырғанын аңғартса керек. Кейде осы 
күңгірттікті пайдаланып, Шоқайдың ұлттық тәуелсіздік жолындағы жүйелі 
күресіне күдіктене қараушылар да қылаң беріп жатады. Алдымызда іске асатын 
шаруалар баршылық. 
Түркиялық қандасымыз Абдуақап Қараның ұзақ жылдық «Түркістан жа-
лыны. Мұстафа Шоқайдың өмірі мен күресі» деген көлемді еңбегі Шоқай ту-
ралы бізге беймәлім көптеген шындықтардың бетін ашып отыр. 2002 жылы 
Стамбулда түрік тілінде жарық көрген бұл кітап, Шоқайдың сонау Петербур-
гтағы студенттік кезінен бастап өмірінің ақырына дейін еліне жасаған саналуан 
қоғамдық-саяси қызметтерін құнды деректер негізінде баяндаған (жақында 
қазақ тілінде жарық көрді). Шоқай туралды зерттеулердің алғашқысы болған 
бұл еңбекте Шоқайдың Қазақстанда «халық жауынан» халық батыры болып 
аталуына дейінгі қандай күрделі де қайшылықты процестің жүргенін де 
анықтаған. Тек қазақтың емес, бүкіл түркі әлемінің ұлы тұлғасы және ойшылы 
деп есептелген Шоқайды осылайша зерттеген кітапты Түркия жазушылар 
одағы 2002 жылы өмірбаян саласындағы бірінші жүлдеге лайықты деп тапқан. 
1987-1995 жылдары Германиядағы Мюнхен қаласында Азаттық радиосында 
жұмыс істеген Қара, қазақ пен түрік тіліне қоса, орыс, француз, неміс және 


362 
ағылшын тілдерін де меңгерген. Қазір Стамбулдағы Мимар Синан 
университетінде қазақ тарихы бойынша түрік студенттерге дәріс беріп жүрген 
доцент Қара мырза, радиода қызмет істеп жүріп, Еуропадағы Шоқай мұрасын 
жинаған. Париждегі Шығыс тілдері және мәдениеттері институтында сақтаулы 
Мұстафа Шоқай архивіндегі құжат-тармен танысқан. Шоқай және оның 
заманымен айналысқан көптеген ғалымдармен кездесіп пікірлескен. Олардың 
берген пайдалы кеңестерін басшылыққа ала білген. Ең маңыздысы Қараның 
докторлық диссертация ретінде жазған осы еңбегіне түрік ғалымы, профессор 
Гүлчин Чандорлыоғлы жетекшілік еткен. 
Абдуақап Қара Шоқайға зерттеу нысаны ретінде ғана қарамаған. Оның 
мұрасына шынайы жанашыр жинаушысы және насихаттаушысы да болған. 
Мәселен, ол Шоқайдың Париждегі Ножан ауданында тұрған үш үйін анық-
таған. Осы үйлердің қазіргі тұрғындары өздерінен 60-80 жыл бұрын сонда өмір 
сүрген Шоқайды білмейтіндіктерін байқатқан. Тіпті, аудан әкімшілігі кезінде 
сол жерде тарихи бір тұлғаның өмір сүргенінен бейхабар екен. Міне бұл жағдай 
Қара мырзаны қатты толғандырған. Бір елдің әлемге өркениетті ел ретінде 
танылуы оның ұлы тұлғаларының танылуынан басталатынын басшылыққа 
алған ол «сол үйлердің тұрғындарына және сол аудан халқына, онан кейін бүкіл 
Еуропа және әлем халқына Шоқайды таныстыру қажет» деп түйген. Сол үшін 
алдымен ол Парижде Шоқай тұрған үйдің қабырғасына «Бұл үйде қазақ 
халқының біртуар перзенті, мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай тұрған» деген 
тақта қою керек деп тұжырымға келген. Бұл ойын 2001 жылы Алматыға 
келгенде «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Саясат Бейісбаймен бөліскен. Ол 
сұхбат газеттің 2001 жылғы 9 қаңтардағы санында басылған. Осыдан біраз 
уақыт өткеннен кейін Қазақстан Үкімет делегациясы Ножанда Шоқай тұрған 
үйге ескерткіш тақта орнатқан («Егемен Қазақстан», 2001 жылғы 17 қазан). 
400 бет көлеміндегі кітап, негізінен, үш тараудан тұрады, Шоқайдың 
Отандағы, шетелдегі және баспасөздегі қызметі баяндалған. Шоқайдың отан-
дағы саяси іс-қимылдарын зерттеген бірінші тарауда оның отбасы және бала-
лық шағы, университет кезеңі, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, Ресей 
Мемлекеттік думасы, ақпан төңкерісі, Қоқан автономиясы, Қоқан автономиясы 
мен Алаш Орда үкіметтері арасындағы байланыстар және шетелге бару сияқты 
оқиғалар орын алған. Екінші тарау еңбектің ең құнды бөлігі. Өйткені онда 
Шоқайдың бізге көбірек беймәлім шетелдердей іс-қимылдары қамтылған. 
Мұнда Париждегі алғашқы күндер және орыс демократтарымен байланыстар, 
Түркістан ұлттық одағы, Прометей одағы, Түркістан легионы, Шоқай уланып 
өлді ме? және «халық жауынан» халық батырына дейін көтерілу сияқты 
мәселелер зерттелген. Бұл тарау толығымен шетелде шашырап жатқан Шоқай 
туралы деректерге негізделген. Онда өте қызықты және маңызды мәліметтерді 
кездестіреміз. Ал үшінші соңғы тарау Шоқайдың баспасөз саласында атқарған 
қызметтері мен шығарған кітап-журналдарының мазмұнын таныстыруға 
арналған. Оның «Бірлік туы», «Жас Түркістан» және тағы басқа журналдары 
мен «Орта Азия Кеңестер билігінде» атты кітабының французша және орысша 
басылымдары, «1917 жыл үзінділерінен естеліктер» кітабы жан-жақты 
таныстырылады. Кітаптың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі 


363 
көрсетілген. Мұнда әлемнің түрлі елдеріндегі Шоқай туралы көптеген 
деректерге орын берілген. Бұл жерде сонымен қатар, Шоқайдың 700-ден астам 
мақаласы көрсетілген. Бұл тұңғыш рет жасалған Шоқай туралы еңбектердің 
көлемді библиографиялық көр-сеткіші болып табылады. Оның ағылшын, 
француз, түрік, неміс, орыс тілдерінде түрлі журнал-газеттерде шыққан 
мақалалары анықталған. Әрине бұл жерде Шоқай мақалаларының барлығы 
дерлік көрсетілді деп айту қиын. Мәселен, Ташкентте шыққан «Бірлік туы», 
Тбилисиде шыққан «На Рубеже», «Шафак» газеттеріндегі мақалалары 
қамтылған. Қара мырзаның пікірі бойынша, Шоқай мақалаларының жалпы 
саны мыңнан да асуы мүмкін. Олар уақыт өте шоқайтану туралы зерттеулер 
жалғасқан сайын анықталары даусыз. Мұншама көп мақаланың өзі Шоқайдың 
қаншама еңбекқор екенін аңғартса керек. 
Мұстафа Шоқай – қазақтың кәсіби саяси элитасының көрнекті өкілі. Бұған 
оның атасы Торғай Датқа мен көкесі Шоқай би және анасы Бақты сынды текті 
отбасылық ортада көрген ұлттық тәрбие негіз болған. Олар Мұстафаға ел мен 
отанға деген адалдық, отаншылдық, парасаттылық сезімді дарыта білген. 
Анасы Бақты араб тілін жетік білген білімді жан болған. Шоқай сонымен қатар 
студенттік жылдарынан бастап ол кездің белгілі саясаткерлері мен 
ғалымдарымен етене араласып, олардың бас қасында болып үлгі өнеге алуға 
мән берген. Ол осы орайда табысқа жетіп, олардың ілтипатына бөлене білді. 
Мәселен, Ташкентте гимназияда оқып жүрген кезінде, башқұрттың белгілі 
этнограф-ғалымы Әбубәкір Диваевқа жақын болды. Петербург университетіне 
оқуға түскенде, зеректігі және білімге құштарлығымен В.Радлов пен атақты 
лингвист Александр Самойловичтың назарына ілікті. Тіпті, В.Радлов оған тіл 
білімі ғалымы болуы жөнінде кеңес берді. Бірақ ол халқының құқы мен 
бостандығын белсенді қорғау барысында заңгер болу жолынан таймады. 
Шоқайдың мұндай мақсаты болмағанда, В.Радловтың берген кеңесіне еріп, 
ғалым болуы да әбден мүмкін болатын. Бұлардан басқа Шоқай Ресейдің 
Мемлекеттік думасындағы саясаткерлермен де кездесіп пікір алысып жүрді. Ол 
Ресей Мемлекеттік думасының Әли Мардан Топчыбашы, Мұхаммед Тевкелев, 
Әлихан Бөкейханов сияқты мұсылман қайраткерлерімен қатар Керенский, 
Милюков, Виктор Чернов сынды орыс саясаткерлерімен де байланыста болды. 
Осылардың ішінде Шоқай қазақ халқының әйгілі саясаткер ойшылы 
Бөкейхановқа етене жақын болған. Бөкейхановта Шоқайды қолдап, студенттік 
кезінде оны саясатқа баули бастады. Міне, бұл жағдайлар Шоқайдың саяси ой 
өрісін ашып, санасы мен дүниетанымын кеңейтті. Сонымен қатар оның ой 
еркіндігі мен батыр-лығы, адамгершілігі, имандылығы секілді моралдық 
жоғары қасиеттерге де ие болғанын байқаймыз. Бұл Шоқаймен үзеңгілес 
болғандар жиі тілге тиек ететін дерек. Мәселен, екінші дүниежүзілік соғыстың 
бастапқы кезіндегі бір оқиға мұны нақты көрсете алады. Германияның нацистік 
үкіметінің айдарынан жел есіп, көршілес елдерге қауіп төндіріп тұрған шақта, 
Париждегі ресейлік эмигранттар жан сауғалап АҚШ-қа қаша бастайды. Олар 
Шоқайды да бірге алып кетпек болады. Сонда Шоқай Парижден кетпейді. Ол 
өзін қиын қыстау кезеңде қабылдап баурына басқан Франция елінен ешқайда 
кетпейтінін, Францияны екінші отаны санайтынын, француз халқы қандай 


364 
қияншылықты бастан кешірсе де, соған төзетінін айтқан. Міне, бұл қазақ 
халқының өзіне жақсылық жасағанға көрсететін жақсылығы болатын асыл 
қасиеті. Ал жақсылық мәңгі, жақсының аты ешқашан өлмейді. 
Шоқайдың саясатта тәуелсіздік идеясына келуі оның ұзақ жылдық ащы 
тәжірибесінің нәтижесі. Ол бұл пікірді кездейсоқ қабылдап жар сала бастаған 
жоқ. Шоқай саясатқа ерте кезден араласты. Оны гимназия оқып жүрген кездің 
өзінде, атап айтқанда, 13-14 жастан саясатпен айналысқанын айтсақ, асыра 
дәріптегендік бола қоймас. Өйткені, Ресей патшалығы тұсында Түркістан 
өлкесінің басқару орталығы Ташкент болғаны мәлім. Шоқай гимназияда оқып 
жүрып, Түркістан сотына арыз-шағымдарын айтуға келген жерлестеріне 
жанашырлық танытып, олардың мәселелерін шешуге ат салысты. Петербургта 
заң факультетінде оқуға түскеннен кейін де бұл жұмысын жалғастырды. Ресей 
Мемлекеттік думасының мұсылман фракциясының жұмысына көмектесті. Ол 
кездегі Дума Түркістан өкілдеріне жабық еді. Дума сайлауларына Түркістан 
халқы қатыстырылмайтын. Міне, осы кемістікті Шоқай жоюға тырысып, 
Түркістан мәселелері туралы сұрақтар дайындап, мұсылман-депутаттар арқылы 
олардың мәселелерін шешуге ат салысты. 1916 жылғы көтеріліс кезінде 
Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің Түркістан халқын қыруға дейін 
барған 
өрескіл 
шараларын 
Думада 
талқылануы 
үшін 
Керенский 
басшылығындағы бір парла-менттік топтың Орталық Азияға сапар шегуіне, 
Бөкейхановтың кеңесі бойынша мұрындық болды. Ақпан төңкерісінен кейін 
Қоқан автономиясына басшылық жасады. Ол құлағаннан кейін Ресейде 
демократиялық басқару жүйесінің орнауы үшін белсенді жұмыс атқарған орыс 
демократтарымен біріге отырып, жұмыс істеді. Демократтар большевиктерден 
жеңіліске ұшырағаннан кейін шет елге кетуге мәжбүр болып, сонда жұмысын 
жалғастырды. Міне, осындай ұзақ та күрделі саяси күресте Шоқай ұлттық 
тәуелсіздік идеясына біртіндеп келді. Шоқай саясатты мүмкіншіліктерді дұрыс 
пайдалану тәсілі ретінде бағалап, мүмкіншіліктердің аясынан шығуды 
серуендеушілік деп білді. Сондықтан ол бастапқы кезде демократиялық 
Ресейдің бір бөлегі ретінде Қазақстанда ұлттық демократиялық басқару 
жүйесін орнатуды жақтады. Осы орайда автономияны жақтап, орыс 
демократтарымен бір сапта болды. Бұл бағытын шет елге шыққан алғашқы 
жылдарда да одан әрі жалғастырды. Бірақ басқару билігін толық қолына алған 
бөтен халықтың ешқашан бұратана халықтарға өздігінен демократия-лық 
құқықтарды бермейтінін байқады. Ұзақ жылдар бойы Шоқаймен демократия 
және азаттық үшін күрескен ресейлік демократтар Кеңес үкіметі өзінің 
өктемдік билігін күшейтіп, империялық мүддесі үшін саясат жүргізе 
бастағанын көргеннен кейін оған деген оппозициялық бағытын бәсеңдетті. 
Міне бұл жағдай Шоқайды бір халықтың шынайы демократиялық билігін саяси 
тәуелсіздік арқылы ғана іске асыра алатыны жөніндегі қорытындыға келуге 
жетеледі. Яғни тәуелсіздік демократияның алғышарты, онсыз бір халықтың 
өркениетті демократиялық ел болуы мүмкін емес. Ол тәуелсіз болмаған 
жағдайда мүддесі ескерілмей қала береді де, ешқашан демократиялық билікке 
қол жеткізе алмайды. Міне осы пікірге Шоқай 1926 жылы келді. Осы жылдан 
бастап Шоқай өз елінің тәуелсіздік жолындағы күрескері ретінде бой көрсетті. 


365 
Ол еліне тәуелсіздік беру идеясын қабылдамаған ешбір топқа да ұйымға да 
кірмеді. Тіпті, бұл бағыт оның өліміне де себеп болуы ықтимал. 
Ұлттық тәуелсіздік идеясы Мұстафа Шоқай шығармаларының өзегі болып 
табылады. Ол ХХ ғасырдың ұлы ойшылы және гуманисі, бұл оның «Яш 
Туркестан» және «Жаңа Түркістан» басылымдарындағы жұмыстарынан анық 
байқалады. Мұстафа Шоқай ресейлік және кеңестік отарлау саясатқа қарсы 
күш-жігерін аямай жүйелі күресті, әлемдік даму ауқымында Қазақстанның 
мәдениеті мен тәуелсіз мемлекеттілігін қайта жандандырудың бағыт-бағдарын 
негіздеп берді. 1929-1939 жылдарда ол «еркін және біртұтас Түркістан» 
идеясын жете зерттеді, Қазақстанның демократиялық даму жолының тарихи 
қажеттілігін негіздеді. 
Мұстафа Шоқай – ХХ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық демократиялық 
интеллигенциясының, әлеуметтік-саяси ойы мен саясаттану ғылымының, қа-
зақтың кәсіби саяси элитасының көрнекті өкілі. 
Мұстафа Шоқайдың ұлттық тәуелсіздік идеясы бүгінгі егемен Қазақстан 
өмірінде іске асып отыр. Қазақ халқының ұлттық тәуелсіздігінсіз Қазақстан 
Республикасының шынайы егеменділігі мүмкін емес. Қазақстан халқының 
өркениетті ел болуы қазақ ұлтының жан-жақты дамуына, оның өзінің ұлттық 
болмысы мен мәдениетінің төлтумалығын жаңа заманға бейімдеп сақтауына, 
ұлттық мемлекеттің орнықты дамуына тікелей байланысты. Бұл орайда жақсы 
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойымызға сіңіріп, 
қазақтығымызды сақтап, басқалармен бәсекеге түсе алатындай рухани-мәдени 
деңгейде болуымыз қажет. Әлемдік қауымдастық ауқымындағы ұлттық даму 
дегеніміз басқалармен мәдени өзара әсерге түсе отырып, ұлттық болмыс пен 
келбетімізді сақтау. Сонымен Мұстафа Шоқайдың ұлттық тәуелсіздік идеясы 
жаһандану заманындағы Қазақстанның өркениетті және демократиялық ел 
ретіндегі орнықты дамуын қажет етеді. ХХІ ғасыр Қазақстан Республикасының, 
бүкіл түркі әлемінің дамыған және гүлденген ғасыры болмақ. 
Сөйтіп, ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әле-
уметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. 
Кең мағынада алғанда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат 
құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ, шынайы демократия мен 
халықтың басым көпшілігінің рухани тұрғыдан осы демократиялық 
бостандықты пайдалана алатындай кемелденуінсіз мемлекеттің тәуелсіздігін 
баянды ету де мүмкін емес. 
Қазақстанның тәуелсіз ел болғанына 10 жылдан асса да, әлі де Шоқайдың өз 
халқына және Отанына деген адалдығына сенбеушілер табылыпта қалады. 
Шоқайдың қазақ халқының тәуелсіздігі жолында жүйелі түрде күрескеніне 
сенбеушілік, біздің халықтан тәуелсіздік мәнін түсініп, ол үшін жанын қиятын 
адамдар тоталитаризм заманында өз арамыздан шықпады деген пікірмен 
барабар. Бұл қазақ халқын қорлаушылық болып табылады. Өйткені шетелдік 
сарапшылардың кейбіреуі «Ортаазиялық халықтар ой-сана, өркениет жағынан 
артта қалған халықтар болып табылады. Тәуелсіздік сияқты қасиетті де 
өркениетті елдер ғана түсіне алатын жоғары ұғымды олар түсінбейді. Ал, Ор-
таазиялық халықтардың тамағы тоқ, көйлегі көк болса болды олар отарлық 


366 
бұғауда қалып жүре береді. Сондықтан Кеңес Одағы өз ішінен шаңырағы 
шайқалып опырылып ортасына түспеген жағдайда олар Мәскеудің қол астында 
мәңгілік жүре берер еді» деген ойда екені белгілі. Жоқ, бұл пікір түбірінен 
жалған. Ортаазиялық халықтар, олардың ішінде қазақтар ежелден еркін жүріп, 
еркін ойлап, тәуелсіз өмір кешкен данышпан халық. Олар тәуелсіздікті, ешкімге 
бағынышты болуды қаламағандықтан көшпелі ел болуды таңдады. Қазақ 
халқына қаншама мың жылдық тарихы бойында Ресей патшалығы мен Кеңес 
Одағы кезінде ғана бұғау салынды. Сол бұғаудан құтылу үшін қаншама ерлері 
мен ел басшылары бұлқынды, ұлт-азаттық көтерелістер болды. Олар жанын 
құрбан етті, олардың саны көп болды. Дегенмен, осы екі дәуірдің екі заңғар 
биігі бар: Ресей патшалығы тұсында Кенесары, ал Кеңес одағы заманында 
Мұстафа Шоқай. Осы биіктерімізді асқақтатып көтеру өркениеттіліктің белгісі. 
Қазір шоқайтану туралы зерттеулер жаңа сатыға көтерілуде. Ол туралы 
көптеген шындықтар-дың беті әлі де ашылмай жатыр, сонан болар ол туралы 
мифтер де баршылық. Бұл туралы отандық және шетелдік тарихшыларымыз 
бен ғалымдарымыз алда көптеген зерттеулер жасайтыны күмәнсіз. Міне, осы 
орайдағы алғашқы көлемді тарихи-дерекнемелік зерттеу түркиялық 
қандасымыз Абдуақап Қара мырзаның біз сөз етіп отырған еңбегі. Егер де 
Шоқайдың Отаны мен халқына деген адалдығына, тәуелсіздік жолында өзін 
құрбан еткеніне әлі күдіктенушілер бар болса, оларға Қара мырзаның еңбегін 
оқып шығуды ұсынамыз. Бұл кітап қазақ тіліне аударылды. Қол жазбасымен 
танысып шықтым, оны жақсылап редакциялаған жөн. Таяу арада ол Алматыда 
жарық көріп, оқырмандардың қолына тиер деген үміттеміз. Сонымен қайталап 
айтар болсақ, Шоқай халқымыздың тәуелсіздік жаршысы бола білген бірден-бір 
ұлы ойшыл және тұлға. Оның Берлиндегі бейітінің өзі еуропалықтарға ой 
салуда. «Сонау мыңдаған шақырым жат жердегі қазақ халқының ұлы зиялысы, 
ойшылы, саясаткері осында қалайша жерленген?» деген сұрақтың өзі үлкен 
тарихтың ақтарылуына түрткі болуы ықтимал. 
Сонымен қорыта айтар болсақ Мұстафа Шоқай Қазақстан мен Ортаазиялық 
халықтардың тәуелсіздігі мен демократиялық құқықтарын қорғауға 
жанқиярлықпен қызмет істеген мемлекет қайраткері. Ол осы орайда «біртұтас 
Түркістан» идеясын көтерді. Мұстафа Шоқай туралы әлемнің түрлі елдеріндегі 
бар деректерді жинап, жүйелі зерттеулер жүргізу, оның шетелдердегі бай 
рухани мұрасына ие болу, оны өз халқымызбен қатар басқа әлем халықтарына 
таныстыру қажет. Шоқайтанудың тарихи, саяси, әлеуметтік, мәдени, 
философиялық, филологиялық, социологиялық қырларын тереңірек және 
кешенді зерттеу ауадай қажет. 
Мұстафа Шоқай – ұлттық тәуелсіздікті ту етіп көтерген ХХ ғасырдың ұлы 
ойшылы. Проф. М. Қойгельдиев айтқандай, оның отыз томдық шығармала-
рының факсимильдік басылымын даярлап, жарыққа шығару, сөйтіп, оны ғы-
лыми айналымға қосу «Мәдени мұра» ортамерзімдік мемлекеттік бағдарлама 
аясында іске аспақ шаруа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет