Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының



Pdf көрінісі
бет49/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
annotation23044

 
 
6. 5. Мұхтар Әуезов дүниетанымы 
Қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен 
өшпес із қалдырған тұлғалар бар. Қазақ халқының дүниежүзіне аты мәшһүр 
ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет және қоғам қайраткері, Ле-
ниндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, дүниежүзі әдебиетінің 
классигі, жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі 
Мұхтар Әуезовтің азаматтық, адамгершілік және шығармашылық тағдыры 
үстіміздегі ғасырда қазақ елінде қандай күрделі өзгерістер болғанын 
түсінуімізге көмектеседі. Оның өмір жолына зер салғанда біз жалпы өткен 
уақытқа көз жүгіртіп, бұрын байқалмаған қажетті жәйттерді тереңірек көруге 
мүмкіндік аламыз. Мұндай тағдыр халықтың зердесіне нұр құйып, әділеттілік 
сезімін, ұлттың өзіндік санасын ұштайды. 
Мұхтар Әуезов - рухани жаңару мен өрлеу ауқымындағы тұлға. Мұндай 
алып тұлғалар қоғамның рухани өмірінің көптеген салаларында жарқырап 
жарық жұлдыз кейпінде көрінеді. Олар тұтас алғанда бүкіләлемдік мәдениетке 
күшті ықпал жасайды. Қайта өрлеу дәуірінің биік міндеттері оларды әрі қоғам 
қайраткері, әрі жазушысы, әрі ғалымы, әрі ұстазы болуға ұмтылдырады. М. 
Әуезов - тұңғыш кәсіпқой драматург, театрдың тұңғыш режиссері, әрі 
ұйымдастырушысы, ал тұңғыш журналистер мен прозашылардың санында, 
тұңғыш әдебиеттанушы, абайтанушы, республика Ғылым Академиясының 
толық мүшесі болған тұңғыш жазушы. 
Бір сөзбен айтқанда, оның шығармашылық кызметінің барлық қырлары 
туралы егжей-тегжейлі айту қиын. Сондықтан тақырыпта белгіленген бағытта 
ғана ой өрбітпекпіз. 
Қазан төңкерісі тұсында М.О. Әуезов 20 жаста болатын. Оның қоғамдық 
қызметі мен мәдени-әдеби шығармашылығы, ғылымға ден қоюы патша өкіметі 
құлап, еліміздегі сан алуан өзгерістер қолдау мен қарсылыққа бірдей ұшырап, 
теориялық та, практикалық та істер жедел ұғылып кете қоймаған аласапыран 


377 
заманға, қиын-қыстау кезеңге тап келді. Жазушының саяси-әлеуметтік 
көзқарасының, дүниетанымының қалыптасуына еліміздегі жаңа қоғам құру 
барысындағы идеологиялық күрес, қолдан жасалған тап тартысы, мәдениет пен 
өнер, философия мем әдебиет және тағы басқа салалардағы дау-айтыстар, 
сыңаржақ түсініктер әсер етпей қойған жоқ. 
Бұл, әсіресе, жазушының 20-30-шы жылдардағы шығармашылығына тікелей 
қатысты. Дегенмен, М.Әуезовтің осы жылдардағы шығармашылығының XX 
ғасыр басындағы Қазақстандағы мәдени-ағартушылық, саяси-әлеуметтік 
ойдың, қоғамдық сананың, білім, өнер дамуының тарихи жолдарын танып-
білуде зор мәні бар. Сондай-ақ, бұл шығармалар - XX ғасырдың екінші 
жартысы мен XX ғасыр басындағы қазақ ойшылдарынан кейінгі дәуірдегі 
Қазақстандағы философиялық ойдың даму тарихын, қазақ философиясын 
зерттеушілер үшін де қажетті дүниелер. 
Академик Әлкей Марғұланның деректеріне қарағанда, Мұхтар Әуезовтің 
қауым алдында, әдебиет жүзінде көріне бастауы 1917 жылдан басталады. 
Әсіресе, оның атын көпшіліққе әйгілі еткен сол кездегі «Абай» журналы 
болған. Журнал ұйымдастырушысының бірі де, оның негізгі мақалаларын 
жазған да Әуезовтің өзі. 
Журналдың әр санында шыққан М.Әуезов мақалаларының «Ғылым», 
«Ғылым тілі», «Қазақ ішіндегі партия неден?», «Мәдениетке қай кәсіп жуық?», 
«Мәдениет және ұлт», «Оқу ісі», «Философия жайынан», «Жапония» т.б. болып 
аталуының өзі-ақ осы тұстағы жас Мұхтардың терең таным-талғамынан біраз 
мағлұмат беріп тұрғандай. 
М. Әуезовтің біздің көзімізге түскен ең бірінші шығармасы «Қазақтың 
өзгеше мінездері» атты мақаласы 1917 жылы Ташкентте шығатын «Алаш» 
газетінің 30 наурыздағы 16 санында жарияланған. Ал, келесі «Адамшылық 
негізі - әйел», «Қайсысын қолданамыз?» деген мақалалары осы жылдары Се-
мейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінің, 5 қыркүйек, 19 қазандағы санда-
рында басылған. Ол бұл мақалаларында үлкен әлеуметтік мәні бар, сол кездегі 
қоғам өмірінің, қазақ тұрмысының көкейтесті мәселелерін көтеріп, соларды 
ғылыми тұрғыдан шешуге талпынған. 
Айталық, «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақаласында автор халық 
тұрмысының өсу, даму жағдайларын қозғап, соған кесір келтіріп отырған, қазақ 
арасындағы «ұйымсыздық, күндестік, парақорлық, партия, әділетсіз билік, 
әйелдің жолы жіңішке» деген сияқты түрлі кемшіліктерді сынап сол 
кемшіліктерден құтылудың жолын іздестіреді, жұртшылықты соған шақырады. 
Мінез түзеу дегенді М. Әуезов нағыз прогрессивті жолмен түсінген. Алғашқы 
мақаласында оған арнайы түсінік бермегенмен келесілерінде: «Адам 
баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, оны өскен орта, көрген үлгі, 
өнеге билейді», — деп ашып айтады. «Адамшылық негізі - әйел» атты 
мақаласында да Әуезов осы мәселені әрі қарай жалғастырып, халық 
тұрмысының, яғни мінез-құлқының өзгермей, өспей отыруының нсгізгі бір 
себебі — қазақ арасындағы әйелге деген көзқарасқа тікелей байланысты деп 
біледі. Автор бұл мақалада әйелдің қоғам өмірінде атқарар рөлін ғылыми 
жолмен, психологиялық, педагогикалық, философиялық дәйектермен дәлелдей 


378 
келіп: «Адам болып қалғың келсе, тағлымыңды, бесігіңді түзе. Оны түзеймін 
десең, әйелдің халін түзе» деген қорытынды ойын айтады. 
Ал, «Қайсысын қолданамыз» және тақырыбы жағынан соның тікелей 
жалғасы болып саналатын «Ғылым тілі» сияқты мақалаларында М. Әуезов 
ғылыми терминология мәселесін сөз етеді. Халықты ағарту жолында, ғылымды 
тарату, дамыту үшін ғылыми терминнің бір қалыпқа, бір жүйеге түсуінің 
маңызы ете зор. Сол кездегі қазақ зиялыларының бір тобы Ресейдегі, не 
Қазақстанның өзіндегі орысша оқу орындарынан шықса, екінші бөлігі Қазан, 
Уфа қалаларындағы медреселерді бітірген. Міне, осы жайларды оқығандар 
арасындағы екі ұдай алалықтан туар зиянды салдарды аңғарған М. Әуезов 
ғылыми термин мәселесін дер кезінде көтеріп, көпшілік талқысына ұсынады, 
бұл бағыттағы өз ізденістері мен ғылыми негіздегі шешімдерін баяндайды. 
М. Әуезовтің «Қазақ ішіндегі партия неден?» (Бұл жерде партия деген сөз 
жік мағынасында - Ә.Н.) деген мақаласында ел ішіндегі алауыздылық, 
жікшілдік сияқты теріс әлеуметтік құбылыстың шығу төркініне жауап іздеу 
бар: «Әрбір халықтың өзгеден өзгеше халықтығында екі түрлі шарт бар. Оның 
бірі - сол халықтың кәсібі, екіншісі — жұрт тәртібі», — Дей келіп олардың 
қазақ даласындағы өзгеру, шығу тегінен хабардар етеді, осы жайлардың адам 
болмысы мен санасына, психологиялық қалпына, сол арқылы бүкіл көзқарасы 
мен салт-санасы қалай әсер егетіндіктеріне нақтырақ тоқталады, қоғамдық-
әлеуметтік мәні бар тұжырымдар жасайды. Сондықтан жоғарыдағы екі 
шарттың екеуі де басынан аяғына дейін әлеуметтік әділеттік тұрғысынан 
шешілуі керек. Өйткені, «Әділеттік жоқ жерде ұрлық, жала, зорлық көбейеді, 
көптің азға, күштінің әлсізге көз алартуы туады, бұлар ел ішіне жік салып, 
жұртты қоздырады. Бұған басшылардың жуандық құмар, жем құмар мінездері 
қосылады, оларды қоршаған жағымпаздар пайда болады, осыдан барып, екінші 
партия (жік) шықпасына ешкім кепілдік бере алмайды». 
М.Әуезовтің ойынша, осы жікшілдіққе қарсы қоятын үш түрлі құрал бар. 
Біріншіден, ел басындағы кісі әділ, оқыған, кез-келген істі тез бітіретін, жау-
апкершілігі зор адам болуы керек; екіншіден, кәсібі жоқ, жұмыссыз жүрген 
адамдарға жұмыс тауып беріп, оларды жалыныштылықтан құтқаруы керек; 
үшіншіден, жұмысшының еңбегі бағалы болсын, бұл оны еңбеққе ынталан-
дырады, жемісін көрсетеді. 
«Мәдениетке қай кәсіп жуық?» атты мақаласында ол «осы күнгі адам ба-
ласы тұтынып жүрген кәсіптерді», оттың ішінде «ертеден адам баласының 
ұзын-ырға тарихымен қол ұстасып келе жатқандарын» саралап өтеді. Мұнда 
М.Әуезов халықтың мінез-құлқына, сана-сезіміне, жалпы тұрмыс-халіне 
«сыртқы өмірдің ыңғайы, отырған жерінің табиғат жағдайы және тұтынған 
кәсібі әсер етеді» деген зор дүние-танымдық мәні бар пікірді ұсынады. 
М. Әуезовтің «Абай» журналында жариялаған, көлемі жағынан шағын, 
бірақ оқырманға қоғам өміріндегі ғылымның алатын орны туралы терең мағ-
лұмат беретін «Ғылым» атты мақаласының да орны ерекше. Бұл еңбегінде 
ғылымның дамуын адамзаттық даму жолдарымен диалектикалық байланыста 
алып қарап, ол жүйелі пікірлер айтады. Ол жалпы өмірдегі әлеуметтік саяси 
және рухани процестерді, соның ішінде ғылымды да материалдық өмірдің 


379 
өндіріс әдістері туғызатынын нақтылы ескерткен. Мақалада ағартушылық 
бағыт ұстанған жас Мұхтардың кейбір сыртқы тілегінен туған тұстары да бар. 
Бұл жердегі ескеретін бір жай — адамның тілек-талабынсыз, бағдар-
мақсатынсыз ғылым жолында өрге басу мүмкін емес екендігі. 
Әйтседе де, жас Мұхтар түгел субьективті позиция ұстаудан мүлде аулақ. 
Мұның дәлелі ретінде оның ауылшаруашылығы ғылымдарының дамуы мен 
пайда болуы туралы ойын келтіруге болады. Ол адам баласының өсіп-өну, 
соған байланысты жер байлығын игеру, тамақ өнімдерін шығару қажеттігі 
туралы айта келіп, «... ел бұған амал тапты. Мал бағу, егін салу секілді кәсіп 
шығарды, бірте-бірте осылармен айналысатын шаруа ғылымы көркейіп гүлдене 
бастады», — деп көрсетті. Бұл «... адамзат өзінің алдына әрқашан тек өзі шеше 
алатын міндеттерді ғана қояды, өйткені анықтап қарағанда әрқашан да 
міндеттің өзі тек оны шешуге қажетті жағдайлар болып отырған кезде ғана 
немесе, ең болмағанда, болып келе жаткан кезде ғана туатынына сай келеді. 
Адам баласын табиғат құпиясын меңгерумен қатар өздерін де зерттеу мен 
тану, мінез-құлық, адамгершілік, ақтық пен шыншылдық, алауыздық пен 
арамдық, жақсы мен жамандық қайдан деген сұрақтар да мазалаған. Осыларға 
жауап іздеген ойшыл: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, 
өскен орта, көрген үлгі, өнеге білетіндігінен және тузелу, бұзылу жас уақытта 
болатынын, көшпілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды тәрбиелеу 
қажет» екендігін айта келіп, «адамшылықты таза жүргізу үшін көп ой керек, 
ойлау үшін оқу керек және оқу әртараптан мағлұмат беріп хақиқатқа баланың 
көзін жеткізіп, көңілін жақсылықпен тәрбие қылу керек...» деп түйеді өз ойын. 
Сол заман тұрғысынан қарағанда жас Мұхтардың мәдениет мәселесі 
төңірегіндегі пікірлері де өте құнды. «Мәдениет деп адамның дүниеге алғаш 
келгеннен осы күнге шейін тапқан білімді, һәм сол білімге сүйеніп істеп отыр-
ған өнерін айтамыз», — деп жазды ол өзінің «Мәдениет және ұлт» деген 
енбегінде. Әрі қарай ұлттың гүлденіп дамуы, оның өсіп-өрбуі мәдениет ғылым 
дәрежесіне тікелей байланысты, өйткені, «ғылым мен мәдениет барлық 
дүниенің алтын алқасы болып отыр. Осы күнде мәдениет жерде, ауада, суда, 
аспанда ай-жұлдызды билейді». 
М.Әуезовтің түсінігінше, ұлттың даму, оның жалпы мәдени өркендеуі өскен 
ортаға, тұрмыс-тіршілігіне, ұстанған жолдарына тікелей байланысты және 
мемлекет ұстанған экономикалық, әлеуметтік саясат осы мәселелерді шешудің 
негізгі тұтқасы болып табылады. 
М. Әуезовтің «Абай» журналының екі санында (№ 4, 5) жарияланған, 
жұртшылыққа Жапониянын екі ғасырлық даму жолынан нақтылы тарихи 
мәліметтер беретін келесі бір мақаласы «Жапонияны» кең көлемде жазылған 
әлеуметтік бағыттағы очерк десе де болғандай. Мақалада сол кездегі Азиялық 
мемлекеттердің ішінде нарықтық дамудың біркелкі жоғары сатысынан орын 
алған Жапонияның, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани өсу 
жолдары тарихи тұрғыдан талданады. Оның кемшіліктерін ашық сынап, 
жетістігін үлгі етіп ұсынады. Мәселен, ол бұрынғы Жапон патшалықтарының 
батыл саяси өзгеріс жасаудағы жасқаншақтығын, жаңалықты тез қабылдауға 
деген енжарлық сияқты осал жақтарын сынай келіп, олардың жеме-жемге 


380 
келгенде «өз халқының жетілуіне зияндары тигенін, оны тежегенін» тілге тиек 
етеді. Айлалы, азулы жауға өзінің ұстап келген қаруларындай қару ұстап, өзінің 
сүйенген тәртібіндей тәртіпке сүйенбесе басқа ылаж болмайтынын да ескертеді. 
Жазушының пайымдауынша, елдің өркениетті жолмен ілгерілеуіне көптеген 
жағдайлар қажет. Жапонияның даму барысында әсер еткен нақтылы бағыттар: 
ұлттық намыс, патриотизм, басқа халықтарға ұлттық намысын жібермеу, елдің 
ішкі және сыртқы жағдайларын шеберлікпен үйлестіре білу, Конституция 
негізінде өзі сайлауы, әйелдердің әлеуметтік орны, сауданың өсуі, елдің кірісі 
мен шығысы, оқу жолына бөлінген қаражат, діннің таралуы, ғылым жәйі т.б. 
Осыларға байланысты сол тұста қыр қазағы үшін өте сирек және үлгі 
аларлық, қажетті жағдай болып көрінетін Жапонияның жоғарыда айтылған 
салаларды дамыту барысы туралы нақтылы деректер келтіреді. Біздің ойы-
мызша, бұрын сснды қогәмганушы галымпарымыз бен әдебиетшілеріміз на-
зарына ілінбеген бұл социологиялық очерк арнаулы зерттеуді қажет ететін 
сияқты. 
М. Әуезовтің жас шағындағы дүниетанымдық ізденістері мен шығарма-
шылығыгың құндылық бағыттарын анық көрсететін мақалаларының тағы бірі, 
өз тұсында терең ізденіспен жазылған «Философия жайынан» мақаласы. Ол 
ғылымдар тарауының түйіскен жері философия деп есептейді, оны терең ойдың 
ғылымы, адамның ақыл аумағын кеңейтетін, ақиқатқа жетуге жол көрсететін, 
адам санасы мен танымын дамытатын ғылым деп түсіндіреді. 
Жас Мұхтардың философия мен діннің арақатынасын ашуға талпынуы, 
әсіресе, дін ауқымының кеңдігін, оның ақылдан бұрын жүректі тәрбиелей-
тініне, мінездікке үйрететініне оқырман назарын аударуы танымдық тұрғыдан 
да құнды. Аталмыш жұмыста ол философияның мынандай бөліктері мен 
тарауларын қарастырады: геосеология, логика, психология, философия тарихы, 
метафизика, онтология, рационалдық теология, рационалдық космология, 
рационалдық психология деп бөледі. Әрі қарай философия тарихын: ескі және 
жаңа философияға бөліп, қазақ танымына ыңғайлап, Фалестен немістің 
классикалық философиясына дейін желі тарта отырып түсіндіреді. Өз мақа-
ласын «философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға 
ұстайтын шамшырақ» деп аяқтайды. 
Жалпы біздің ойымызша, М. Әуезовтің 1918-1930 жылдар аралығындағы 
басылымдарда жарық көріп, белгілі себептермен ұзақ уақыт бойы ғылыми 
айналымға түспей, сондықтан да көпшілік игілігіне толық айнала қоймаған 
мақалаларына алдағы уақытта арнаулы зерттеу жасау қазіргі уақыт талабы. 
М. Әуезовтің жоғарыда аталған мақалаларында айтылған ойлары, теория-
лық тұжырымдары мен идеялық ізденістері қазіргі қауым үшін қарапайым 
болып көрінуі әбден мүмкін. Алайда, тоталитарлық замандағы идеологиялық 
күрес, таптық тартыс жағдайында жарық көрген жас Мұхтар туындылары 
біздер үшін өте құнды мұра. Сондықтан мұхтартану ісі дүниетанымдық 
тұрғыдан алғанда да көңіл аударуға тұрарлық іс. 
М.Әуезов ең алдымен ғалым-жазушы, көркем ойдың, сол арқылы көркем 
идеяның алыбы. Бұл ой мен идея асқақ міндет, мұрат-мақсат ретінде оның 
бүкіл саналы өміріне, құлшыныс-құштарлығына қанат беріп, өзекті тақыры-


381 
бының арқауын анықтап берді. Ал Әуезов сынды ғұлама жазушы өзі үшін мұны 
бүкіл өмір жолының ең басында-ақ айқындап алған болатын. Ол — Абай 
тақырыбы. Жас Мұхтар Абай өлеңдерінің қолжазба жинақтарын оқып сауатын 
ашты, бала кезінен-ақ оның ақындық әлемінің құдіретті қуатын бойына сіңірді, 
сонан соң өзінің өлшеулі өмірін түгелдей ұстазының шығармашылығы мен 
мұрасын зерттеп, оны тануға, насихаттауға, басқаларға танытуға арнады. Бұл 
күндері Әуезовтің табандылығы болмаса оқырмандардың бүгінгі ұрпағы 
Абайдың, ол арқылы сол замандағы қазақ қоғамының даму динамикасын танып 
біле алмаған болар еді деуге біздің толық хақымыз бар. Ғұламаны тек ғұлама 
ғана түсінеді және таниды. 
Жоғарыда айтылған «Абай» журналында да ғылымның, саясат пен өнердің 
мейлінше әралуан тақырыптарына арналған мақалаларымен қатар Абай 
шығармашылығы туралы да жазылған мақалалары кездеседі. 1927 жылы 
Мұхтар Омарханұлы «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген монография шығарады, 
онда Абайға едәуір орын берілген. Бұл еңбек кезінде барынша танымал болды, 
жалпыұлттық бас ақын ретіндегі Абайға деген қоғамдық көзқарасты 
қалыптастырды. 
Бұрынғы Кеңес үкіметі тұсында орыс совет әдебиетінің 20-30-шы жыл-
дардағы даму кезеңі белгілі дәрежеде жақсы зерттелген. Осы кезде оларда түрлі 
әдеби бағыттар мен мектептер де өркен жайғаны белгілі. Бұл жылдарда ұлт 
республикалары да творчестволық жалынға толы болды. Біздің Қазақ 
Республикасы да солардың қатарында еді, мұнда да Ахмет Байтұрсынов, 
Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, тағы басқалар 
сияқты жарқын таланттар жарқырай көрініп, қайталанбас тұлғалар халқына 
қызмет етуді алдына ұлы мақсат тұтып еді. Әттеген-ақ, қазіргі қазақ зиялылары 
да өз халқына осындай қызмет жасаса нұр үстіне нұр болар еді. Әйтпесс, 
Мағжан Жұмабаев: 
«Азамат! Анау қазақ, қаным десең,
Жұмақтың суын апар, жаным десең.
Болмаса, Ібіліс бол да у алып бар,
Тоқтатам тұншықтырып зарын десең!..., - 
деп ашына жазып, Міржақып Дулатов: «Оян, қазақ!» деп жар салып, ал 
Ахмет Байтұрсынов ұлтын ояту үшін «Маса» болып шағар ма еді. 
Бірақ күні кешеге дейін еліміз тәуелсіздік пен егемендік алғанша біз олар 
жайында үзік-үзік мәліметтерге қарап қана бағамдай алғанбыз. Бұл күндері 
олар жайлы жүйелі деректерді жүрегін сыздап оқисың. 
Дәл осы жылдарда Абайдың бүкіл шығармашылығын, әсіресе, ұлттық 
философиясын «буржуазиялық қоқыс» деп тұрпайы-социологиялық тұрғыдан 
сынап жатты. Бірақ М.О. Әуезов Абай өмірін табандылықпен терең жырлай 
береді. Болашақ роман-эпопеяның алғашқы беттері Татьянаның Онегинге 
хатын аударуға арналған тарау дәл сол 1937 жылы жазылған еді. Алайда, 
осындай аумалы-төкпелі әлеуметтік кезеңде М. Әуезов алаңсыз творчестволық 
жұмыспен айналыса алмады. Тіпті, романға бірінші дәрежелі сталиндік 
сыйлықтың берілуі де сұмдық байбаламнан қорғай алмады. 1951 жылы ша-
буылдың жаңа толқыны басталып, М.Әуезов пен Қ.Сәтпаев Мәскеуге кетуге 


382 
мәжбүр болды. М.Әуезов онда МГУ-де СССР халықтарының әдебиетінен сабақ 
берді. Тек, 1954 жылы ғана отанына оралуға, алаңсыз шығармашылық жұмыс 
істеуге, өзінің ғаламат еңбегін аяқтауға тұңғыш рет мүмкіндік алды. Сөйтіп бұл 
еңбекке 1959 жылы Лениндік сыйлық берілді. Екі жылдан кейін Мұхтар 
Омарханұлы дүние салды. 
М.О.Әуезов тоталитаризмнін зардабынан айтайын дегенін айта алмай ар-
манда кетті. Бірақ ол миллиондаған адамдардың санасында қазақтың ұлттық 
энциклопедиясы саналған ұлы ақын Абайдың жарқын бейнесін қалдырды, оны 
бүкіл түп-тамырымен дәстүрлі халық мәдениетінің қалың қойнауына бойлаған 
алып тұлға ретінде бейнелей отырып, өз ұлтының сана-сезімін жаңа сатыға 
көтерді, қазақ әдебиетін дүниежүзілік мәдени процеске қоса отырып, бүкіл 
Шығыс халықтарының, соның ішінде түрік әлемінің көркем ойына үлкен әсер 
етті. Шыңғыс Айтматов роман туралы былай деген болатын: «Бұл роман бүкіл 
түркі тілдес халықтардың, оның ішінде өткендегі көшпелі халықтардың да 
адамзат мәдениетіне қосқан зор үлесі.» Абай эпопеясы — біздің көркемдік және 
әлеуметтік энциклопедиямыз. Бұл — біздің ортақ мандатымыз, біздің ұлан-
байтақ Евразия кеңістігіндегі бүкіл бастан кешкен заманымыз тура келген бүкіл 
тауқыметіміз үшін, өз қазынамыздың жүйесін, өзіміздің көркемдік және 
адамгершілік дүниемізді, өзіміздің ұлы поэтикалық сөзімізді жасап, қол жеткізе 
алған бүкіл игіліктеріміз үшін берілген есеп ... Әуезов бізді осы мағынада 
алғанда жалпы жұрт үшін маңызды көркемдік-тарихи ой-пікірдің дүниежүзілік 
деңгейіне көтерді. Дүниені көз алдына келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу 
үшін, адам рухының қадыр-қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін өз биігің 
— Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек. Біз өзіміз жайында Мұхтар 
Әуезов көтерілген биікте тұрып ой түйеміз және басқа халықтармен сол биік 
арқылы араласамыз». 
Ал біз шыққан осынау биік бұл күндер өткенге байсалды, мұқият зер сала 
қарауымызға, обьективті ауқымдағы оқиғалар мен алып тұлғаларды көте-
руімізге, оларды әсірелемей де, көмескілемей де көрсетуімізге мүмкіндік бе-
реді. 
Абайды көтергенде, халықтың сана-сезімін самғатқанда Мұхтар Әуезов 
дүние жүзінің көз алдыңда өсіп-өркендеудің ең жақсы, ең адамгершіл тәсілі 
арқылы өзін де шырқау шыңға шарықтатты. Өйткені, бұдан басқа қандай да 
болсын әдіс жеке тұлғалар мен халықтардың өмірлік тәжірибесінде өзінің 
өресіздігін дәлелдейді. Тек тізе қосып, бір-бірімізді қолдап, көтермелеген 
жағдайда ғана біз өзіміздің ұлттық биігімізге шыға алмақпыз. Ал адамның бүкіл 
әлеуметтік дүниемен диалектикалық өзара қатынасының осы формуласы 
Мұхтар Әуезовтің тағдырында мейлінше толық көрініс тапты, бұл тағдырдың 
жоғары типтік және бірегей сипатын айқындады. 
Қазақ жазушыларының ішінде М.Әуезов алғашқылардың бірі болып, ұлы 
Абай тұлғасы арқылы халқының өткен заманына, өміріне, тұрмыс-тіршілігіне 
— бір сөзбен айтқанда, ұлттық тарихына көз салды. Ғылыми-көркем, тарихи 
ізденістер нәтижесінде ол бізге халық өмірінің тұтас бір ғасырын қайта тірілтті, 
жеке адамдар тағдырының бүкіл дүниежүзілік тарихи тәжірибелермен 
сабақтасып жататынын ашты, жазушы эпопеясы арқасында Абай біздің өтпелі 


383 
заманымызбен тілдесті, біздің дәуірімізге қайта оралды. Сондықтан данышпан 
Абай қазіргі қазақ халқының рухани кеңесшісі. 
Жазушының «Абай жолы» эпопеясының рухани мәдениетімізді дамытудағы 
зор рөлі сол, ол Шәкерім қажы, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. 
Аймауытов, Х. Досмұхамбетовтерді айтпағанда, 50-ші жылдарға дейін С. 
Сейфуллинсіз, Б. Майлинсіз, І. Жансүгіровсіз өскен ұрпақтардың рухани 
дамуына аса ерекше әсер етті. Бұл жағдайда М.Әуезовтің «Абай жолы» 
эпопеясы тек жай көркем-тарихи шығарма емес, ұлтымыздың сан ғасырлық 
тұстарын көркем оймен кестелеген, өз тұсында ұлтымыз бен халқымыздың 
абыройын асқақтатқан даналық дастаны, дала тарихы мен философиясы 
болады. 
Шындығында да «Абай жолы» романы өзінің көркемдік-эстетикалық 
әсерімен де, мазмұнының терең философиялық және тарихи болуымен де 
бұрын-соңды көркем мәдениетімізде болмаған құбылыс. Халық менталитеті 
мен өмірін терең білуі жазушыға қазақ қоғамының рухани даму сатыларын 
шыншылдық тұрғыдан, диалектикалық ойлау жүйесі негізінде түсіндіруге 
мүмкіндік берді. Халықтың ен үздік өкілдерінің бірі — Абай бейнесі мен 
болмысы арқылы ол өзінің де әсемдік әлемі мен дүниетанымдық көзқарасын 
көрсетті. Ақын бейнесін сомдау барысында ол данышпан суреткер, ұлы ойшыл-
жазушы болып қалыптасты. Абай сынды данышпанды Мұхтар сияқты 
данышпан ғана танып, оны әлемдік мәдениет шеңберінде қарап, оның таңға-
жайып сыры мен құпиясын ашады. 
Қазақ әдебиетінің қол жеткен табысы, Қазақстан рухани мәдениетінің қа-
лыптасуы мен дамуы, өз тұсында өркендеп, гүлденуі М. Әуезов есімімен 
тікелей байланысты. Сол себепті, біздің ойымызша, жазушының көркем-әдеби, 
ғылыми шығармашылығын талдау тек Қазақстандық қоғамдық және 
философиялық ойдың даму тарихын білу үшін ғана емес, халықтар арасын 
жақындастыруға септігі тиетін, бүкіл осы заманғы Шығыс, соның ішінде түркі 
тектес халықтарының философиясы мен психологиясын түсіну үшін де қажет. 
Соңғы жылдарда халықтардың рухани мәдениетінің көне тарихына қы-
зығушылығы өскен сайын, М.О. Әуезовтің философиялық және ғылыми 
мұрасын зерттеу де ерекше маңызға не бола бастады. Бұл жерде де табиғи 
заңдылық бар. Өйткені, бүкіл адамзат өркениеті өтпелі кезеңдегі әр елдің ұлы 
ойшылдары мен зиялыларының санасымен ұғынылып, олардың шығарма-
шылықтарына қайта оралып, жаңаша ұмтылыс жасауы да заңды. 
Ал М.О. Әуезовтің теңдесі жоқ мұрасы, оның кезінде әлемдік әдебиетке 
қосқан іргелі үлесі — романдары мен повестері, драматургиясы мен әдебиет-
тану саласындағы шығармалары, абайтану мен публицистикасы бүгінгі таңда 
да көмескі тартқан жоқ. Бұл мұра — қазақ халқының мәдениетінде қалыптасқан 
бай ұлттық қазына. М.О. Әуезовтің есімі екі мәдениеттің — Шығыс пен Батыс 
келбетінің құрыш құймасын бейнелейді. Егер Абай қазақ халқының өткен 
замандағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы болса, бұл құдіретті 
бейнені романист қаламымен қайта тірілткен Мұхтар Әуезовтің өзі жаңа 
замандағы жаңарған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды. 
Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан қос жұлдыз сияқты ұлттың аса 


384 
көрнекті екі алып тұлғасының бұлайша ғажайып түрде тұтасып және тілдесіп 
кетуі — бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір 
ерекше құбылыс. 
М.О. Әуезовтің республикамыздың рухани мәдениетін жетілдіру мен да-
мытудағы орны тек Абайға байланысты ізденістермен, абайтанумен шектел-
мейді. Ол ұзақ жылдар бойы Қазақ мемлекеттік университетінде қазақ әдебиеті 
тарихынан студент жастарға лекция оқыды, студенттер мен аспиранттардың 
ғылыми жұмыстарына жетекшілік етті. Қазақстан Ғылым Академиясының 
академигі ретінде өмірінің ақырына дейін республика көлеміндегі әдебиеттану 
жұмысын жүйелеп, оған басшылық жасап, құнды кеңесін беріп жүрді. Оның 
тікелей жетекшілік етуімен, болмаса редколлегия мүшелерімен қазақ халқының 
рухани мәдениеті мен тарихын танытуға зор септігі тиген, бұл саладағы 
ғылымдарға қомақты үлес болып қосылған «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1958), 
«Қазақ совет әдебиеті тарихының очерктері» (1958) мен көптеген фольклорлық 
басылымдар жарық көрді. 
М.О. Әуезовтің қазақтың дүниетанымы мен рухани дүниесін дамытудағы 
орнын айтқанда, жазушы ғылымның қазақ әдебиетінің арна басы, халықтың ең 
қымбат тарихи ескерткіші деп бағаланған қазақ эпосы мен фольклоры туралы 
зерттеу еңбектерінің орны айрықша. Бір мақала көлемінде оны терең зерделеп 
жату
мүмкін болмағандықтан, біз осы бағыттағы ойымызды ғалым-
фольклоршының «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты еңбегіндегі 
ұлтымыздың рухани мәдениеті туралы толғанысымен шектейміз. «Бақыт іздеп, 
ғасырлар бойына сахараны шарлап, шарқ ұрған мұндар жолаушы қазақ халқы 
бізге архитектура мен скульптураның, сурет өнерінің ескерткіштерін қалдыра 
алмады, — деп жазады М.Әуезов. Бірақ, ол бізге ең асыл мұра — жыр мұрасын 
мирас етті. Жыршы халық, ақын халық есте жоқ ескі замандардан бастап 
дарыған ақындық даналығын қапысыз жұмсап, өзінің рухын ұмытылмас 
эпостық дастандарында, сан-сан әралуан тұрлі жырларында бейнеледі». 
Осындай рухани қазынаны М. Әуезовтің әлеуметтік-мәдени шеңберде қазбалай 
зерттеуінің де тегін еместігіне бұл үзінді дәлел боларлық. 
Халқымыздың рухани мәдениетінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес 
қосқан М. Әуезов қазақ өнері, театр, драматургия мәселелеріне ерекше ынта 
қойды. 
М.О. Әуезов қазақ жазушыларының білімдар ағасы және оның дамуына 
ынталы адам ретінде олардың шығармашылық ізденістері мен өсу жолдарын 
үнемі назардан тыс қалдырған жоқ, халқымыздың рухани уызының көрнекті де 
қолайлы, танымдық қабылдауға ыңғайлы саласы әдебиет дамуы туралы 
көптеген ғылыми, публицистикалық еңбектер жазды. Әрбір ұлт адамзаттық 
қазынаға өз үлесін қосады және одан өзіне қажетін алады. Әрбір халық өзінің 
рухани мәдениетін басқа халықтардан оқшау жасамайды, керісінше, оның өз 
рухани сұранысын қанағаттандыратын ең жақсы тұстарын қабылдайды, игереді 
және қорытады. Ұлттық рухани мәдениеті — ұзақ сақталып, тарих тылсымынан 
бізге жеткен оның рухани білім байлығы, рухани мұрасы ғана емес, белгілі бір 
ұлттардың рухани мазмұны да. Осы ұлттық рухани мұра мен мазмұн 
диалектикасын терең түсіне білген М.О.Әуезов бүкіл өмір бойы оны 


385 
байытудың жолдарын қарастырумен болды. Солардың бірі — тіл тазалығы, 
яғни тіл экологиясы мен аударма мәселесі. Жазушы өз рухани уызының дәмін 
татқысы келген әрбір саналы адам, ең алдымен өзінің ана тілін білуге міндетті 
деп түсінеді. Сондықтан да, «Өз тілін, әдебиетін білмеген адам толық мәнді 
интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса 
да, рухани тәрбиесінде сыңаржақ болады». 
М. Әуезов заманында да өзінің ұлттық тілін менсінбеген нигилистер, 
әсіресе, орыстанған белсенділер бой көрсете бастаған болатын. Міне, осындай 
келеңсіз құбылыстарды аяусыз сынап, өз ана тілін сол ұлттың әрбір азаматы 
білуі қажеттігінің зор мәні бар екендігін ашына да қатты айтқан «Ана тілі 
әдебиетін сүйіңдер» атты мақаласын жариялады. Осыдан 40 жыл бұрын 
күйзеліп айтылған ұлттың өсуіне жағымсыз жәйттер күні бүгінге дейін өзінің 
маңыздылығын жойған жоқ. Тек ел бостандығына қарай бағытталған бетбұ-
рыстар ғана көңілге медеу. 
Дүниежүзілік дәрежедегі өнер мен әдебиет туындылары қоғам дамуының 
үлкен бетбұрыстарына жауап ретінде, соған суреткердің қатысы ретінде туады. 
Ол болмыс пен сананы, қоғам мен рухани дүниені жоғары әлеуметтік парасат 
биігінен, мән мен тұтастық ұғымында бажайлап, ой елегінен өткізуді керек 
етеді. Мұндай кезеңдерде қайшылықты болмыс шындығын қарапайым, 
күнделікті формальды логикамен түсіндіру мүмкін емес, сондықтан өмірдің 
нақты іске асатын деңгейлерін түсіндіру, суреткердің әлеуметтік құбылысты, 
адамзат танымының даму кезеңдерін, өз танымының саналы сатысынан 
өткізетін, диалектикалық тұрғыдан терең ой мен толғанысты қажет етеді. М.О. 
Әуезовтің терең философиялық астары бар өмірі мен шығармашылығы бұл 
ойымызды дәлелдей түседі. Өйткені, жазушының үздік шығармашылық 
жетістіктерге жетуі, тек оны талантына ғана емес, осы биікке барар жолдағы 
бағыт-бағдарының философиялық жөні мен жолына да тікелей байланысты. 
Мұхтар Әуезовтің қоғам дамуындағы этникалық мәселелердің тарихи орны 
мен мәні туралы көзқарасы да қоғамтанушы ғалымдардың назарынан тыс 
қалып келе жатқан дүние. Тек соңғы жылдарда ғана кәсіпқой философтар бұл 
мәселеге көңіл бөле бастағаны сүйсінерлік іс. Осыған орай Әлтай Тайжановтың 
докторлық диссертациясын атауға болады. 
Жазушының көркем шығармаларын этномәдениеттік құндылықтар, ұлттық 
психология, ұлттық талғам мен таным, тәрбие туралы энциклопедия десек те 
артықтық етпейді. М. Әуезов мәдени мұраны ғылыми да, практикалық та 
маңызы бар мәселе деп түсініп, өз еңбектерінде ұлттық мәдениет пен тарих 
ескерткіштеріне зор мән беріп отырған. Себебі, әрбір ұлт өз мәдени та-
рихнамасының маңызды беттерін, өзінің мән-мағынасын құрайтын, көне та-
рихты жасайтын барша асыл қазыналарын бүгінгі күннің игілігіне айналдыру 
арқылы ғана қазіргі жасап жатқан рухани дүниелерінің сыр-сипатын кеңінен 
танытпақ. Бұл мәселенің осы жағына тоқтала келіп, М. Әуезов тарих қойнауына 
үңілсек, бүкіл адамзаттың прогрестік жолмен дамуына баға жетпес зор үлес 
қосқан, дүниежүзілік мәдениеттің негізін қалаған, Шығыс халықтарының 
мәдени дамуынсыз әлемдік өркениетті көзге елестетудің өзі мүмкін емес 
екендігі, ал қазақ халқының мәдениетін сан ғасырлық мәдени-тарихи даму 


386 
жолы бар Шығыс халықтарының мәдениетінен бөлек қарауға болмайтындығын 
ескертеді. Олай болса, қазақ халқы да өзінің сонау арғы дәуірлерден бермен 
қарай жасалып келген бай қазыналарын, мол мұрасын бүгінгі күннің 
әдебиетімен, өнерімен, мәдениетімен, әсемдік әлемімен, пәлсапалық ой кешу 
үрдісімен ұластырғанда ғана, өзге ұлыстармен және ұлттармен бірлесе отырып, 
жаңа заман мәдениетінде өзінің қолтаңбасын қалдыра алады. 
Жалпы республикамыздың білімін, мәдениетін көтеруде, қазақ әдебиетінің 
тарихын, қазақ жастарының әр буынына арнап оқулықтар мен оқу құралдарын, 
курс бағдарламаларын жазу ісінде еліміздің мәдениет қайраткерлерімен бірге 
М. Әуезов те көп еңбек сіңірді. Оның жиырмасыншы жылдардағы 
мақалаларының көпшілігі оқу-ағарту бағытындағы тақырыптарды қамтиды 
және бәрінің де негізгі түйіні қазіргі уақыттағы біздің халық мұқтажы оқу деген 
ойға саяды. Ағартушы-педагогтің сол тұстағы мақалаларының бәрінде де 
дерлік, бір-бірімен сабақтасып жатқан ағарту, білім беру, мәдениет, өнер, 
ғылым мәселелері сөз болады. Біз оларды түгел талдап жатуды мақсат етпейміз. 
Алайда, жазушынын педагогикалық еңбсктері және оқулықтары әлі де болса 
жете зерттелмей, әсіресе педагог ғалымдарымыз тарапынан бұларға тиісінше 
талдау жасалмай келеді. Ал, шындығына келсек, М.Әуезовтің «Әдебиет 
тарихы», «Жеткіншек», «Новый аул» оқулықтары мен «Қазақ шаруа жастар 
мектебіне арналған программа және түсінік хаты» сөз жоқ, тек Қазақстандағы 
педагогика саласын дамытуда ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамдық және 
жалпы гуманитарлық ғылымдар саласының дамуына қосылған қомақты үлес. 
Өйткені, ол кезде қазақ мектептері үшін оқулық жасау — мәдени де, саяси да 
мәні бар мемлекеттік іс еді. Қазақстан мәдениетінің, оның ішінде ғылымның 
жаңа ғана аяқ басып, тұсауын кесер-кеспес кезеңінде М. Әуезовтің әдебиеттен 
тұңғыш рет оқулықтар жазып, бағдарламалар құрастыру ісіне атсалысуы аса 
сүйсінерлік іс, қазақ мәдениетінің тарихындағы зор табыс, қоғамдық 
ғылымдардың даму қазынасына қосылған қомақты үлес екендігі ғалым-
ұстаздың көзі тірісінде-ақ айтылған болатын. 
М.О. Әуезовтің жалпы ағартушылық-педагогикалық идеяларының ішінде 
жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру мәселесі көрнекті орын алады. Ол ұлттық 
тәрбиені тұтас, үнемі дамуда болатын, күрделі және қайшылықты процесс 
есебінде көрсетеді. Көркем щығармаларына үлкен тәрбиелік мән тұрғысынан 
қараған ұлы жазушы өз творчествосында жеке, ерекше және жалпының, түр 
мен мазмұнның, мән мен құбылыстың, мүмкіндік пен шындықтың, қажеттілік 
пен 
кездейсоқтықтың 
диалектикасын 
терең 
пайдаланған. 
Өйткені, 
диалектиканың осы категорияларының бәрі де тәрбиеге, тәрбие процесіне 
тікелей қатысты. М.Әуезов шығармаларында, әсіресе, диалектиканың өлшем 
мен қатынас категориялары көп қолданылады, олар жазушы ой-қиялымен 
ұласып, нақты түрде өз шешімін табады. Ал, бұл категорияларсыз жалпы пе-
дагогикалық процесс, оның ішінде тәрбие туралы сөз болуы мүмкін емес. 
Ойымыз дәлелді болу үшін «Абай жолы» эпопеясының мынандай жеке та-
рауларына көз жүгіртелікші: олар «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», 
«Бел-белесте», «Өрде», «Қияда», «Кекжолында», «Өкініште», «Кақтышста», 


387 
«Қоршауда», «Тайғақта», «Еңісте», «Асуда», «Түн-түнекте», «Қапада», 
«Қастықта», «Шайқаста», «Жұтта», «Биікте», тағысын тағылар. 
Кітаптың әр тараулары ғасырлар тұңғиығынан, әдет-ғұрыптан, әлеуметтік 
тіршіліктен хабар беріп қана қоймайды, сонымен қатар, онда ұлылар жара-
стығы, ел санасы, әке мен бала үлкен мен кіші, ұрпақтар жалғастығы, сезім мен 
сенім бір-біріне түгел үндесіп тұрғандай. Жастар үшін шығармадағы тәлімдік 
мәні бар, аса көңіл бөлетін нәрсе Абай жолы мен Құнанбай жолы. Ақын жолы: 
өнер, шындық, білім, прогресс, болашақ, халық қамы, ел намысы үшін күрес 
жолы; Құнанбай жолы: мүмкіндігі таусылып бара жатқан ескі жол. 
М. Әуезовтің белгілі ұстаз С. Көбеевке, ірі оқымысты тіл маманы Қ. 
Жұбановқа, ұлы ғалым Қ.Сәтпаевқа, өнер шеберлері К. Байсейтова мен Қ. 
Қуанышбаевқа, жыр алыбы Жамбылға, дүлдүл ақын И. Байзақовқа, талантты 
ақын Ә. Тәжібаевқа, жалпы соғыстан кейінгі қылтиып көріне бастаған мәдениет 
пен өнер, ғылым мен жазушылық өнер саласындағы барлық қайраткерлерге 
арнап жазған, айтқан сөздері өз алдына бір сала. Бұл еңбектерінде ол жалпы 
республика мәдениет қайраткерлері мен ұстаздардың саяси-әлеуметтік, рухани 
имандылық бейнелерінің кіршіксіз таза, үлгі тұтарлық болуы керектігіне 
кеңінен тоқталады. 
Халықтар арасындағы достық пен бірлік жаршысы болған М.Әуезов кейінгі 
ұрпақтарға тәрбиелік мәні бар адамды сыйлау, белгілі тұлғаларды, ұлыларды 
ардақтауды мирасқа қалдырған ұлы ұстаз-жазушы. Ол осы ниетпен Ш. 
Руставели мен А.С. Пушкин, М. Горький мен А. Чехов туралы терең ойлы 
мақалалар жазып, олардың өмірлерінің үлгілі тұстарын көрсете білді. Достық 
туралы жастарға Ш. Уәлиханов пен Ф.М. Достоевскийді үлгі етсе, халықтың 
үні, ғасырлар үні есебінде Т.Г. Шевченко мен Жамбыл туралы мәніне жеткізе 
отырып, терең ой тастады. Осылардың бәрін жазушы ермек үшін емес, кейінгі 
жастарға үлгі үшін жазғаны ақиқат. Ұлағатты ұстаздың жеке басының өзі бір 
ұрпақты тәрбиелегенін кейін О. Сүлейменов, Ә. Әлімжанов, Ш. Айтматов және 
басқалар талай жазды да. 
М. Әуезов халықтар достығын, ұлтаралық қатынастарды тұрақтандыру үшін 
негізгі қазақ халқының мақсат-мүддссін қорғауға, онымен есептесуге, 
мүдделерін ұштастыруға шақырады. Осы жағдайды жастарға ескерте отырып, 
ол былай деп жазды: «Көп ұлттылық, көп тілде сөйлеу тарихи факті болып 
отырғанда, біздің орыс тілді студенттер мен студенткалар өздері күнделікті 
қатынас жасайтын ұлттың (қазақтың-Ә.Н.) тілін, онын мәдениетін білулері 
керек», - дейді. 
Бұл айтылғандар М. Әуезов тағылымы мен өнегесінің бір қыры ғана. 
Оларды қысқаша түйіндесек: өз халқыңды шын жүрегіңмен сүйе отырып, бүкіл 
адамзат мүддесін көздеу, адамзат болашағы жолында күресе отырып, өз 
халқыңның барша шығармашылық қуатын мейлінше жарқыратып ашуға күш 
салу, өтпеліге емес өміршеңге, тек бүгінге ғана емес, ертеңге де, тіпті 
мәңгілікке қызмет етуге ұмтылу. Бұл тағылым бізді өз дәуіріміздің өрелі әле-
уметтік-рухани ізденістерінің соңында қалмай, аршындап басында жүруге, өз 
талантыңды халықтың қайсар мақсаттарына жұмылдыруға шақырады. Қазіргі 
өтпелі кезеңде ұлттық мәдениет пен рухани мұраны халқымыздың қажетіне 


388 
жаратып, XXI ғасырға қарай қадам басқан салауатты қазақ халқының өркениет 
шыңына жетеріне күмән жоқ. Сондықтан мұхтартанудың теориялық және 
методологиялық мәселелерін тереңірек зерттеу бүкіл түркі әлемінің келелі 
міндеті. 
Әсіресе, Әуезов дүниетанымындағы адам мен қоғам мәселелерін зерттеу 
ауадай қажет-ақ. 
М. Әуезовтің ойлау тәсілі, әлеуметтік философиясы мен дүниетанымының 
қалыптасуының мәдени-тарихи алғышарттары, әдебиеттану мен философияның 
өзара байланысы, әдеби процестің динамикасын философиялық талдау, жалпы 
алғанда, оның ғасырлар тоғысындағы рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық 
ойының дамуындағы маңызы — терең зерттеуді қажет ететін ауқымды 
проблема. Оған философтар мен әдебиеттанушылар бірігіп зерттеу жұмысын 
жүргізгені жөн. 
Еуропа мен Азияны жалғап жатқан қазіргі кең байтақ қазақ даласы қай 
заманда да ғұламаларға кенде болмаған. Анахарсис пен Зороатуштра, Қорқыт 
пен әл-Фараби, Махмұт Қашғари мен Қожа Ахмет Иасауи, Асан Қайғы мен 
Бұхар жырау, Шоқан мен Абай сары даладағы ұланғайыр мәдениеттің ұлы 
көшінің сорабын аңғартатын, алыстан көзге ілінетін қадау-қадау алып шыңдар 
іспетті. 
Ерлік жыры мен болашақ ұрпақтарына айтар аманатын ата-бабалары сонау 
сегізінші ғасырда-ақ тасқа қашап жазып кеткен көшпелі халықтың сол дәстүрлі 
мәдениеті кейін бәлкім хат пен қағазға ден қоймаудың салдарынан жалпақ 
әлемге кең танылмаса, танылмаған да шығар. Бәлкім Еуразия құрлығының 
шығысынан батысына, батысынан шығысына сан дүркін жөнкілген 
жаугершілік заманда ат тұяғының астына тапталып көмілсе, көмілген де шығар. 
Бірақ жоғалып кеткен жоқ. Халқымыз дәстүрлі мәдениетінің мәйегін, өзіндік 
дүниетанымының дәнін асыл рухты перзенттерінің жәрдемімен ғасырдан 
ғасырға жалғады. Содан соң, баяғы Анахарсис пен Аттиланың, әл-Фараби мен 
Қорқыттың кай өлкеден келгені естен шығып, жер бетінде қазақ деген 
халықтың бар-жоғын енді ұмыта бастаған жиырмасыншы ғасырдағы жалпақ 
әлемге осыдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын осы қазынасын жарқ еткізіп 
қайта танытты. Танытқан — Мұхтар Әуезов, танылған — «Абай жолы» 
эпопеясы және абайтану ғылыми саласы еді. 
«Абай жолы» эпопеясы тек әдебиеттің ғана оқшау туындысы емес, бұл 
жиырмасьшшы ғасырдың ортасында әлемдік дүниетанымға, ақыл-ой қазына-
сына және ұлттық ойға жаңалық алып келген ерекше құбылыс болатын. Мұны 
ең алғаш байқаған, «Абай» романын «XIX ғасырдың екінші жартысындағы 
қазақ елінің өмір-тіршілігі мен болмыс-тұрмысын бар қырынан жан-жақты 
суреттейтін шын мәніндегі энциклопедия» деп бағалаған қазақтың тағы бір 
ғұлама перзенті, Ғылым Академиямыздың тұңғыш президенті академик Қаныш 
Имантайұлы Сәтпаев еді. 
Мұхтар Әуезовтің сүйікті шәкірттерінің бірі, біздің заманымыздың заңғар 
жазушысы және ғалымы Шыңғыс ағамыз роман туралы былай деген болатын: 
«Бұл роман - бүкіл түрік тілдес халықтардың, оның ішінде өткендегі көшпелі 
халықтардың да адамзат мәдениетіне қосқан зор үлесі. «Абай» эпопеясы — 


389 
біздің көркемдік және әлеуметтік энциклопедиямыз. Бұл — біздің ортақ 
мандатымыз, біздің ұлан-байтақ Еуразия кеңістігіндегі бүкіл бастан кешкен 
заманымыз тура келген бүкіл тауқыметіміз үшін, өз қазынамыздың жүйесін, 
өзіміздің көркемдік және адамгершілік дүниемізді, өзіміздің ұлы поэтикалық 
сезімімізді жасап, қол жеткізе алған бүкіл игіліктеріміз үшін берілген есеп... 
Әуезов бізді осы мағынада алғанда жалпы жұрт үшін маңызды көркемдік-
тарихи ой-пікірдің дүние жүзілік деңгейіне көтерді. Дүниені көз алдына келтіру 
үшін, басқалардың көзіне түсу үшін адам рухының қадір-қасиетін асқақтата 
көтеріп, жар салу үшін, өз биігің — Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу 
керек. Біз өзіміз жайында Мұхтар Әуезов көтерілген биікте тұрып ой түйеміз 
және басқа халықтармен сол биік арқылы араласамыз». 
Демек, «Абай» эпопеясы тек жиырмасыншы ғасырдағы әлемдік әдеби 
процестің ғана үздік жемісі емес, адамзаттың ақыл-ойының, рухани мәдени-
етінің кемелдену тарихындағы да елеулі оқиға екен. 
Біз, қоғамтанушылар, кез келген құбылысты белгілі бір қырынан қара-
стырамыз. Әдебиетшілер үшін Әуезовтің рухани мұрасын публицистика, драма, 
проза, мақала деп, жік-жікке бөліп алып, жеке-жеке зерттеу тиімді болса, тиімді 
шығар. Ал философтарға «Абай» эпопеясының әлгіндегі Қаныш Сәтпаев пен 
Шыңғыс Айтматов пікірлерінде тұжырымдалған өзгеше қырын - көшпелілер 
дүниетанымын күллі әлемге қалай танытқанын талдау үшін Мұхтар Әуезовтің 
бүкіл рухани мүрасын ой елегінен өткізіп шығуға тура келер еді. 
Иә, Әуезовтің рухани әлемі оның Ташкент қаласында шығатын «Алаш» 
газетінің бетінде 1917 жылдың 30 наурызында жарық көрген «Қазақтың өзгеше 
мінездері» атты тұңғыш мақаласынан бастап, 1961 жылдың маусымында 
ауруханада операция күтіп жатып, қаламдас інілеріне арнап жазған соңғы 
хаттарына дейін бір-бірінен бөліп-жіктеуге болмайтын біртұтас рухани дүние. 
Тек алғашқы мақалаларында даналық көрігінде ерте қайнаған албырт жас 
кеудесін кернеген ойды ірке алмай, халқына бағыттаған, елінің келешегін 
бағамдаған асыл ойларын ашық білдірсе, кейін осы ойларды жұртқа жеткізудің 
әміршіл-әкімшіл жүйенің қырағы көзіне шалынбайтындай ұтымды әдістерін 
шебер таба білген. Ал, нәтижесінде Әуезовтің сол ойлары біздің - қазақ 
зиялыларының, барша шығыс жұртының осы уақытқа дейінгі рухани 
дамуының темірқазығына, бүкіл ғылыми, пәлсапалық, әдеби-көркемдік 
ізденістеріміздің негізгі бағыттарына айналып келді. Осы пікірдің 
ақиқаттығына көз жеткізу үшін Әуезов мұрасына қайта бір көз жүгіртіп 
көрелікші. 
«Әр адамның туып-өскен елі, жасынан жаттап өскен ғадеті, нанымы, тұрмыс 
қалпы сол адамның ақыл, мінезіне із қалдырмай тұрмайды, — деп жазады 
Мұхтар Омарханұлы өзінің 1918 жылы жарық көрген «Өліп таусылу қауіпі» 
деген мақаласында, — Бұл қалдырған із көңілге кіріп, ерікті билеп, әр адамға 
өзінің елін сүйгізіп, елдігін іздетеді. Елдікке келген қауіпке оқыған, оқымаған 
бірдей күйініп қарсысына бірдей шығады. Елдігі аман қалуы үшін екінің бірі 
бейнетке, өлімге, я түрлі басқа қазаға шыдап кететінін тарих жүзінен көріп 
отырмыз». 


390 
Дана Мұхтардың жиырма бір жасында жазып, ғұмыр бойы бағдарлама 
сынды алдына ұстанып өткен бұл пікірі әлі күге дейін өз маңызын жойған жоқ. 
Мәселе не туралы?! Мәселе: әр халықтың «туып-өскен елі, жасынан жаттап 
өскен әдеті, тұрмыс қалпы» сол халықтың баршасына ортақ дүниетаным, ортақ 
менталитет қалыптастыратынында. Мәселе: осы дүниетанымның, осы мінез-
құлықтың ел басына күн туғанда шешуші факторға айналып, елдің елдігін 
сақтауға бірден-бір жәрдемін тигізетінінде. 
Қазақ қоғамтанушылары Мұхаң ұсынған осы тақырыпты тереңірек зер-
ттеуге талай рет талпыныс жасады, бірақ қос өкпеден қысқан саяси-идеоло-
гиялық құрсау ұзақ жылдар бойы бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының 
адымын аштырмағаны ақиқат. Тек соңғы жылдары ғана ұлтымыздың өзіне тән 
дәстүрлі дүннетанымын саралауды шындап қолға алған жайымыз бар. Бұл 
жұмыстың еліміздегі оқу-ағарту жүйесін де мүлде жаңа сатыға көтеріп, тың 
көкжиекке бастары анық. Халқымыздың ынтымағын жарастырып, мем-
лекетіміздің іргетасын нығайтатын, сүйтіп, егемен елімізді әлемдік өркениет 
айдынына алып шығатын ақ желкен де, тіпті түбінде осы бүкіл қазақстан-
дыктарға ортақ дүниетаным, ортақ менталитет болуға тиіс. 
Мұхтар Әуезовтің әлгі мақаласын әрі қарай оқып көрейікші. «... жеңіп алған 
жұртына жеңген жуан ел не істейді?.. Бұған ескіден келе жатқан даңғыл жол: 
жеңілген елді өз бетіндегі жұрттық қалпынан айырып, ән бойына сіңіріп, бөтен 
ниет ойлатпай, бөтен тілеу тілетпейді. Алдымен торыған елдің дінін қақпайға 
алады, бұдан соң ғұрып-әдетін араластырады. Артынан аламыштап жүріп, тілін 
жоғалтып, елдік белгісін күңгірттендіріп, ақырында бір ұлтты жұтып кете 
барады. Әрине, бұл айтылғаңдай болып жұтылып кететін қандай ел: мәдениеті 
төмен болған ғана ел. Бұлай болғанда, мәдениет жүзінде төмен болған елдің 
дүние жүзінен жоғалатын зор себебінің бірі осы». 
Міне, ғұлама Әуезовті ғұмыр бойы қорқыткан қатер осы. Бұл 300 жыл бойы 
отарлық езгіде болған, коммунистік идеологияның шырмауына түскен өз 
ұлтының, ана тілінің, төл мәдениетінің жер бетінен жойылып кетпеуіне қарсы 
жанталасқан жанкештілік болатын. Ал, жер бетінен жойылған кез келген ұлт, 
кез келген бірегей мәдениет жалпы адамзат өркениеті үшін орны толмас өкініш 
екені белгілі. Мұхтар Әуезов осы қатердің бетін қайырды, бойындағы табиғат 
берген бар таланты мен күш-жігерін жұмсай отырып, қазақ мәдениетін, барша 
көшпелі халықтар дүниетанымын әлемдік аренаға алып шықты. 
Ғылыми-көркем, тарихи ізденістер нәтижесінде ол бізге халық өмірінің 
тұтас бір ғасырын қайта тірілтті, жеке адамдар тағдырының бүкіл дүниежүзілік 
тарихи тәжірибелермен сабақтасып жататынын ашты, жазушы эпопеясы 
арқасында Абай біздің өтпелі заманымызбен тілдесті, біздің дәуірімізге қайта 
оралды. Сондықтан данышпан Абай — қазіргі қазақ халқының рухани 
кеңесшісі. М.О. Әуезовтің рухани мәдениетті жетілдіру мен дамытудағы орны 
тек Абайға байланысты ізденістермен, абайтанумен шектелмейді. 
Ол ұзақ жылдар бойы Қазақ мемлекеттік университетінде қазақ әдебиеті 
тарихынан студент жастарға лекция оқыды, студенттер мен аспиранттардың 
ғылыми жұмыстарына жетекшілік етті. Қазақстан Ғылым академиясының 
академигі ретінде өмірінің ақырына дейін Республика көлеміндегі әдебиеттану 


391 
жұмысын жүйелеп, оған басшылық жасап, құнды кеңесін беріп жүрді. Оның 
тікелей жетекшілік етуімен, болмаса редакция алқа мүшелігімен қазақ 
халқының рухани мәдениеті мен қоғамдық ой тарихын тануға зор септігі тиген, 
бұл саладағы қомақты үлес болып қосылған «Қазақ әдебиетінің тарихы», 
«Қазақ совет әдебиеті тарихынын очеркі» мен көптеген фольклорлық өнер, 
театр, драматургия, педагогика, психология, философия, т.б. салаларынан 
жарық көрді. 
Ұлттық рухани мұраны терең түсіне білген М.О. Әуезов бүкіл өмір бойы 
оны байытудын жолдарын қарастырумен болды. Солардың бірі — тіл таза-
лығы, яғнии тіл экологиясы. Жазушы өз рухани уызының дәмін татқысы келген 
әрбір саналы адам, ең алдымен өзінің ана тілін білуге міндетті деп түсінеді. 
Сондықтан да «өз тілін, әдебиетін білмеген адам, толық мәнді интеллигент емес 
деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой-
тәжірибесінде сыңаржақ болады» (19 т., 411 бет). 
Мұхтар Әуезовтің бұл ғылыми тұжырымынан аңғаруымыз: өз халқының төл 
мәдениеті, тілі арқылы ғана жалпы адамзаттық мәдениетке, өркениеттік рухына 
үлес қоса алады және одан өзіне қажетін таңдап ала алады. 
Рухани жақындық бүкіладамзаттық татулыққа жеткізетін төте жол екенін 
ғұлама Әуезов ерте білген. Сондықтан да ол алыстағы ағылшынның Шекспирі 
мен Американың Джек Лондонын қазақ топырағына алып келді, грузиннің 
Шота Руставелиі мен үндінің Тагорын асқан құрметпен асқақтата жазды, 
орыстың Толстойы мен Достосвскийін кейнгі ұрпақтарына үлгі етті. Ал, Низа-
ми мен Науаиден бастап, бүгінгі Шыңғыс Айтматовқа дейінгі түрік жұртының 
ұлыларына деген құрметі мен бауырластық сезімін бәріміз де білеміз. 
Өз ұлтының дәстүрлі дүниетанымы мен төл мәдениетінің адамзаттың 
өркениет дүрмегінде жойылып кетуіне жан-тәнімен қарсы болған Әуезов 
әлемдік әдебиет пен өнердегі әрбір жаңалыққа зер салып, елеулі табысқа жан-
тәнімен қуана да білген. Сөйтіп, елдегі рухани-адамгершілік қауіпсіздікке де 
баса көңіл аударған. Осы мәселе бүгінгі өтпелі кезеңде қажетті және келелі 
болып отыр. 
Табиғатынан зорлық пен әділетсіздікке жаны төзбейтін Әуезов өз ұлтын 
жақсы көру және жалпы адамзаттың төл мәдениетін жанын салып қорғау мен 
гуманизмнің арасында қарама-қарсылық жоқ деп білген. Керісінше, көзі 
тірісінде ғұлама ойшыл өзінің барша мұрасы арқылы шынайы гуманизмге, 
жалпыадамзаттық келісімге адам туған халқының мәдениетін жете игеру 
арқылы ғана жететінін дәлелдеп кетті. Халықтар достығы тақырыбы осының 
айғағы. 
Мұхтар Әуезов тек нигилизм мен көзқамандық ғана емес, әлеуметтік ен-
жарлықты да ұлттық және жалпыадамзат өркениетінің қас жауы деп білген. 
Оның бай рухани мұрасын игеру қазақтың қоғамдық және философиялық ойын 
одан әрі дамыту үшін қазір өте қажет. Бұл тұжырымымды дәлелдеу үшін 
Әуезовке, тағы да сөз берелік: 
«Шынында, қазақтың бұл күнгі қызметіне қатысты отырған азамат қазақ 
елін қай қызметімен қанағаттандырады? Қандай еңбек, қандай өнер, қай ісімен 
ризалайды? Мен мынаны істегенім жоқ па, мынандай үлгі пайдалы істі ортаңа 


392 
орнатқаным жоқ па? - деп, қай қызметінен елдік туады? Мен сол сауалдарға 
жауап таба алмаймын... 
...қазақтың қараңғыда жатқан қалың елінің бір тілегі соңынан қалмайды. Ол 
тілегі: елді мәдениетке жеткізіп ағарту, өнер-білім таратып, құралдандыру, 
дүниенің халін көруге көзін ашу, шаруасын туралап, ішінен жетілу. Міне, бұл 
тілектердін бәрі де азаматтың мойнына қарыз. Бұл тілеегің дүрыстығьш ешкім 
теріс дел айта алмайды. Егер бұл тілектерді теріс деп, біз бұл міндеттерді 
атқаруға міндетті емеспіз дейтін азамат болса, ол қазақ жұртының қызметкері 
емес. Ол елдің басшысы да, уәкілі де емес. Бұл міндеттерді қарызым еді деп, 
мойнына алмайтын азамат болса... жылы орында жайланып отырмақ болса, 
оған айтар сөз де жоқ. Ол құдайдың берген қонағы. Елдің кішкенс казанына 
ортақ болып, еріксіз кірген еркелері...
...Түбінде қазақ жұртының басынан әлденеше төңкеріс өтер, бірақ іс ба-
сында жүрген азаматтардың, сол замандардан белгі болып қалмауы ұят. 
Істейтін уақыт сөзбен өткізген қараңғы елдің алдындағы міндетімізді сөз деп 
ұққанымыз, одан басқа жауапқа орын да қалмайды». 
Қайталап айтам, бұл 24 жасар дана Мұхтардың 1921 жылы жарияланған 
мақаласынан үзінді. Содан бері 75 жыл өтсе де, өткірлігі мұқалмаған, «Еңлік-
Кебектегі» Нысан абыздың зәрлі үкімі тәрізді әлі күнге бүкіл зиялы қауымның 
төбесінен төніп тұратын ғұлама Әуезовтің үні. Шынында да, қазақ халқының 
басынан талай төңкеріс өтті, қазірде елімізде түбірінен жаңа демократиялық 
қоғам орнығуда. 
Әрбір сөзі жылдарды көктеп өтіп, үнемі санаңда жаңғырып тұратын Әуе-
зовтей ғұлама ойшылы бар халықтың қоғамдық ойы қалғитын ба еді, қалғыған 
жоқ. Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасының ешкімге жалтақтамай алғаш рет 
егемен елімізде тереңірек жаңаша танылып отырған бүгінгі күнімізде және 
алдағы уақытта төл қоғамдық ойымызда, әлемдік өркениетте тағы бір тың 
серпіліс болары хақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет