Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


Топонимикалық аңыздың екінші түріне



Pdf көрінісі
бет91/115
Дата29.04.2023
өлшемі2.48 Mb.
#473003
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115
Ой өріс

Топонимикалық аңыздың екінші түріне жер-су, мекен атын нақты 
бір тарихи фактіге қатысы жоқ, бірақ жалпы шындыққа саятын оқиға арқылы 
баяндайтын, сондай-ақ белгілібір жер-судың пайда болуын ешбір мифтік 
ұғымға байланыстырмай, бірақ қиялға негізделе әңгімелейтін шығармалар 
жатады [33]. Бұл аңыздардың мазмұны көбіне қайғылы болады, әңгіме 
кенеттен аяқталып, оқиға күрт үзіледі, ал кейіпкерлер бақытсыз жағдайға 
душар болады.
«Баяғыда Ақтөбе деген шаһарда Махмұт деген хан билік жасап 
тұрыпты, - дейді «Жорғабел» деген жер атына байланысты аңызда. Оның 
Жипар (Жұпар? – С.Қ.) атты әйелі болыпты. Бір күні әйелі күйеуіне 
назданып: «Маған құланның еркегі мен ұрғашысын ұстатып, сыйға тартшы!» 
- депті.
Махмұт хан құба жоннан бір еркек, бір ұрғашы екі құланды ұстатып, 
оларды жан-жағын қоршап, арнайылаған жерге жіберіп, әйелінің өтінішін 
орындапты. Бұл құландарды бір уәзір күтіп-бағатын болыпты, ал құландар 
қамауда жайылған жері «Құлан қорық» деп аталыпты.
Қамаудағы құландар төлденіп, олардың саны көбейіп, қорыққа сыймай, 
бір күні дуалды үш жерден бұзып, құба жонға қашып кетіпті. Қорықшы 
құлан үйірін тоқтата алмаған соң «Құландар қашып кетті, оларды ұстау 
мүмкін емес», - деп Махмұт ханға хабар береді. Хабарды естісімен Махмұт 
Байбаш (Байшұбар? –С.Қ.) деген жорғасына міне салып, бірнеше жігітпен 
құландардың артынан кетеді. 


181 
Бір кезеңнің үстінде құланға жетіп қалған Байбаш жорға болдырап 
құлайды да, зорығып өледі. Құландар сол бойда қашып кетеді. Ал, Махмұт 
ханның Байбаш жорғасы өлген кезең содан кейін «Жорғабел» атаныпты [34]. 
Бұл аңызда жердің аты шындыққа жақын оқиға арқылы түсіндіріледі. 
Тарихта дәл осындай факті болды ма, жоқ па – бегісіз, алайда аңызда 
әңгімеленетін Ақтөбе қаласының қираған қалдықтары сақталған. Оны кезінде 
В.А. Каллаур толық сипаттаған. Сол кісінің және А.Диваевтың айтуынша 
Ақтөбенің қалдықтары бұрынғы Сыр-Дария облысының Әулие-ата уезіне 
қарасты Дмитриевка деп аталатын село орналасқан жерге жақын «Құлансай» 
деп аталатын аңғарда жатыр. Қаланың қалдығы өте көлемді, шеңберінің 
аумағы 30 шақырымдай, ал тауға кіре беріс жағында «Құлан қамалған» деген 
бекініс бар. Бекіністің қабырғасы өте қалың болған [35]. 
Өткен ғасырдың аяғында жарияланған бұл аңызда сол кезде ел аузында 
сақталған, жер атаулары да берілген. Бұл да сол дәуір шындығының бір 
белгісі болса керек. Сонымен қатар аңызда баяндалатын құланға құмарлық 
бір кезде қазақ даласында әдетті іс болған. Ал, ескі Ақтөбе қаласы орта 
ғасырларда, яғни қазақ сахарасында жаппай құлан аулау тұсында гүлдеп 
тұрған [36]. 
Демек, «Жорғабел» кезеңінің бұлай аталу тарихын баяндайтын аңыз 
оқиғасы дәл сол қалпындағыдай өмірде болмаса да, сол орта ғасыр 
шындығына саяды. Бұл – аңыз жанрының басты қасиеті. Сонымен бірге бұл 
аңызда қайғылы сарын да бар, көркем қиял жоқ, мағлұматтық сипат басым. 
Ал, енді бірқатар аңызда қиял араласып, әңгіме мазмұны белгілі бір 
оқиғаға негізделмейді. Жалпы тарихи шындықпен байланысын үзбегенмен 
ондай шығармалар деректі фактіден алшақ жатады. Сол себепті мұнда ойдан 
шығарылған эпизодтар, қоспалар болады, әңгіме біршама көркемделеді, 
сөйтіп, ол әпсана мен хикаят жанрларының сипаттарына ие бола бастайды. 
Мысал ретінде «Көк Төбет», «Ертіс толқыны» деген аңыздарды атауға 
болады [37]. 
Түптеп келгенде, бұлар – аңыз бен әпсана аралығындағы шығармалар. 
Біраз көркемдік қасиетке ие болуының арқасында бұл шығармалар 
мағлұматтықтан гөрі эстетикалық функция атқаруға жақын. Мұндай аңыздар 
ел арасында көбінесе сейіл құрып, тамашалау үшін айтылады, сондықтан 
айтушылар әңгімесін мәнерлей баяндауға тырысады. 
Дәл осындай қасиетті қазақ арасында жиі айтылатын алуан түрлі қыран 
құс, жүйрік ат, алғыр тазы туралы аңыздардан көруге болады. Мазмұны 
жағынан үндес келгенмен мұндай шығармалар жанрлық тұрғыдан әр түрлі. 
Бұл топта мифке де, хикаяға да, аңызға да, тіпті әпсана мен хикаятқа да 
жататын шығармалар кезедседі [38]. 
Мәселен, әр түрлі аңдардың, құстардың пайда болуы мен олардың сырт 
пішініндегі, мінез-құлқындағы ерекшеліктерін бір себеппен түсіндіріп 
баяндайтын шығармаларды біз мифке жатқызамыз. Мұнда мифтік ұғым 
айқын сезіледі. Бұған үй жануарларының Шопан-ата, Жылқышы-ата, Ойсыл-
қара сияқты аталары жайындағы әңгімелер де кіреді, бірақ бұларда әпсана 
мен хикаяттың да белгілері кезедесді. Ал, енді алғыр тазы, қыран құс, жүйрік 


182 
ат жайындағы шығармалардың көбісі аңыз болып келеді, өйткені олар шын 
болған фактіге негізделеді, я болмаса солай деп қабылданады. 
Мұндай аңыздар, әдетте, баяндалып отырған оқиғаны немесе әңгіме 
арқауы болып отырған жануарды көзімен көрген кісінің ауызекі әңгімесінен 
пайда болады. Ондай әңгіме бірден-бірге айтылып, елден-елге таралғанда 
ғана, яғни әңгіменің оқиғасы тұрақты сюжетке айналып, көпшілікке тарап, ел 
қажет кезде айтып отыратын болғанда ғана аңызға айналады. Әңгіме 
алғашында таза хабарламалық сипатта ғана айтылса, аңыз мағлұматтықпен 
бірге ғибарттық, сейілдік мақсатта да айтылады. Сондықтан алғашқы жай 
әңгімеге қарағанда аңыз көркемдеу, қызықтау болады, бірақ ол ешбір 
кереметтік (чудо) араластырмайды. Егер кереметтік элементі кіріксе, ондай 
шығарма әпсанаға немесе хикаятқа айналады. Бұл – аңыздың өзінен гөрі 
басқа әлдеқайда көркем жанрға, яғни әпсанаға, хикаятқа, тіпті ертегіге де 
айналуының басты жолы.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет