Қазақ халқының санамақтарының әдістемелік идеялары Гульбаршын Санамақ


 Санамақтардың ауыз әдебиетімен байланысы



бет9/10
Дата02.01.2022
өлшемі100 Kb.
#452725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақ халқының санамақтарының әдістемелік идеялары.doc 5-топ

3Санамақтардың ауыз әдебиетімен байланысы

Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі санамақ. Санамақтарды халық негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортадағы дүниені тану мен қатар халқымыздың атадан қалған салт дәстүрін де санау арқылы үйренеді, әрі дүниені таниды. Баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Атау ұйқастырып санау арқылы бала санауды үйренеді, әр санға ұқсас заттарды танып біледі. Қолданып жүрген санамақтарымнан мысал келтірейін.


Саусақтарды саралап,
Кел санайық санамақ.
Бірім – бірлік, Алтым – асық,
Екім – елік, Жетім – желке,

Үшім – үскі, Сегізім – серке,


Төртім – түскі, Тоғызым – торқа,
Бесім – бесік, Оным – олжа,
Санамақты санадық
Енді сәл дем алалық.
Санамақтар әртүрлі мағынада болады. Осындай санамақтар арқылы балалардың тілі дамып, санау қабілеттері артады. Санамақтағы әрбір сөзді, атауды есінде сақтаса, олар білімді, жеті атасын білетін, болашағынан үміт күттірер азамат болып өседі деп ойлаймыз. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге қызығушылығын арттырады. Санамақтар балаларға ұлттық нақышта тәрбие жұмыстарын жүргізумен бірге оларды мектепке даярлайды.


Айдын

Бала тәрбиесіндегі санамақтар да үлкен орын алады. Санамақтар туралы Ә.Табылдиев былай дейді: «Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді».


Санамақтар баланы әдемі сөйлеуге дағдыландырса, жаттау қабілеттерін, танымдық ой-өрісін дамытады. Санамақ тәртібін бұзбай айту балаларды аңғарымпаздық қасиетке баулиды. Санамақ балалардан белсенділік пен алғырлықты талап ететін жанр.
Сен кір, сен шық, – дегенде бала санамақты тыңдап қана қоймай, оны қайталайды, сол арқылы сандарды таниды, жаңа бір ұғымдармен танысып, дүниетанымын кеңейтеді, есте сақтау қабілеті мен тілін жаттықтырады. Өйткені санамақ қарапайым сандар мен сөздердің жиынтығы ғана емес, ол – көркем сөзбен кестеленген тәрбиелік, тағылымдық мәні бар шағын поэтикалық шығарма. Санамақтар көп ретте реттік сандармен басталады.
Бір дегенім – бесік, Алты дегенім – ақыл,
Екі дегенім – есік, Жеті дегенім – жалау,
Үш дегенім – үміт, Сегіз дегенім – сұрау,

Төрт дегенім – мүлік, Тоғыз дегенім - талғам,


 Бес дегенім – батыр, Он дегенім – орман...


Он жасында талайлар,
Елге қорған болған! – дегенде
атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, оның үстіне санға аты ұйқасқан заттарды танып біледі. Екіншіден, саусақ ойыны баланы сан үйренуге ынтықтырады. 
Санамақтардың түпкі негізі осылай халықтық педагогикамен байланысып жатады. Санамақтардың да өзіндік туу заңдылықтары бар. Олар бала өмірінің қажетін өтеу үшін туады да, баланың әр кездегі жас мөлшеріне, психологиясына лайықталып айтылады. Жоғарыда алынған үзінділердегі санамақ бала санасына сіңіп, оның ұғымын, түсінігін де кеңейтеді. 
Санамақ жыры балаға сан үйретуден басталады. Мұнда сандар жеке айтылмай, кейде атауы ұқсас екінші бір затпен қосақталып, («Бір дегенім – білеу, Екі дегенім - егеу» деген сияқы), кейде сан тәуелдік және атау түрінде өзара тіркесіп «Бірім-бір, екім-екі, үшім-үш» түрінде қайталанды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет