Бір дегенің-білеу. Бір санының таңбасы, яғни бір цифрының кескінделуі білеуге ұқсайды. «Білеу-қайрақтас, қайрақ».
Екі дегенің- егеу. Қазақта ағаштан ыдыс-аяқ жасағанда оның ішін ұңғып оятын, ұшы қайқы құрал түрі болған. Демек, екі саны егеуге ұқсайтын пішінде таңбаланады.
Үш дегенің –үскі. Үскі –жергілікті тілде бұрғы, тескіш сөздерінің синонимі ретінде қолданылады. Үш санының таңбасы бұрғы тәріздес болатынын бірден байқауға болады.
Төрт дегенің-төсек. Төрт санының таңбасы қазақтың төсек ағашының пішініне ұқсайтыны көрініп тұр.
Бес дегенің –бесік. Біздіңше,бестің таңбалануы «бесік жамбыға» ұқсас екендігі меңзеліп тұрған сияқты. Бесік жамбы –бесік формасында құйылған күміс не алтын.Алты дегенің-асық. Алты санының таңбалануы «асық жамбы» пішіндес. Асық жамбы –үлкендігі қой асығы көлеміндей алтын немесе күміс.
Жеті дегенің желке. Бұл жерде жеті санының таңбалануы қазақ қолөнеріне қатысы бар желкелік сөзімен байланысты деп ойлаймыз. Желкелік –біріншіден жүгеннің екі жақтауының желкеде түйісетін ұшы;
Екіншіден киім жағасының астына қадалған ілгек(бау.
Достарыңызбен бөлісу: |