Қазақ халқының санамақтарының әдістемелік идеялары Гульбаршын Санамақ



бет7/10
Дата02.01.2022
өлшемі100 Kb.
#452725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақ халқының санамақтарының әдістемелік идеялары.doc 5-топ

Сегіз дегенің –серке. Сегіздің таңбалануын серкенің мүйізіне ұқсату болуы мүмкін. Бірақ жоғарыдағы заттардың бәрі дерлік қазақ қолөнеріне қатысты болғандықтан, біздің пікірімізше,бұл жерде серке емес, бастапқыда сірке сөзі қолданылған сияқты. Сірке – аяқ киімнің сірісіне салынатын түртік-түртік өрнек.

Тоғыз дегенің –торқа. Тоғыздың таңбалануы оралған матаның кескініне ұқсайды. Торқа – ең қымбат жібек мата.

Он дегенің –оймақ. Оймақ іс тіккенде саусаққа ине, жуалдыз батпау үшін пайдаланылатын темірден, жезден,күмістен жасалған құрал. Демек, он саны саусақ пен оның қасындағы оймақ пішіндес ноқат арқылы таңбаланады.

Біздің ойымызша, алтыға дейінгі сандарды қамтып келетін санамақтардың айтылу мақсаты да балаға алтыға дейінгі сандардың жазбаша нумерациясын игертумен байланысты сияқты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет