Өзін өзі тексеру сұрақтары:
1.Шал «Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам» деген пікірді кім айтқан?
2.Шал неше жасынан өлең шығарған?
3.Шалдың қазіргі кезде ұрпақтары бар ма, бар болса кімдер?
Әдебиеттер:
1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.
2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993
3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы
-Семей., 2009. «Интеллект».
4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991
5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971
6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»
7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984
8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993
9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961
10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991
Дәріс 15 Көтеш ақынның өмірі, шығармашылығы
Дәрістің мақсаты: Көтештің қолма қол өлеңдер шығаратын жүйрік ақын,әрі
таза қазақ түсінігіндегі ақын екендігін дәлелдеу.
Дәрістің жоспары:
1.Көтештің өмірінен мәлімет.
2. Бала кезінен ақын ретінде елге атының кең жайылуы.
3. Көтеш шығармашылығы туралы профессор Ысмайыловтың пікірі, бағасы.
4. Көтештің бізге жеткен өлендері туралы әңгіме аңыздар.
5. Көтештің өмірінің соңғы кезеңі туралы деректер.
6. Көтештің суырып-салма ақын екендігі.
7. Көтештің ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі алатын орыны.
8.Көтеш шығармларының жинақталуы.
Көтеш-18ғасырда өмір сүрген ақын. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып өскен. Арғы атасы-Тұрлыбек.Халық аңызы бойынша,ақын 1798 жылдары 80 жастан асқан кезінде өмірден озған екен.
Көтеш ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Әуелі елдегі айтыс дәстүрі бойынша танылып, арнау өлеңдер айтып жүрген.Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған.
Көтешті біз ақындар поэзиясының бастапқы өкілі, аты мәлім ақындық өнердің тұңғышы дейміз.Себебі,бұған дейінгі көркем сөз өкілдері не шешен, не жырау аталған және сол аттарына сай шығармалар қалтырған. Ал, Көтеш болса , нағыз ақпа ақындарға тән қасиеттерімен танылып, сол ақындар поэзиясы үлгісін ұстаған, қара өлең, қайым өлең жанр түрлерін байытқан.Ақынның бізге мәлім шығармалары бұл пікірлерімізді толық дәлелдей алады. Өзінің мазмұны жағынан әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелерді кеңінен көтеріп, әр түрлі лирикалық өлеңдерін шығарған.Ақындарша айтысып,арнау, ойнақы терме, сынай арнауларда айтып жүрген.
Қалмақтан қазақ жерін босату күресіне белсене араласқан әрі батыр, әрі ақын саналған ол Жасыбай, Олжабай батырлар бастаған Сүйіндіктердің қалың қолдарымен бірге жүріп, әрбір күрес нәтижелерін сөз еткен. Аталмыш батырлар туралы ұзақ жырларды толғап жүрген. Әсіресе, Жасыбайдың жау мергені оғынан қапыда қаза тапқаны ел қабырғасын қайыстырған шақта күңіренген қазақ қолымен бірге ақын Жасыбай батырдың қабірі алдында өлең шығарып айтып, жауынгерлердің намысын оятып, кек алуға үндеген. Осы тұста Олжабай атынан шығарған Көтеш сөзі деген өлең жолдары халық есінде сақталған.
Көтеш -өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Соның бірі ақынның «Жасыбай батырдың әйелін жұбатуы» -деген толғауы. Бұл толғауды бізге 1970 жылы Төкен Оразов табыс еткен болатын. «Жұбату» халықтық көңіл айту стиліндегі шығарма.
Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң – шерлерін де толғана жырлады. «Ақтабан шұбырынды » оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық қайғысына үн қосады. Ә. Жиреншиннің болжауынша, ел арасына кеңінен мәлім «Қаратаудың басынан көш келеді » өлеңін шығарған осы Көтеш.
Қазақ ССР Ғылым академиясының қолжазба қорында Көтеш айтқан осы «Қаратаудың басынан көш келеді » өлеңінің бір нұсқасы жатыр. Оны Көтеш құдаларына кәде ретінде айтыпты - мыс. Текстің ұзын – ырғасында айырмашылық көп емес. Кейбір өлең тармақтарының соңғы жағына бірер жол жаңадан қосылған:
Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Жақсы қыздың үйіне күйеу болсаң,
Табақ табақ алдыңа төс келеді...
Қалмаққа қарсы соғыс аяқталып, ішкі егестер қозған кезде Көтеш Абылай езгісіне қарсы күрескен ерлер жағында болып, сол ханға қарсы топтың сойылын соғып, Бөгенбай, Қазыбек, Олжабай бастаған топпен бірге Абылайдың зорлық – зомбылығын әшкерелеген. Ел арасындағы «Көтештің «Ер Олжабай », «Ботан » атты жырлары болушы еді. Ол жырларында ақын Абылай ханды қара ниет етіп көрсеткен... Хан қарақшыларынан ақын көп қуғын да көрді. Өле - өлгенше алдына мал салмай, кедейлік зардабын шегіп өтті. Ақыры елден кетіп, сол қарақшылар қолынан қаза тауып еді » - деген аңыздар осыны аңғартады.
Тіпті бұл жай ғана аңыз емес, кейбір тарихи шындыққа да сай дерек. Жыраудың Олжабай батыр мен Қазыбек биді қолдап отырғанын осы дәуірдің ауыз әдебиетін зерттеуші Н. С. Смирнова да растайды. «Қазақ әдебиеті тарихының 1-томында «Олжабай жалғыз емес, оны Көтеш ақын да қолдайды...» - делінеді. Бұл тарихи шындық.
Бұл сөздерді Көтеш Абылай барымташылары ұстап әкеткен Мейрам руының Ботан, Жанай деген ерлерін босатпақ болып, артынан қуып барған қол атынан айтса керек.
Көтеш ел адамдарына қаратып арнау өлеңдерін шығарып жүрген. Шоң, Шормандар дауына өлеңімен араласқан ақын баққұмар билердің тіл табыспай, күшке салып, шабысқан ниеттерін сезіп, оларға өзінің жалынды сөзін айтып табыстырады.
Көтеш ішер асқа ,мінер атқа зар болып өткен. Бұған оның өлеңдеріде айғақ. «Жарқымбайға» деген өлеңінде ақын өзінің тымағының тысын байдан сұрап алғандығын ескертеді.
Көтеш сөздері ақыл ретінде де айтылады. Кәрі ақын тәубеге келіп, атаны бала, ананы қызы сыйлап, ағаны іні қадірлеп, көршілерде бір-бірімен санасып, тыныштықпен өмір сүрсе деп армандайды. Көптеген адамгершілік ақылдар айтады. Бірақ адамның бәрі бірдей емес, ағайын тума да, бір туғандар да өздерінше өседі. Бірі үмітті ақтаса, екіншісі ақтай алмайды.
Көтеш өлеңсіз сөз сөйлемеген.Ол кез келген сөзін тұспалдап, өлеңдете жөнелетін қас жүйріктің өзі болған.
Көтеш-тұспалдап, мәтелдеп сөйлеуге де,сынап-мінеп не мадақтап сөйлеуге де ұста болған заманының ділмәрі. Оның «Қара кемпір Наман-ай, ниетіңнің жаман-ай», «Атадан ұл тусын,ұрпақ жолын қусын», т.б. тұспал сөздерін ел жұрт осы күннің өзінде мәтел ғып қолданады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары:
1.Көтеш туралы профессор Е.Ысмайылов қандай пікір айтты?
2 .Көтештің хандық дәуір әдебиетінен алатын орны қандай?
3.Көтеш шығармашылығының зерттелуі жайлы не білесіздер?
Әдебиеттер:
1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.
2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993
3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы
-Семей., 2009. «Интеллект».
4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991
5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971
6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»
7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984
8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993
9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961
10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991
Тәжірибелік сабақтардың қысқаша сипаттамасы
1 Тәжірибелік сабақ:Жыраулар поэзиясының даму жолдары
Сабақтың мақсаты: Жыраулық поэзияның ғасырлар бойы қалыптасып,дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік құбылысы екендігін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп, бағалау.
Әдістемелік нұсқау: Олардың туындыларын зерттеуші ғалымдар жайында әңгімелеу. Мысалы:Шоқанның айтқандарынан бастап, В. Радлов («Образцы народной литературы северных тюркских племен») «Тауарих хамса» кітабының авторы Құрманғали Хамитұлы, Ә. Кенжебаев, Е. Ысмайлов, М.Әуезов, Қ. Жұмалив, Ә. Марғұлан, М. Мағауин, т.б туралы да хабардар ету.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
1.Жыраулармен қоса ХVIII ғасырдағы ақындар поэзиясы туралы. 2.Поэзияның көрнекті өкілдері Шал мен Көтеш ақын жырларының негізгі
сарыны-дін, этика, мораль тақырыптары.
3.Жыраулардың өмір, дүние туралы философиялық-дидактикалық үлгідегі
туындылары, жеке адамдарға арналған өткір эпиграммаларының
әдебиетіміздегі орнына тоқталу.
4.Жыраулар шығармашылығының текстологиясы.
5.Жыраулар шығармашылығы әлі де зерттеуді, анықтауды керек ететіндігі.
6.Жырау толғауларын бізге жеткізуші ақындар туралы.
Әдебиеттер:
1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.
2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993
3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы
-Семей., 2009. «Интеллект».
4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991
5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971
6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»
7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984
8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993
2 Тәжірибелік сабақ:Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы
Сабақтың мақсаты: Жыраулар мұрасының қазақ әдебиетіндегі орнын
студенттер қандай дәрежеде меңгергеніне қарай бағалау.
Әдістемелік нұсқау:Осы тақырыпқа байланысты мынандай еңбектерді
қара: Х.Досмұхамедұлының 1991 жылы Алмадыда жарық көрген
«Аламан» еңбегінің 109 бетіндегі «Мұрат ақынның сөздері» деген
мақаласын оқыңыз.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
1.Қазақ халқының елдік тарихындағы жыраулардың алатын орны.
2. Тарихтағы жыраулар айтқан болжамдар.
3. Жоңғар басқыншылығы, оған қарсы күрес, оның айбынды
ұйымдастырушылары.
4. Ер Едіге жыры туралы.
5. ХVIII ғасырдың қазақ ұлыстары үшін қуанышты оқиғаларман басталуы.
Әдебиеттер:
1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.
2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993
3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы
-Семей., 2009. «Интеллект».
4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991
5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971
6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»
7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984
8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993
3 Тәжірибелік сабақ:Жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік
ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Жыраулардың ақын, жыршылардан ерекшелігі неде,
толғаулардың мәні не деген мәселелерді студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп, бағалау.
Әдістемелік нұсқау: Толғап-толғап сөйлеу, ғажайып шешендікке құрылған философиялық-дидиактикалық толғаулар, даналық афоризімдер мен терең ойлы ақыл-нақыл, мақал-мәтелге құрылған сұлу да айшықты жыр жолдары, импровизацияның «ат басындай алтыны» мәңгіге жылтырап жатқан ұлы мұра-жыраулардың негізгі белгілер екеніне тоқталу. Садақ оғынан да ұшқыр жырау сөздерінең небір хандар мен дұшпандарын тұқыртуы, олардың керегінде халық үшін қолына найзасын алуы, дана кеудесінен сөз боранын боратып, ірі қоғам қайраткерлері, қабырғалы би болғандықтары жайында сыр шерту.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
1.Жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшелігі.
2. Ақын және жырау.Жырау деген кім, жыраулық өнер туралы түсінік беру.
3. Ғалымдар пікірі.
4.Жорық жыршысы, ірі эпик, әрі нәзік лирик Қазтуғанның өте шебер жырлары дала поэзиясының, жыраулықтың биік шыңы екеніне тоқталу.
Әдебиеттер:
1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3
кітап.Оқулық.
2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993
3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы
-Семей., 2009. «Интеллект».
4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991
5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971
6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»
7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984ж.
4 Тәжірибелік сабақ: Асан қайғы жыраудың өмірі, шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: СтуденттерАсан Қайғы жыраудың шығармаларын,оның зерттелуін, жырау Асанмен аңыздағы Асанның ара
жігін қандай дәрежеде меңгергеніне қарай бағалау.
Әдістемелік нұсқау: «Тауарих хамсада» Шыңғыс хан кезіндегі Майқы бидің алтыншы ұрпағы деп келтірілуі. Асанның біраз өмірінің Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхамед тұсында өтуі. Кейін қазақ ханы Жәнібек маңында болғаны Асан қайғы туралы М.Әуезовтың, Ш.Уәлихановтың, Х.Сүйінішәлиевтің т.б. ғалымдардың пікірлері жайлы. «Ежен хан мен Асан», «Жер үйек», әсіресе, «Жер үйектің» халық арасында кеңінен таралуы.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
1.Асан қайғы есімінің барша қазақ халқына кеңінен таныс екендігі.
2.Асан қайғының шығармаларының зерттелуі жайлы
3.Асан туралы аңыздарға қысқаша шолу
4.Асан толғауларының көркемдік ерекшелігі, маңызы тәрбиелік орны.
5.Асан қайғының халық арасында әулие ретінде құрмет тұтылуы.
6.Ата тегі туралы нақты деректердің жоқтығы.
Әдебиеттер:
1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3
кітап.Оқулық.
2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993
3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы
-Семей., 2009. «Интеллект».
4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991
5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971
6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»
7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984
8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993
9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961
10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991
5.Тәжрибелік сабақ:Қазтуған жыраудың өмірі, шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:Қазтуған жыраудың шығармашылығының зерттелуін
студенттер қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп,
бағалау.
Әдістемелік нұсқау:Жорық жыршысы,ірі эпик,әрі нәзік лирик Қазтуған жырау туралы әңгімелей отырып, әсіресе оның ұлттық әшекейі анық,терең суреттеу тәсілдері өте шебер жырлары- шындығында да дала
поэзиясының,жыраулықтың биік шыңы екеніне тоқталу.Қазтуған жырларының маңызы. Қиял байлығы, суреттеу шеберлігі, таза ұлттық рух, ұлттық тіл тазалығы, Қазтуған толғаулары-орта ғасырлық әдебиеттің алтын
мұрасы-жыраулықтың тамаша үлгісі екендігі
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
1.Жыраудың көшпенділер аристократиясынан шыққандығы, туып өскен жері
туралы.
2.Қазтуған жыраудың қолбасы батыр болған деген аңыздың шындыққа
жақындығы.
3.Қазтуғанды артындағы ұрпақтарының қадірлейтіні сонша,
Мұрат ақын, Мұрын жыраулар жырлаған «Қазтуған», «Қарға бойлы Қазтуған» атты толғау-поэмалар туралы.
4. Қазтуғанға дейінгі жыраулардың аты жеткенмен, толғауларының
жетпегені туралы.
Әдебиеттер:
1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.
2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993
3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы
-Семей., 2009. «Интеллект».
4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991
5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971
6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»
7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984
8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993
9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961
10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991
6 .Тәжірибелік сабақ: Шалкиіз жыраудың өмірі, шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: Шалкиіздің шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.
Әдістемелік нұсқау: Шалкиіз шығармаларының В.Радловтың, дағыстандық Мұхамед Османовтың кітабында ерте кезде (1883 ж.) жарық көруі. Ақын шығармашылығының төңкерістен кейін көп жылдар бойы партиялық талап пен саясаттың назарына іліккендігі, Шалкиіздің жыраулар ішінде еңсесі биік, шыққан шыңы жоғары екендігіне, сахара жұлдызы, дала данасы, сөз құдіреті, пірі-көмейінен күмбірлеген жыр төгілген классикалық дәрежедегі жырау болғандығына тоқталу.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
1.Шалкиіздің өмірі, шығармашылығына тоқталу.
2. Өмір сүрген уақытын зерттеуші ғалымдардың әр түрлі топшылаулары.
3.Оның батыр қолбасы болуы жайындағы тарихи әңгімелерге тоқталуы
4.Жыраулар ішінде оның тұңғыш рет орысшаға аударылуы.
5.Шалкиіз-қазақ әдебиетіндегі философиялық, дидактикалық, афористік
толғаулардың көш басшысы.
6.Шалкиіз поэзиясындағы жауынгерлік, ерлік рух, отаншылдық сарын.
7.Шалкиіз поэзиясындағы сырлы, дана афоризмдер мен көркем поэтикалық
тіл.
8.Шалкиіз-«шын мәнісіндегі жыраулық поэзияны жасаушы».
9.Қазақ әдебиеті тарихындағы оның алатын орны.
Әдебиеттер:
1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.
2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993
3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы
-Семей., 2009. «Интеллект».
4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991
5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971
6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»
7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984
8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993
9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961
10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991
7 Тәжірибелік сабақ: Доспамбет жыраудың өмірі, шығармашылығы
Дәрістің мақсаты: Доспамбет шығармашылығының зерттелуін,
толғауларының маңызын қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп бағалау .
Әдістемелік нұсқау: Доспамбет шығармалары деп есептеп жүрген туындылардың негізінен 1908 ж. М.Бекмұхамедовтың Қазан қаласынан шыққан «Жақсыүгіт», Ғабдолла Мұштақтың (Ғұмар Қарашев) 1912 ж. Орынборда жарияланған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» кітаптарында жарық көруі. 1967 ж. «Ертедегі әдебиет нұсқалары», 1971 ж. «Алдаспан», 1982 ж. «Бес ғасыр жырлайды» еңбектерінде басылған Доспамбет шығармаларын, алдында басылған еңбектердегі шығармаларымен салыстыру.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
1.Доспамбет жыраудың өмірі, шығармашылығы.
2.Толғауларының поэтикалық тілі.
3.Доспамбет туралы аңыз-әңгімелердің хикаяларының Радлов сияқты ірі
ғалымдарға белгілі болғаны.
4. М.Османовтың 1883 ж. баспадан шыққан «Ноғай уа құмық шиғырлары»,
Радловтың 1896 ж. «образцы народной литературы тюркских племен»
еңбектерінде жариялануы туралы тоқталу.
5.Доспамбет шығармаларының тілі, толғауларының маңызына, өзіне арналған жырларына тоқталу.
Әдебиеттер:
1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.
2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993
3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы
-Семей., 2009. «Интеллект».
4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991
5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971
6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»
7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984ж.
8.Тәжірибелік сабақ: Жиембет жыраудың өмірі, шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: Жиембет шығармаларының жиналып зерттелуін
студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.
Әдістемелік нұсқау: Жиембет Бортоғашұлының Алшын руынан шығуы, әскери ақсүйек отбасында дүниеге келуі. Арғы атасы-Ноғайлыдан шыққан Алау батыр болғандығы. Жиембеттің тек жырау емес, Еңсегей бойлы Ер Есімнің, Кіші жүздегі үлкен тірегі, яғни әскербасы батыры, ел басқарушы биі қызметін атқаруы. Жиембет туралы біршама деректердің барлығы. Сондай-ақ Жиембеттің атын ескі шежірелер қорынан да кездестіруге болатыны. Шешендігі, батырлығы, әділдігімен халқының әулиелерінің2 біріне айналған Сырым батырдың ұраны атасы Жиембет болғандығы. Ол туралы әр түрлі әңгімелер, деректер. «Қол аяғым бұғауда» өлеңінің жыраудың хандардан көрген зәбірін дәлелдейтіні. Сондай-ақ, «Басы саудың түгел-дүр толғауының Жиембеттің өз елі, жерінен қуылғандығын дәлелдейтіні.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
1.Жиембет жыраудың өмірі, шығармашылығы.
2.Шығармашылығының маңызы.
3.Жиембет өмір сүрген дәуір сипаты.
4.Қазақтардың ойраттарға қарсы күресі.
5.Жиембеттің елге есімін кеңінен танытқан «Есімге арнаған толғауы
екендігі».
6.Өмірінің ақырығы кездерінде Жиембеттің қуғынға ұшырауы.
7.Бізге жеткен өте аз мұрасының өзі-ақ Жиембеттің халқы үшін қолына найза
да алғандығын, ел екендігі дәлелдейтіні.
8.Әділетсіздікке, ханға қарсы ащы дауысы, өткір үні.
Әдебиеттер:
1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.
2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993
3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы
-Семей., 2009. «Интеллект».
4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991
5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971
6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»
7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984
8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993
9 Тәжірибелік сабақ: Марғасқа жыраудың өмірі, шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: Марғасқа жыраудың шығармаларының жиналып зерттелуін,толғауларын студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.
Әдістемелік нұсқау: Марғасқаның ел аузында «бүтін билікке Төле би жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен»! деп атаққа шыққан Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүргендігі.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
1.Марғасқа жыраудың өміріне тоқталу, шығармашылығының зерттелуі.
2.Марғасқа жырау Есім ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырау болғандығы жайлы.
3.М.Көпеевтің «Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері» атты қолжазбасын-дағы Марғасқа жырау туралы айтылғандарға тоқталуы.
4.Біздің заманымызға жеткен Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы.
5.Толғауларына әдеби талдау.
Әдебиеттер:
1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық.
2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993
3.Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір.Оқу құралы
-Семей., 2009. «Интеллект».
4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991
5.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971
6. Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»
7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984
8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993
9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961
10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991
10 Тәжірибелік сабақ: Тәтіқара ақынның өмірі, шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: Тәтіқара ақынның шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп
бағалау.
Әдістемелік нұсқау: Ақын есімінің әсіресе 1756 жылы қазақ жеріне
басқыншылықпен кірген Цин үкметіне қарсы күресте ерекше танылуы.
Шығармашылығына талдау: “ Қамыстың басы майда, түбі сайда”. Өлеңнің
шығу тарихына назар аудар.Абылай сарбаздарына қауып төнгенде, жігер
беру, намыс қайрау мақсатында туғандығы. Абылай заманындағы әр батырға
сипаттама, баға беруі. а )Жәнібек-“болат найза”; ә)Ер Жабай-“Найзасының
ұшына жау мінгізген”; б)дәріптеу, асыра ұлғайта мақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |