Қазақ хандығы дипломатиясының қалыптасуы мен дамуын сараптау



бет2/4
Дата31.03.2024
өлшемі372.97 Kb.
#497080
түріДиплом
1   2   3   4
Бекмуратова Дйлфуза

Қазақ хандары сыртқы саясатта, ең алдымен, Шығыс Дешті Қыпшақ мемлекеттерінің ежелгі экономикалық және саяси орталығы болған Сырдария бойындағы СығанақСауранОтырарЯсы (Түркістан) және басқа қалалардағы өз билігін нығайтуға күш салды. Ал олардың Дешті Қыпшақтағы негізгі бәсекелесі Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан да қазақ даласындағы халықтарды билеу және одан кейін Орта Азиядағы Темір әулетінің қол астындағы жерлерді жаулап алу үшін Оңтүстік Қазақстанның осы қалаларына арқа сүймек болды.

  • Қазақ хандары сыртқы саясатта, ең алдымен, Шығыс Дешті Қыпшақ мемлекеттерінің ежелгі экономикалық және саяси орталығы болған Сырдария бойындағы СығанақСауранОтырарЯсы (Түркістан) және басқа қалалардағы өз билігін нығайтуға күш салды. Ал олардың Дешті Қыпшақтағы негізгі бәсекелесі Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан да қазақ даласындағы халықтарды билеу және одан кейін Орта Азиядағы Темір әулетінің қол астындағы жерлерді жаулап алу үшін Оңтүстік Қазақстанның осы қалаларына арқа сүймек болды.
  • Дешті Қыпшақтағы және Түркістан қалалары үшін ұзаққа созылған күрес 15 ғасырдың ақырында Сырдария бойындағы бірқатар қалалардың қазақ хандарының қол астына көшуімен және Шайбани әулетінің Орта Азияға ығысуымен аяқталды. Шайбани әулетімен уақытша бітім жасалды.

Қасым ханның дипломатиясы

  • Қазақ хандығы Қасым хан (1511-1532) тұсында күшейе түсті. Ол Жетісудағы өз иелігін едәуір ұлғайтты, Жетісудағы қазақ руларын қазақ хандығына қосып алды. Қасым хан Мәскеу мемлекетімен де дипломатиялық байланыс орнатты. Қасым ханнан кейін қазақ хандықтары әлсіреп, сыртқы саясатта да өзгерістер болды, Таһир ханның (1523-33) Шайбани әулетімен Сырдария бойындағы қалалар үшін соғысы сәтсіз аяқталды. Ноғай Ордасы маңғыттарымен соғыста да жеңіліп қалып, моғолдармен одақты нығайтудың жолын іздеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет