- Тәуекел хан 1583 ж. өзбектермен «анттасқан шартты» бұзып, Бұхараға қарсы Ресеймен саяси одақ құруға қадам жасады. 1594-95 ж. Құлмұхаммед және Вельямин Степанов басқарған елшіліктер алмасылды. Ресейдің Аболла ІІ мен Көшімге қарсы соғыста Тәуекелге көмек көрсетуі, сауда қатынасын ұлғайту, қазақ ханының Ресей азаматтығын қабылдауы жайлы келіссөздер жүргізілді. Тәуекел хан Ресейдің қолдауымен Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзаққа созылған күресті сәтті аяқтады. Тәуекелдің мирасқоры Есім ханның (1598-1628 ж. билік жүргізген) 1598 ж. Бұхарамен жасасқан бітім шарты бойынша Түркістан мен Ташкент қазақ хандығына берілді.
Қазақ хандығының 17 ғасырдағы сыртқы саясаты үш бағытта жүргізілді; аштархан әулетінің қазақ билеушілерін Ташкент пен Түркістаннан ығыстыруға тырысқан әрекетіне қарсы күрес; орыс мемлекетімен қарым-қатынасты бұрыңғыдан да нығайта түсу; Жоңғар хандығының шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күрес. - Қазақ хандығының 17 ғасырдағы сыртқы саясаты үш бағытта жүргізілді; аштархан әулетінің қазақ билеушілерін Ташкент пен Түркістаннан ығыстыруға тырысқан әрекетіне қарсы күрес; орыс мемлекетімен қарым-қатынасты бұрыңғыдан да нығайта түсу; Жоңғар хандығының шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күрес.
- Ал 80 жылдары Жоңғар хандарының Оңтүстік Қазақстандағы қысымы күшейді. Бұл кезеңде қазақтар мен орыстардың саяси және экономикалық байланысы жаңа сатыға көтеріле бастады. 1686-98 ж. Тәуке хан (1680-1718 ж. билік жүргізген) Сібір арқылы Ресейге бес елшілік жіберді. Жоңғарлардың шабуыл жасау қауіпі күшейе түсуіне байланысты Қазақстанның Ресей қарамағына өтуі бірінші кезекті мәселеге айналды.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |