Қазақ хандығы дипломатиясының қалыптасуы мен дамуын сараптау



бет3/4
Дата31.03.2024
өлшемі372.97 Kb.
#497080
түріДиплом
1   2   3   4
Бекмуратова Дйлфуза

Алайда Жетісуда өз үстемдігін қайта орнатуға тырысқан моғолдың феодал билеушілері бұған қарсы шықты. Ақыры 16 ғасырдың 30 жылдарында қазақ хандары мен моғол билеушілері арасындағы достық қатынас біржолата үзілді. Моғолстан ханы Әбд ар-Рашид хан (1533 ж. таққа отырды) Шығыс Түркістанда жайылымдық жердің жетіспеуіне байланысты болған экономикалық қиындықтардан құтылу үшін өзбектермен – шайбани әулетімен одақтасып, бұрынғы жерлері – Жетісу мен Тянь-Шаньды қайтарып алуға тырысты. Қазақтар қырғыздармен одақ құрып, Жетісу және Тянь-Шаньдағы өз иеліктерінің тәуелсіздігін сақтап қалды.

  • Алайда Жетісуда өз үстемдігін қайта орнатуға тырысқан моғолдың феодал билеушілері бұған қарсы шықты. Ақыры 16 ғасырдың 30 жылдарында қазақ хандары мен моғол билеушілері арасындағы достық қатынас біржолата үзілді. Моғолстан ханы Әбд ар-Рашид хан (1533 ж. таққа отырды) Шығыс Түркістанда жайылымдық жердің жетіспеуіне байланысты болған экономикалық қиындықтардан құтылу үшін өзбектермен – шайбани әулетімен одақтасып, бұрынғы жерлері – Жетісу мен Тянь-Шаньды қайтарып алуға тырысты. Қазақтар қырғыздармен одақ құрып, Жетісу және Тянь-Шаньдағы өз иеліктерінің тәуелсіздігін сақтап қалды.
  • 16 ғасырдың 2-жартысында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы бұрынғыдан да қиындай түсті. Абд Рашид ханмен ұзаққа созылған соғыс, ойраттардың (қалмақтардың) Жетісудың шығысына қысымы, Ноғай ұлысы мен Сібір хандығының шабуылға әзірленуі, Мәскеу мемлекетінің 1552 ж. Қазан, 1557 ж. Астрахань хандықтарын басып алғаннан кейін қазақ даласына жақындауы – осының бәрі қазақ ханы Ақназарды (1538-80 ж. билік құрған) өзбек ханы Абдолла ІІ-мен «антасқан шарт» жасауға мәжбүр етті. Қазақ хандары АқназарШығай (1580-82 ж. билік еткен), Тәуекел (1586-98 ж. билік құрған) Абдолла ІІ-ге Ташкент билеушісі Баба сұлтанның бүлігін басуға көмектесе отырып, Сырдария бойындағы қалалардағы өз жағдайларын жақсарта түсуге тырысты. 16 ғасырдың ақырында Ресеймен экономикалық және дипломатиялық байланысты нығайту қазақ хандықтарының бұл кездегі жағдайын бір шама жақсартудың маңызды факторы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет