Қазақ хандығының XVI-XVII ғасырлардағы дамуы Қасым хан



бет3/3
Дата22.10.2022
өлшемі338.83 Kb.
#463233
1   2   3
ТАРИХ5

Хақназар хан
(1538-1580жж.)
Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі. Қасым хан қайтыс болған соң, Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды. Ішкі талас-тартысттар мен сыртқы феодалдық соғыстардың ауыртпалығы Қазақ хандығын біршама әлсіретті.
Осындай саяси жағынан бастаған қазақ хандықтарын біріктіріп, Қазақ хандығының халықаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар хан зор үлес қосты.
Хақназар хан хан тағына отырысымен көршілес мемлекеттермен қарым-қатынысты күшейтуге көп күш жұмсады. Хақназар Батыстағы Ноғай Ордасымен, Оңтүстігінде Орта Азия халықтарымен, Солтүстігінде Сібір хандығымен, іргелес жатқан Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға қол жеткізді.
Қазақ хандығына қарайтын көшпелі ру-тайпалардың Еділ мен Жайықты жағалай жайлап, Қызыл құм мен Сыр бойына жайыла қыстауы да осы кезде басталды. Ол өзінің алдында билік еткен Тахир, Бұйдаш хандардың қателіктерін қайталамауға тырысқан.
Ел басқаруда сабырлық танытып, мемлекетінің пайдасы үшін дұрыс шешімдер қабылдап отырған. Хақназар хан елін-жерін сыртқы жаудың шабуылынан сақтауға, халқының бірлігін нығайтуға бар өмірін арнаған. Хақназардың билік еткен кезінде оның мемлекетті дұрыс басқара білуінің арқасында қазақ хандығының қуаты өсіп, саяси өрлеуі арта түсті.
Хақназар ханның аумағы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы.
Хақназар ханның сыртқы саясаты
Хан өзінің сыртқы саясатында Моғол хандығымен, Ноғай ордасымен, өзбектермен, орыс мемлекетімен бейбіт қарым-қатынас жасауды өзінің басты міндеті санаған.
Моғолстан ханы Абд ар-Рашид Жетісу мен Ыстық көл аумағындағы жерлерді басып алу ниетімен 16 ғ. 50-60 жылдары Қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастады. Оған қарсы күреске Хақназар хан қазақ-қырғыз одағының әскерлерін пайдаланған.
Жетісуға ойраттардың тонаушылық жорықтарының жиілеуі Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлата түсті. Ойраттар Батыс Монғолияны мекендеген тайпа болған. Олар жоңғарлар деп те аталды. Моғол ханына қарсы соғыстардағы сәтсіздік пен ойраттардың шапқыншылық жорықтары салдарынан Хақназар хан Жетісудың біршама жерін уысынан шығарып алды. Дегенмен 1570 ж аяғында Жетісудың Батыс бөлііг Шу, Талас өңірі оның билігінде болған.
Ноғай Ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында билік үшін таласқан феодалдық қарқыс үдей түскен. Бұл жағдай бұқара халықты қатты күйзелтіп жіберген.
Нәтижесінде Ноғай Ордасында жаппай наразылық туған. Ноғай Ордасы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Қаңлылар, қыпшақтар, тағы басқа көшпелі тайпалардың көпшілігі Қазақ хандығына келіп қосылған.
Оларды Хақназар хан құшақ жая қарсы алды. Ноғай Ордасында қырқысқан екі топ пайда болды. Бір тобы Мәскеу кінәзіне қосылуды жақтаса, екінші тобы Қазақ хандығына қосылуды жақтаған.
Бұл жағдайды пайдаланған Хақназар хан Ноғай Ордасының көптеген ұлысын өзіне қосып алған. Сөйтіп Ноғай Ордасы 16 ғасырдың ортасында ішкі талас-тартыстан әлсіреп, мемлекет ретінде өмір сүруден қалған.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет