Қазақ хандығының XVI-XVII ғасырлардағы дамуы Қасым хан


Қасым ханның ішкі саясаты



бет2/3
Дата22.10.2022
өлшемі338.83 Kb.
#463233
1   2   3
ТАРИХ5

Қасым ханның ішкі саясаты. Хан өзінің қасқа жолымен ел ішіндегі жағдайды түзеп, мемлекетті басқаруды күшейтіп алды. 16 ғасырдың басынды Қасым хан ұлан-байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлігін өз қоластына қаратты. Бұл кезде қазақ хандығының шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы, Сырдария бойындағы қалаларды қосып алды. Оңтүстікте Шығыс Жетісу жерінің басым бөлігін өзіне қаратты.
Қасым хан тұсында қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы бастапқы кезде Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Қасым өмірінің соңғы кезінде Сарайшықта отырып, билік жүргізді.
Қасым ханның сыртқы саясаты. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының нығайуы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясатта айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сауда-саттық және дипломатиялық байланыстар жасалды. Қасым ханның сыртқы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу жолындағы күрес болды. Бұл мақсатпен Қасым хан Мауараннахр билеушісі Шайбани ханмен және оның ұрпақтарымен тоқтаусыз соғыс жүргізді. Мұхаммед Шайбани хан Қазақ хандығының экономикалық жағнан күшеюіне жол бермеуге ұмтылды. Шайбани хан алғаш экономикалық соққы беру үшін, екі ел арасындағы сауда байланысын үзіп, тоқтатуға тырысты. Мұхаммед Шайбани Сыр бойындағы қалаларды Қазақ хандығының қол астына түсірмеу үшін бірнеше рет қанды жорықтар жасады.
Қалалар үшін күрес ұзаққа созылды. Мұхаммед Шайбани қаза болғаннан кейін, оның ұрпақтары арасында хандық билікке өзара талас басталды. Осы жағдайда пайдаланған Қасым хан шабуылға шығып, Сайрамды өзіне қаратты.
Қасым хан тұсында Қазақтар өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды.
16 ғасыр Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды, жер көлемі ұлғайды, халқының саны артып 1 млн асқан.
Қасым ханның қайтыс болуымен, Қазақ хандығы 1520-1530 жылдары ауыр жеңілістерге ұшырады, 1532 жылы Тахир хан бауыры Тоғым ханмен бірге Орта Азия әміршісі Абд ар-Рашид ханмен шайқаста қаза тапты. Қазақ хандығы әлсірей бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет