Жағда БабалықұлыЖағда Бабалықұлы (әңгіменің жалғасы) : –: – Ұтыға бір взвод әскер, бір взвод сақшы әскері келіп, шағын бекініске орналасты. Біз күндізгі сағат он бірде шабуылға шықтық. Қытайы мен ұйғыры аралас. Тура қасқая шапқанда топтың алдына суырылып шықтым. Оқты бората жөне жәнелді. Аттан түсе қалдым. Менімен қапсарласа келген жетпіс жастағы Шектібай батыр ақсақалекен: «Сенің атыңды ұстап тұрайын деп келдім», – деді. Жүректі екен. Мен жарды жағалап су орған жерге кіріп, оңтайлы кертік жасап, ботайды көздеп ата бастадым. Шектібай тағы да қасыма келді. Орынымды соған беріп, алға жылжыдым. Бір үй тұр екен. Соны паналап келдім. Жастар жағы да келіп жетті. Дауалды тесіп, көздеп оқ аттық. Шектібай батыр батыр тағы да жаныма келді. Дауалдан аса беремін дегенде оқ тура маңдайынан тиіп, тіл тартпай кетті. Батыл-ақ адам еді. Жамбылды жағалай қоршап, дауалды бір жерінен нысанаға алдық. Дауалдың быт-шыты шықты. Кешке қарай бізге берілді. Олардан – оншақты, бізден – бес-алты адам оққа ұшты. Сөйтіп, кәдімгі партизан соғысы басталып кетті.
Өмірбаяндық мінездемеден: «1945 жылы 31 шілде күні Тарбағатай аймағының орталығы Шәуешек қаласы азат етілді. Ұлт-азаттық армия қатары толықтырыла бастады. Сол қатарда Тарбағатай партизандары – 6 Тарбағатай 6-атты полкі болып құрылды да, ұлт-азаттық армия қатарына енді.Тарбағатай аймағының Толы, Шағантоғай, Дөрбілжін, Шәушек сияяқты төрт ауданын азат еткен ұлт-азаттық армиясы қайта жабдықталып, Алтай аймағын және Шиху (Қарсун) мен Сауан аудандарын азат ету бағытына жорыққа аттанды. Тарбағатай 6-атты полкі Шихо, Сауан – орта бағытына аттанды. 6-атты полк Сарыжаға (Саржақ), Ақтам, Ұланбұлақ, Көл, Шепейзі, Көкшатыр, Көне-Шиху, Бұртажы (І), Ақжар, Бұртажы (ІІ), Бұртажы (ІІІ) соғыстарын жүргізді. Гоминдаң гоминдаң армиясының күшейтілген бір дивизиялық құрамасы тұрған атақты Шиху бекінісіне жасалған бес тәулікке созылған соғысқа қатынасты.
1945-1949 жылы ұлт-азаттық армия қатарында – взвод командирі, эскадрон командирінің орынбасары, полк командирінің орынбасары, ұлт-азаттық армиясының бас штабының саяси басқарма бастығының орынбасары, ІІ рет полк командирінің орынбасары, бригада командирінің орынбасары, қосымша 1948-1949 жылдары орталық майдандағы ұлт-азаттық армияның офицерлер курсында әскери географиялық тақырыптан дәріс берді. Жағда Бабалықұлының ұлт-азаттық армия қатарындағы алған әскери атағы – подполковник. Ұлт-азаттық күрес тұсындағы ерлігі үшін төңкерістік Шығыс Түркістан өкіметі Жағда Бабалықұлын – 1945 жылы 367 нөмірлі «Батыр батырлық» медалымен, 1946 жылы 518 нөмірлі ІІ дәрежелі «Тәуелсіздік» орденімен, 1948 жылы 1137 нөмірлі «Садаһхат» медалімен, 1949 жылы 47 нөмірлі ІІ дәрежелі «Азаттық» орденімен марапаттаған».
ІІІ
Жағда Бабалықұлы (әңгіменің жалғасы): – Осындай әскери майданда жүріп, азамат соғысының да шалығын көрдім. Оспан батыр батыр 1946 жылдан бастап гоминдаң гоминдаң жағына шықты да, олардан қару-жарақ, азық-түлік, күш-көлік алып, арнайы әскери жаттығу өткізіп, Шығыс Түркістанның ұлт-азаттық армиясына қарсы соғысты. Мақсатымыз – біреу, ұлт азаттығы. Ұлтымыз – біреу, қазақ. Өзінің ата жауымен неге, қалай тіл табысты? Гоминдаң мен Американың желпуіне еліккен Оспан жасағы біздің армиямызды қанды қырғынға ұшыратты. Дәлелханның әскери полкін тас-талқан етті. Бұйрық бойынша мен алтыншы қазақ атты әскері полкінің командирінің орынбасары, құрама бригаданың командирінің саяси орынбасары ретінде Оспан батырдың жасағымен соғыстым. Оспанмен соғыста 4 000 адамнан айырылдық. Бір полк дерліктей жойылып кетті. 236 тұтқын әскерді руы керей болмағаны үшін ғана бауыздап өлтірді. 36 офицердің мойынына тас байлап Ертіске ағызып жіберді. Аса діндар, қатыгез, жау жүректі, өте сақ, кекшіл адам еді. Қасындағы ақылшылар мен дін кеңесшісі оқиғаны теріс түсіндіріп, санасын улады ғой деп ойлаймын. Әйтпесе, орысша да, ағылшынша да білетін сауатты діни кеңесші оған қайдан тап болды? Бәрі де сауатсыздықтың кесірі шығар дедік.
Хасен Оралтай: «...Тарбағатай аймағының орталығы Шәуешектегі орыс (совет) консулы өзінің Қалибекке совет үкіметі атынан келгенін ашық айтқан-ды. Оның өз сөзі бойынша, ол Қалибекті «Үш Аймақ үкіметін» қостап отырған орыстарға (совет үкіметіне) сендіруге келген. Бұл оған дейін осыншама ашық айтылған жағдай емес-ті... Орыс консулы Қалибек хакімге: қытаймен ымыраласудан бас тартуын, «Үш Аймақ үкіметіне» адал болуын, Тарбағатай аймағының уәлиі болуы үшін Шәуешекке келуін ұсынды.
Қалибек хакім: «Үш Аймақ үкіметінің» – бұрынғы Шығыс Түркістан үкіметі емес екендігін, оның советтің куыршағына айналғанын айта келіп, Тарбағатай аймағының уәлиі бол деген ұсынысқа рахымет деді. <...> Орыс консулы Алтайдағы Оспан батырдың және Үрімжідегі қазақтардың іс-бағыттарына сілтеме жасап: «... Сіз қазақтар, осыншама белсенділікпен Шығыс Түркістанды құтқарамын деп ойлайсыздар ма? Босқа әуре болмаңыздар. Олай ете алмайсыздар. Айталық сіз – Шығыс Түркістанның тәуелсіздігін алыңыз, онда да сіздер, қазақтар, билік басында болмайсыздар. Ұйғырлар сізден көп. Сіздердікі босқа маңайға жексұрын болудын басқа ештеңе емес...» – деген.
Қалибек хакім совет консулының ол сөзіне былай деп жауап қайырады: «Біз тәуелсіздік үшін күресудеміз. Біз ұйғыр, қазақ деп бөлектеніп отырғамыз жоқ. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, билік басына арамыздан кім шықса, оны қабыл етеміз...»
Орыс консулы: «Сіз қазақтар, «Үш Аймақ үкіметін» құлатуға ұмтылудасыздар. Ал ұйғырлар оны колдауда».
Қалибек хакім: «Басында Әлихан төре болған Шығыс Түркістан үкіметін біз бәріміз қолдап-қостадық. Сол жолда көптеген құрбандықтар беріп, қан төктік. Бірақ кейбіреулер оны сатты, Шығыс Түркістан үкіметін қуыршаққа айналдырды. Бұл жағдай шығыс түркістандықтардың мүддесіне қайшы және өте зиянды. Қазіргі жағдайды адал түрде, шын кеңілден қостайтын кісі жоқ...» – деп жауап қайырған» («Елім-айлап» өткен өмір», А.Білім.2005, 52-бет).
Кеңес одағы: өздері тарих сақнасына шығарған Шығыс Түркістанның мүддесін асығыс аяққа таптап, уәделерін ұмытып, соншама құныға кірісіп, «Үш аймақ» пен гоминдаңның тіл табысуына неге құштар болды? Мәселенің күйдіргі жауабы –Ерғожай батырдың естелігіне түсінік жазған ғалым Әбууақап Қараның шет ел ғалымдарының, оның ішінде Оспанның ауылында айлап жатқан Маккернанның барлау мәліметі де бар, пікірінше, барлық тағдыр тәлкегі атом бомбасының азығы – уранға байланысты сияқты. И.Курчатовтың мәлімдеуінше, атом бомбасын жасау үшін 50-100 метрика тонна уран талап етіпті. Ал СССР-де 1-2метрика тонна ғана шикізат бар екен. Ал кеңестік өнеркәсіп қажетті өнімнің 33 пайызын ғана өндіре алады екен.Ал қалған 50 тоннаны және одан кейінгі шикізатты Шығыс Германиядан, Чехославакиядан, Болгариядан, Польшадан және Шығыс Түркістаннан, оның ішінде Көктоғайдан әкелінген. Семей полигонына жақын әрі арзан. Сол жылдары қазылған бір шұңқыр – бүкіл қытайдың кеңес өкіметі алдындағы қарызын өтепті.
Ал Оспан болса, Пәтхан Сүгірбаевтің естелігіне жүгінсек:
«Осы кезде Оспан «құн дауын» қайырып қойып, Көктоғай кен ауданының мәселесін көтеріп шығады.
– СССР-дің кеншілері менің рұхсатымсыз жеріме неге келеді? Тегін жатқан байлық қайда бар екен? «Шығып кетсін» – деп адам жіберсем, атты алысқа айдап, созба бұйдалыққа салды. Ендігі шаруа – оларды қарудың күшімен айдап салу, – деп Дәлелхан Сүгірбаевке қысым түсіреді. Дәлелхан:
– Бұл, біріншіден, тарихи терең тамыры бар мәселе. Екіншіден, өткендегі Моңғолияның берген көмегі, іс жүзінде Моңғолия арқылы СССР-дің көмегі болатын. «Ашу – аздырады, ақыл – алға жетелейді». Салмақтырақ болғанымыз жөн. Қару жұмсау – мәселені әсте шеше алмайды. Алдымен уәкіл жіберіп, істің жәйін ұғысайық, – дейді» (осы жинақта).
Сөйтіп, Оспан орыс кен барлаушыларын Алтай кенінен қуып шықты. Сондықтан да Оспанның тірі қалуы – кеңес одағының атом бомбасынсыз қалуымен тең еді. Ал оған қол жеткізу үшін Шығыс Түркістан да, Оспан да, тіпті сол тұста азаматтық соғыс жүріп жатқан қытай да оларға бөгет емес еді. «Үш аймақ» пен гоминдаң, одан кейін гунсаңдан үкіметтері Көктоғайдың уранын түгел, тіпті, бүкіл Алтайды қазып әкетсе де, мақұл еді. Міне, мәселе қайда? Сыртқы Монғолияның тұрақты әскерінің аспаннан да, жерден де, танкіменен де Оспанға шабуыл жасаған атақты «Бәйтік қырғынының» басты себебі осы – деп сендіре естелік жазыпты американың барлаушылары мен елшілерінің дерегіне сүйенген зерттеушілер. Расында да, СССР үшін атом бомбасын қолға түсіру – сол жылдары өмір мен өлімнің шекарасы еді.
Міне, мен осы кілтипанға сенемін. Себебі Қытай компартиясының саяси бюросының мүшесі, ОК-тің төрағасы Ли шау ши (Лю шао ци) 1949 жылы маусым айынан тамыз айына дейін құпия түрде Мәскеуде бол,ан кезінде оған Сталин:
«Синьцзянды басып алуда жайбасарлыққа салынуға болмайды. Өйткені жайбасарлық ағылшындардың Синьцзянға сіңе кіруіне жағдай жасауы мүмкін. Олар коммунистерге қарсы азамат соғысын әрі қарай жалғастыра беру мақсатында мұсылмандарды, тіпті, үндістерді де қозғауы мүмкін. Оны былай қойғанда, Синьцзянда Қытайға шұғыл қажетті мұнай мен мақтаның мол қоры бар. Қытайлар Синьцзянда жан санының әрең 5%-тін иелейді екен. Синьцзянды алғаннан кейін, ондағы қытай тұрғындарының санын 30%-ке дейін арттыру ләзім. Қытай тұрғындарын көшіріп келу – осынау кең-байтақ қазыналы өлкеге жан-жақтылы иелік ету және Қытай шекарасын өнімді қорғау үшін керек… Өздеріңіз Ма Буфанның күшін мөлшерлеп көрдіңіздер ме, онда артиллериямен жабдықталған атты әскерлер (кавалерия) баршылық. Егер сіздер қаласаңыздар, біз оның осы атты әскерлерін тез арада талқандап, тоз-тоз ғып жіберетін 40 истребитель (қуа соққылаушы ұшақ) берейік», - деп (С.Рахметұлы. Шығыс Түркістан және Монғолиядағы ұлт-азаттық қозғалысы. А. 2009) ұсыныс жасады.
Ал, Ма буфаңды атқыш ұшақпен жоқ қып жіберу идеясын Оспанға қарсы «Бәйтік оқиғасы» тұсында жүзеге асырды. «Синьцзянды алғаннан кейін, ондағы қытай тұрғындарының санын 30%-ке дейін арттыру ләзім», - дегенді де тегін айтып отырған жоқ.. Шығыс Түркістанның жер астындағы, үстіндегі, аспанындағы байлығын тасқаяқтай қағыстырып отырған Сталин мұның барлығын Шығыс Түркістан республикасы арқылы сынақтан өткізіп алған. Ал Оспан қозғалысына келсек, оны да қапысыз ойластырыпты.
Х.Оралтай: «Оспан батырдың «Үш Аймақ» үкіметіне қарсы шығуы – Мәскеудің мүддесіне қайшы болғаны анық. Сол үшін, Мәскеу басшылары қайткенде де Оспан батырды құртудың шарасын қарастырды. Алдымен оған қарсы «Үш Аймақ», яғни, бұрынғы Шығыс Түркістан әскерлерін аттандырып, қазақты қазаққа қырдырды. Бірақ мақсатына жете алмады. Содан кейін Мәскеу Оспан батырды құрту ісін Моңғолия Халық Республикасына тапсырды. Бұның басты себептері: біріншіден - Оспан батыр ол кезде аялдаған Бәйтік тауы мен Жөргөктінің құмы Монғолиядан қашық емес-ті. Екінші жағынан, Оспан батыр мен МХР бұрын жақын байланыста болған. <...> Соған орай Моңғолия жақтан бұрын Оспан батырлармен аралас болған Тескенбай деген жіберілді. Ол: «Туысшылап келдім» – деген сылтауды алға тартты. Бірақ, Оспан батырдың қауіпсіздік орындары мен батырдың өзі оған сенбеді. Ол байлауда тұрған жерінен қашып құтылып Монғолияға барды. Одан кейін Сағадай және Марқаба дегендер жіберілді. Алғашында олар батырға жақындап үлгергенімен, жауыздық жасау тапсырмаларын орындай алмады. Одан кейін Оспан батырдың нағашылары жағынан ілік-жілігі бар Тұтан Хамитұлы деген де: «Оспанды өлтір» – деген тапсырмамен аттандырылады. Ол келген бойда, оны Оспан батырдың өзі тергеп-тексереді. Нәтижеде, Тұтан Хамитұлы өзінің ерекше тапсырмамен келгендігін мойындайды.
Жеке баскесерлер жіберу арқылы Оспан батырды өлтірте алмаған Монғолия мен оның қожайыны Мәскеу Оспан батырдың Жөргөктінің құмында отырған ауылына қарулы қосын аттандырды. Оны Монғолияның батыры атағын екі рет алған Тандырбат басқарып барады. Олар да жауыздық мақсаттарына жете алмай өздері әрең қашып құтылады» (Сонда).
Жағда Бабалықұлы (әңгіменің жалғасы): – Шығыс Түркістан республикасының аты «Үш паймақ төңкерісі» деп өзгертілуі, үкімет төрағасы Әлиханның ізім-қайым жоғалуы, ұлттық-азаттық армиясының 30 мың жауынгерінің 25 мыңға жуығы қазақ болса да басшылардың, армия қолбасыларының басқа ұлт өкілдерінен тағайындалуы, гоминдаңмен келісімге баруы, онда тек ұйғыр автономиясы, ұйғыр тілінің мемлекеттік тіл ретінде кәдеге асуы, ішкі армияның құрамын есепте жоқ ұйғыр полкі ретінде жасақтауға ұмтылуы, әрине, майдандағы жанкешті соғысты басынан кешіп жүрген офицерлер мен майдан командирлеріне күмән туғызып, күдік ұялатты. Бір қазақты бір қазаққа қырғызып қойып, өздері саяси саудада жүргендей әсер де қалдырды. Әсіресе, сондай бір өзара шайқастан соң құрбандардың өлігін көрген Балқаштың түңіліп тұрып: «Біз күткен азаттықтың сыбағасы осы ма еді? Ертең осылардың орынында біздің өзіміз қырылып жатпаймыз ба? Бізді де күтіп тұрған осы болмасын. Құтылдырып жіберсек қайтеді?», – дегендей емеуірін танытқаны бар. Кейін сол сөзі үшін елуінші жылы қолға алынып, ату жазасына үкім дайындалды. Әминә екеуіне өздерінің көрін өздеріне қаздырған күннің ертеңінде, әйтеуір, кездейсоқ амалмен аман қалып, Пекинге кетіп, дайын ажалдан құтылып кетті. Осындай пікірлерді кейде ашық айтып қалып жүрдік. Қалибектің төңкерістен сырт айналып, шет елге ысырыла көшуі де сол тұс.
Хасен Оралтай: « <...> 1947 жылдың басынан бері нақтылы түрде бастаған Қалибек хакімнің Үрімжімен сөйлесуі ол Сауаннан тайға көшіп келгеннен кейін жиіледі. Қалибек хакімнің Үрімжіге жіберген кісілерін Шыңжаңдағы қытай қарулы күштері бас қолбасшысы генерал Сұн Шиланның өзі қабылдап сөйлесіп, бір келісім жасалуын ұйғарады. Үрімжідегі Сәліс Әміреұлы, Зәкәриа Әшенұлы және Жанымхан Тілеубайұлының да қатысуымен жасалған келісім шарты мынадай:
1. Оспан батыр мен Қалибек хакім қол астындағы қазақ сарбаздарына қару-жарақты қытай үкіметі береді.
2.Үкімет қызмет орындарына қазақтар молырақ тағайындалатын болады.
3. «Үш Аймақ жақ» орыс ықпалынан құтқарылды» (сонда, 53-бет).
Жағда Бабалықұлы (жалғасы): – Ол жылдары менің өзім де оспаншыл едім. Әрі алдыңғы жолы екі рет түрмеге қамалғанымда да «Оспанның құйыршығы, соның партизаны» деп айып таққан болатын. Қойшы, ебін тауып 1947 жылдың қысында мені өзіммен істес азаматтардың арыз-шағымдары негізінде сегіз айға түрмеге жапты. Бұл уақытта Түркістан армиясының Бас штабы саяси басқарма бастығының орынбасары қызметінде едім, соғыстан соң тылда жүргенмін. Сонымен түрмеде сегіз ай жаттым. Бірде камераға бас штабтың саяси барлау басқармасының басшысы кіріп, менің ақталатынымды айтты. Төрт-бес күн өткен соң түрме қызметшісі маған бір конверт әкеліп берді. Конвертті ашып қарасам, мені Түркістан ұлт-азаттық армиясы Бас штабының саяси басқармасы бастығының орынбасары қызметіне тағайындау туралы бас қолбасшы Ысқақбек Мөнөновтың бұйрығы екен. Кейін мені көрсеткен әлгі адамдар менің қол астымда істеді. Ешқайсысына қысым көрсетпедім.
Хасен Оралтай: « <...> 1947 жылы жазда Шорқұдық келіссөзі кезінде келісілген, қытай әкімшілігі астында тұңғыш рет ұйымдастырылатын ресми қазақ қарулы күштері мәселесін сөйлесу үшін 1948 жылдың басында Қалибек хакім Үрімжіге барып, сондағы қаражат министрі Жанымхан Тілебайұлы, Сәліс Әміреұлы, Зәкәрия Әшенұлы және Нығмет Мыңжанұлы сияқты қазақтармен, сондай-ақ, қытай басшыларымен сөйлесіп, батыстан ауып келген елге қосымша азық-түлік көмегін беруді қамтамасыз еткен-ді» (сонда, 60-бет).
Үрімжідегі сол сөйлесулер және Зәкәрия Әшенұлының біз тұрған Тасырқай жаққа келуі, сондай-ақ, Оспан батырға да барып келісімін алуы нәтижесінде 8-қазақ полкі құрылды. Оның жалпы қолбасшысы ресми түрде Зәкәрия Әшенұлы еді. Ал шындығында ол Оспан батыр мен Қалибек хакімге бағынатын. Оған Оспан батыр мен Қалибек хакім елінің жігіттері әскер етіліп алынған-ды. Полктің Еренқабырғадағы бөлімшесі Тасырқай өзенінің батыс жағында орналасты. Оның лейтенат және аға лейтенат, капитан деңгейіндегі жаттықтырушылары мен әскери тәлім-тәр бие берушілері қытайдың әскери мектептерінде оқыған, қытайша «жауган» деп аталатын жас қазақ жігіттері еді...» («Елім-айлар өткен өмір», А.Білім.2005, 61-бет).
Пәттхан Сүгірбаев: «АҚШ елшісі Пакстон мен Маккирнан – 1948 жылы Оспанмен бірлесіп «Дінді қорғап, коммунистік партияға, СССР-ге қарсы тұру комитетін» ұйымдастырды. Оспан 1948 жылы қыркүйек айында, сенімді серіктерінен – Ләтіп, Момынбай, Қабас Тіркешұлы, Ғаббас мұфти, Манат, Қанатбай сияқтылардың басын қосты» (осы жинақта).
Жағда Бабалықұлы (жалғасы): – Гоминдаң мен Американың желпуіне сенген Оспан жасағы біздің армиямызды қанды қырғынға ұшыратты. Дәлелханның әскери полкін тас-талқан етті. Бұйрық бойынша мен алтыншы қазақ атты әскері полкінің командирінің орынбасары, құрама бригаданың командирінің саяси орынбасары ретінде Оспан батырдың жасағымен соғыстым. Оспанмен соғыста, жалпы алғанда, 4 000 адамнан айырылдық. Бір полк дерліктей жойылып кетті. 236 тұтқын әскерді руы керей болмағаны үшін ғана бауыздап өлтірді. Өзге руларды іріктеп алып, керейлерді босатқан. 36 жас офицердің мойынына тас байлап Ертіске ағызып жіберді. Аса діндар, жау жүректі, өте сақ, кекшіл адам еді. Қасындағы ақылшылар мен дін кеңесшісі оқиғаны теріс түсіндіріп, санасын улады ғой деп ойлаймын. Әйтпесе, орысша да, ағылшынша да білетін сауатты діни кеңесші (Ғаббас мұфти – ? – Т.Ж.), оған қайдан тап болды?
Хасен Оралтай: « <...> Тәкіман батыр бастаған сол елдің «Үш Аймақ» әскерлерімен қарсыласқан соғысы өте қанды қырғын болған. Қорқыс өзенін өрлей қашқанда, оларды қуған «Үш Аймақ» әскерлері Қайыңды сайының басындағы асуда Тәкіман батыр сарбаздарының батыл қарсылық көрсетуіне тап болады. Сол жерде «Үш Аймақ» жағынан көп әскер қырылады. Өкінішке орай, олардың бәрі дерлік жас қазақ жігіттері еді. Яғни қашқан да, қуған да қазақ-ты. Орыс қолбасылар Алтайда Оспан батырға қарсы қазақ әскерлерін апарып арандатып, кейін «Оспан батыр наймандарды қырды» – деп жалған пропаганда жасағанындай, Еренқабырға төсіндегі Қызылөзен мен Ұлужан-Бортынкедегі Қалибек – Тәкімандарға да қазақтарды айдап салған-ды.
Қайыңдыдағы соғыста Тәкіман батырдың жақын серіктерінен Бәйзек бар бір қатар кісі оққа ұшқан. Бірақ, «Үш Аймақ» жағының шығыны мол болған. Оны олар кейін шегінгенде соғыс майданында қалған оққа ұшқан әскер сүйегі аңғартқан. Сол өңірді ел:«Тәкіман әскері қырған» – деп те атайтын және Қайындыда өздері соғыс кезінде өлтіруге мәжбүр болған «Үш Аймақ» әскерлерінің жаназасын оқып, жерлеу де Нұрмұхаммет Атамбайұлы және Тәкімандарға нәсіп болған-ды (Тәкіманның молдалығы да бар-ды)...» («Елім-айлар өткен өмір», А. Білім. 2005, 46, 60-бет).
Жағда Бабалықұлы (әңгіменің жалғасы): – Шығыс Түркістан республикасының аты өзгертіліп, «Үш паймақ төңкерісі деп өзгертілуі, үкімет төрағасы Әлиханның ізім-қайым жоғалуы, ұлттық-азаттық армиясының 30 мың жауынгерінің 25 мыңға жуығы қазақ болса да басшылардың, армия қолбасыларының басқа ұлт өкілдерінен тағайындалуы, гоминдаңмен келісімге баруы, онда тек ұйғыр автономиясы, ұйғыр тілінің мемлекеттік тіл ретінде кәдеге асуы, ішкі армияның құрамын есепте жоқ ұйғыр полкі ретінде жасақтауға ұмтылуы, әрине, майдандағы жанкешті соғысты басынан кешіп жүрген офицерлер мен майдан командирлеріне күмән туғызып, күдік ұялатты. Бір қазақты бір қазаққа қырғызып қойып, өздері саяси саудада жүргендей әсер де қалдырды. Әсіресе, сондай бір өзара шайқастан соң құрбандардың өлігін көрген Балқаштың түңіліп тұрып: «Біз күткен азаттықтың сыбағасы осы ма еді? Ертең осылардың орынында біздің өзіміз қырылып жатпаймыз ба? Бізді де күтіп тұрған осы болмасын. Құтылдырып жіберсек қайтеді?», – дегендей емеуірін танытқаны бар. Кейін сол сөзі үшін елуінші жылы қолға алынып, ату жазасына үкім дайындалды. Әминә екеуіне өздерінің көрін өздеріне қаздырған күннің ертеңінде, әйтеуір кездейсоқ амалмен аман қалып, Пекинге кетіп, дайын ажалдан құтылып кетті. Осындай пікірлерді кейде ашық айтып қалып жүрдік. Қалибектің төңкерістен сырт айналып, шет елге ысырыла көшуі де сол тұс.
Қойшы, ебін тауып 1947 жылдың қысында мені өзіммен істес азаматтардың арыз-шағымдары негізінде сегіз айға түрмеге жапты. Бұл уақытта Түркістан армиясының Бас штабы саяси басқарма бастығының орынбасары қызметінде едім, соғыстан соң тылда жүргенмін. Сонымен түрмеде сегіз ай жаттым. Бірде камераға бас штабтың саяси барлау басқармасының басшысы кіріп, менің ақталатынымды айтты. Төрт-бес күн өткен соң түрме қызметшісі маған бір конверт әкеліп берді. Конвертті ашып қарасам, мені Түркістан ұлт-азаттық армиясы Бас штабының саяси басқармасы бастығының орынбасары қызметіне тағайындау туралы бас қолбасшы Ысқақбек Мөнөновтың бұйрығы екен.
Қайтадан әскери қатарға қосылдым. Шығыс Түркістанның азаттық туын гоминдаңгоминдаңға жығып бердік. Дербес ақша айналыстан алынды. Ұлттық армияны әуелі демократ қытайға (гоминьдаңға), одан кейін қызыл қытайға (гуньсандаңға) сапта жылап тұрып өткізіп бердік. Жер дүниені күңірентіп, барабанын соғып, даңғарасын қағып, Шығыс Түркістанда шынымен азат еткендей салтанатпен шеру жасап, біздің алдымыздан өтті. Сүмірейіп: «Қайран азаттық! Қайран боздақтар! Сорлы Шығыс Түркістан! Неткен қасіретті едің. Қайран ел сорың енді қайнайтын болды. Мынау «сарыаяқтар» – азаттық армиясы емес, жазалау армиясы. Әй, енді бұл бұғаудан құтыла алмассың! Әттең!..», – деп тапаншаға қолды апарып қайтып біз тұрдық жылап.
ІҮ
Жағда Бабалықұлы (әңгіменің жалғасы): – Ұзамай Оспан да ұсталып, Үрімжінің түрмесіне әкелінді. Шинхай, Ганьсу, Тибет жоталарын паналаған Оспан мен бұрыннан сол жерге ауып барғандардың өзі бір-бірімен қарулы қақтығыс жасап, берекесі кеткен соң қайдан жеңіске жетсін. Оспанды көбі тастап кетті. Ақыры оқыста, адам сенбейтіндей жағдайда қолға түсті. «(Ісің кері кетейін десе, сары майға тісің сынады» деген осы.
Мен ол кезде Қытай халық азаттық армиясының Шыңжаң әскери округінің саяси басқармасының орынбасары едім, қосымша СУАР партия мектебінің орынбасар бастығы болатынмын. Бұл дегеніңіз – генералдың шеніндегі қолбасылық қызмет. Сол құқымды пайдаланып, тергеу бітіп, сот аяқталып, үкім шыққан соң, үкім ендіертең орындалады – дегенді естіген соң күні саяси партия ұйымына барып: «Мен Оспанмен қарама-қарсы майданда қанды қырғын боп соғысқан әскербасымын. Сондықтан да бір тіл қатысып, арыздасып қалуға қақым бар», – деп қасарысып жүріп арнайы рұқсат алып, Оспанмен түрменің сұрақ-жауап бөлмесінде оңаша жолықтым. Тым құрығанда үйіне, ұрпағына айтар соңғы аманатын алып шықсам деген де дәме болды. Батыр батыр десе – батыр батыр тұлғалы,түсі жылы болғанымен мысы басым, сөзі ауыр, емеуірінмен сөйлейтін, иманы қатты, ашылып сөйлеспейтін тұйық, зілдіі ауыр адам екен:
– Жағдамысың. Білемін. Ақыры осылай бетпе-бет көрістік пе?, – дедіген рай білдірді салмақтап.
Бұл сөз біздің осы бет көрісуіміздің себептерін толық ашып беретін және бәрін түсіндіріп беретін емеуірін еді. Енді өткенді әңгіме етудің қажеті жоқ болатынеді. Қарама-қарсы жанкешті майданда тұрып бетпе-бет соғысқан қолбасылардың арасында осындай үнсіз түсінісу болады. Өйткені екі жаққа да екі жақтың да сыры мен сипаты мәлім. Арамызды мыңдаған құрбанның әруағы бөліп тұр. Сонда олар не үшін құрбан еттік? Мен жолына құрбандық атаған Шығыс Түркістан тәуелсіз мемлекеті де жоқ, Оспан соғысқан елестегі қазақтың тәуелсіз мемлекеті де жоқ. Екеуміз де ұлтымыздың азаттығы үшін жан алып, жан бердік. Ал қазір екеуміз де тұтқынбыз. Айырмасы, ол – соғыс тұтқыны, мен – уақытша бостандықта жүрген саяси тұтқынмын. Ол өз тағдырының атумен аяқталатынын біледі. Ал мен күдіктің құрсауындамын. Қашан кісен салатынын кім білсін: «Оспанмен, Қалибекпен астыртын байланысты», – деп өзім құрысқан Шығыс Түркістан мемлекеті жеті сегіз ай тұтқында ұстағанда, мына мемлекеттің маған жаны ашуы мүмкін емес. Қанды шеңгелі тарылып келе жатқан. Өйткені, қызыл қытай мемлекеті Балқаш сияқты жеті полковник пен подполковникті ұстап, өлім жазасына кескелі отырған тұс. Мұны екеуміз де айтпай түсіністік. Екеуміздің ашық сөйлеспеске, ашық жауап бермеске мұршамыз да жоқ еді.
Ол мені әуелде: тыңшы, сыр тарту үшін әдейі қытай үкіметі жіберді, – деп күдіктенуі мүмкін еді. Мен сол күмәнді сейілту үшін бірден:
– Сізге қоятын үш-ақ сұрағым бар Соның жауабын естиін деп әдейі рұқсат сұрап келдім, – дедім тура сөзге көшіп.– Бірінші сұрағым: Үш аймақ «Үш аймақ»» көтерілісін әуелі өзіңіз бастап алып, ұлт-азаттық мүддесі бір, діні бір, ұлты бір Шығыс Түркістан мемлекеті құрылған соң, сол мелекетке неге қарсы шықтыңыз? Неге ата жауыңыз гоминдаң гоминдаңмен бірігіп кеттіңіз? Мен соны түсінбедім. Ұрпақтар да түсіне қоймас. Айтып кетіңіз», – дедім.
Ол маған ауыр да салмақты жанармен қарады. Әрине, сөзін сөзбе-сөз жеткізе алмаспын. Тоқсан екі жаста сөз түгіл, ойды жинақтау да оңай емес. Бірақ түйіп айтқан аз сөздің мазмұны мынадай. Мен тек түсінікті болу үшін әдібін жазып баяндаймын. Ол менің сұрағыма.:
– Әлихан өлі ме, тірі ме? Атаусыз тындым болды. Алладан тірлігін тілейміз бе, жоқ, дұға бағыштаймыз ба? Жаназасыз кетті ме? Оны кеңес өкіметі ың-шыңсыз дымын құртты. Сол құрық кезі келгенде қазақтың, әуелі біздің басымызға түспей ме? Мұның себебін сұрағанда менің кеңесшілерім: бұл – кеңес өкіметінің кесірлі саясаты. Өзбекстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Мәскеуде арнайы дайындалып келген коммунистерді үнсіз ғана үкімет басына әкелді. Олар социализмді, коммунистерді, орыстарды жақтайды. Дінді жояды, қатын-бала ортаға салынып, ортақ меншік болады. Мал-мүлік тәргіленеді. Мешіттер құлатылады», – деп жеткізді. Оған сенбеске амалым қалмады. Шың дубан да соның жолмен жүріп, қырғынға ұшыратты емес пе. Сондықтан да ұлттық армияға қарсы соғыстым. Қытайдың өзінен қару алып, түбінде өздеріне қарсы жұмсамақ болдым. Оған Америка да дем берді, – деп жауап берді.
Мұның астарында: «Шығыс Түркістан мемлекетінің төрағасы Әлиханды орыстың екі жансызы ұстап, кеңес одағына жасырын әкетіпті. Ол – мемлекет басшысы. Жазалса да, орынынан алса да, мемлекет басшысы ретінде жұртқа жариялап істемей ме? Әлиханның үнсіз кеткені қалай. Лақ құрлы құны болмады. Сонда, ауызына ел қарап, ұранына құрбан болған боздақтардың да жоқтаусыз кеткені ме. Бұл қай қорлығы? Демек, бұл мемлекет қуыршақ мелекет болғаны ғой. Ертең кеңес өкіметіндегі топалаң біздің басымызға туады. Мешітіміз – қамба мен атқораға айналады. Сондықтан да азат туып, азат күйімізде қан майданда өлуді таңдадым. Амалы табылса, үйреніскен қытаймен қойындасып, соғысып, Ауғанстан арқылы Аамерикамен жалғассам, мүмкін...», – деген жанқилы үміт жатыр еді.
Мен бұған не деп уәж айта аламын. Адамдық тұрғыдан алғанда өте қисынды, ал геосасясат, қарулы майдан, экономикалық қуат тұрғысынан алғанда мүмкін емес жай болатын. Біз де орыстың дінін, тілін, ділін қабылдайық деп соғысып жүрген жоқ едік. Мақсатымыз – империялар өзара қырқысып, жансыраған тұстағы тарих берген мүмкіндікті пайдаланып, халықаралық қауымдастық мойындаған дербестікке қол жеткізіп алу еді. Азаматтық мәселені содан кейін реттеуге болатын еді. Егер кеңес өкіметіне сүйенбесек, қалың қытай әскеріне қалай қарсы тұрасың. Сол Оспанның қолындағы қарудың өзін кеңес үкіметі бермеп пе еді? Егерде: Оспан жасақтарына қарсы ұстап отырған Алтайдағы Дәлелхан Сүгірбаевтің дивизиясы Манас өзеніндегі қанды қырғыннан кейін тоз-тозаласы шығуға дайын тұрған гоминдаң гоминдаң әскерінің ту сыртынан шабуыл жасаса және Оспанның өз жасағы Үрімжінің желкесінен соққы берсе, Үрімжі – Шығыс Түркістанның қолына өтіп кететіні сөзсіз еді. Үрімжі алынса, гоминдаң гоминдаңмен де, кеңес өкіметімен де, тіпті, америкамен де сөз басқа болатын еді. Оның есесіне, біз уәлилігін өз еркімен тастап тауға шығып кеткен Оспанның аңысын аңдып, өз ішіміздегі азаматтық қақтығысқа алаңдап, алты ай уақытты бос өткізіп алдық.
Бұл арада ірі империялардың арасындағы геосаясат өзгерді. Ұлы отан соғысы кезіндегі СССР – Америка – Англия одағы «қырғи қабақ» соғысқа ұласты. СССР – Жапония – Қытай (гоминдаң гоминдаң мен гуньсаңдан үкіметі) арасындағы саяси, әскери күштің салмағы ауысты. Бұқрын кеңес өкіметі: Шығыс Түркістанды – өзіне қауіп төндіріп отырған, қытайға би билік жүргізген жапон әскеріне қарсы плацдарм ретінде қарастырып, қоластына қаратуға мүдделі еді. Жапондар жеңілді. Шығыстан коммунистік қытай бас көтерді. Олардың да араны кең, қарымы қуатты еді. Солардың ауызынан сыртқы Монғолияны жырып алды да, Шығыс Түркістанды қытайдың екі өкіметінің ортасына додаға тастай салды. Ұлт-азаттық армиясының Манас өзеніндегі шабуылының екпінін қатаң бұйрықпен тоқтатты.
Біз кешігіп қалдық. Әйтпесе, сол кездегі ұлттық армияның күші мен рухы, соғыс тәжірибесі сыртқы Монғолияның әскерінен үстем еді. Бір күнде ауыр, жеңіл қару жарақты, әскери офицерлерді кері шақырып алып, барлық үміттің жолын кесіп тастады. Біз азаматтық майданның шырмауында қалдық. Оспанмен келісу үшін бар мүмкіндікті жұмсадық. Тіпті олардың өзі кейін сырт аймақта – Шинхай мен Тибет үстіртінде, Ганьсуде, шет елдің шекарасында бір-бірімен соғысып, ақыры тоз-тозаласы шықты.
Менің бірінші сұрағымның астарында осындай мән бар еді. Оспан қысқа жауап қайырды, мен де қанағаттандым. Бұдан артық ол да өзінің күресінің мәнін түсіндіріп бере алмайтын: «Алтайдың жергілікті тұрғындары үшін ғана, яғни, халықтың айтуындағы Керейстанды құруға ұмтылдым. Өз би билігімді орнатуға тырыстым», – деп қайтып айта алсын. Әттең, сауатсыздық-ай! Қастаншықпағыр орысша,ғ ағылшынша білетін діни кеңесші –ай, кімнің ырқымен бұқл кеңесті берді екен? – деген ащы өкініш өзегімді қарып өтті де екінші сұрағымды қойдым.
– Сізге қоятын екінші сұрағым мынадай. Сіз-ғой, батыр батыр адамсыз, діни парыз бен иманның обал-сауабын, кешімін, соғыстың заңдылықтарын жақсы білесіз. Ашық майданда қаза тапқандардың құнын екі жақ та жоқтамайды. Олар – шейіт. Ал тұтқындалған әскер – сіздің дәргейіңіздегі әскер. Соғыс жолында да, дін жолында да олар сіздің қарауыңыздағы мүсәпірлер, әскери мейман. Оның үстіне олар және олардың үй-іші, туыстары, рулары – сіз күресіп жүрген мемлекеттің азаматтары. Бәрі қазақ. Оның ішінде сіздің өз руластарыңыз да бар. Сіз қоршауда қалған бір полкті түгелдей қырып жібердіңіз. Онымен қоймай қолға түскен 236 тұтқын әскерді сапқа тұрғызып қойып неге бауыздап өлтірттіңіз? Сондай-ақ 36 офицерді неге мойынына тас байлап Ертіске ағызып жібердіңіз? 54 баланҚы қалай көтерілістің құрбандығына шалдыңыз? Олардың руы керей болмағаны үшін ғана ма. Олар да қазақ, олар да мұсылман еді ғой? – деп сұрадым.
Мүмкін дәл осылай қадалып, қадап айтпаған болармын. Бірақ осы сұрақты қою үшін келдім. Бұл сұрақты қоюға менің толық қақым бар еді және дауысымның салмағы осы мағынаны білдірсе керек. Оспанның партизандық әрекеттерінің қолынан қаза тапқан 4 000 жауынгер мен 236 тұтқынның, 36 офицердің нақты тізімі, аты-жөні, қай жерде, қалай қазаға ұшырағаны жөнінде әскери барлау қызметінің толық мәліметі бар. Олардың мәйіттерінің орыны да бар. Куәлардың жазбалары да бар. Одан бас тартуға Оспанның мүмкіндігі жоқ еді.
– Ақиқатты оқпен өлшейтін Ссоғыс қой бұл. Біз де қырылдық қой. БқОл – ашынғандықтың салдары. Енді не істеуім керек еді?, – деген сыңай білдірді.
Шындығында да не істеуі керек еді? Бұл сұрақ жасанып келмеген, іштен шыққан жасанды, бауыры бөлінбеген бауырлас «жауларды да, жауынгерлерді де» қатты толғандырса керек.Оспанның тоғыз қолбасының бірі Нұрғожай батыр «Құз қияда өткен 72 жыл» атты естелігінде:
«Көп өтпей: «Бес жүз әскермен Бәделхан шығыпты», – деген хабар дүңкілдеп тұрды. «Біз – үш аудан елі соғыстан қорықпаймыз. Он жыл соғысып, соғыс дегеніміз әбден әдеттегі істерге айналып алған. Өлтіріп тұрсақ, өліп тұрсақ, ол біз үшін – қазылық пен шәйіттік», – деп қоятын едік. Бұл жердегі ең жаман іс мынау болды. Екі жағымыз да қазақ едік. Бауырдың – бауырды өлтіруі біздің санамыздан өтпеді. Оның ішінде менің санамнан тіпті өтпеді. Мен жатсам, тұрсам да: «Енді не істеу керек? Жау десе – жарғақ құлағым жерге тимейді. Жауды құртып, жеңіп болғанша тамақ ішпейтін әдетім бар еді. Мына жау деп отырғанымыз – қазақ еді. Қазақ ішінде өзімізбен абақ керейдің ұл-қызы еді. Япырай, орыс пен монғолдың өзімізді өзімізге саолып кеткені неткен сқмдық еді! Неткен жәдігөйлік! Неткен аянышты тірлік! Неткен бақытсыздық! Неткен надандық! Неткен қараңғылық! Он жыл соғысып, қазақ үшін қан кешілгенде, енді бауырдың оғынан өлеміз бе?, – деген ойлардың бірі кіріп, бірі шығып, тынышымды кетіріп жатты. Дәл осы кезде 30 адаммен Бәделханның алдын тосып, жер шолып кел деп маған бұйрық келді…<...> Ежен Бейсі кезіге кетті… «Ертіске кетіп барамыз», – деді. Мен: «Ертіске баратын ретің көрінбейді. Жер шалып, Дәлелханға шпион болып, тың тыңдап жүрсің ғой. Атаң істемеген істі Оспан істесе жаман болмаған еді. Ең аяғы Дәлелханың болып, Мәми ауылы болып Оспанның қадірін біле алмадыңыздар. Мен: қазақты – қазақпен соғыстырмай, Оспан мен Дәлелханды татуластырсам, – деп жүрмін», – деп қинала еске алады (Азаттықтың өшпес рухы. А.Сардар. 2008, 146-147-беттер).
Бірақ, Оспан батыр айтқандай, «ақиқатты оқпен шешетін» қатал да қатыгез, жанкешті заман бауырдың бауырын тілуге жанұшыра жанталастырған. Осы ретте сол Нұрғожай батырдың жаңағыдай тебіренісінен кейін, араға қас қағым уақыт өткендегі қанды оқиғаны:
«... Қапасқа айттым: – Қазақ өзімізбен өзіміз соғыспалық. Қазақтың қанын төкпелік. Бұл ел – қашанда біздікі. Қойларын қоздатып жата берсін. Дәлелхан елдің ылғи соғыс көрмеген жас баласын алып келеді. Олар біздің бір шарпуымызға келмейді де босқа қырылады, – дедім. Қапас мақұл болды. Біз қайтып кеттік. Бәделхан ілгерілеп келмеді.Қайтып барсам, Бектұров, Моготнов саяси комиссар болып, Іледен Түсіпхан жынды, шпион әскер бастап, Бурылтоғайдан түсіп өрлеп келеді, – деген хабар келіп жатыр екен. Оспан 200 әскермен Түсіпхан шпионды қарсы алуға тағы да мені жіберді... <...>... Сол қойнауда өзенге жақын тұрған ескі бір қорған бар екен. Сол қорғанның ор жағына біз барып, бұрын қарауыл орынын алып қойдық. Біз аз адам болғандықтан бір үлкен қорғанның ығына сыйып кеттік. Олар қалың әскер болғандықтан кішігірім жерге сыймайды. Қарауыл бізде болғандықтан елу атар пулеметтен төгіп-төгіп жіберіп едік. Бүкіл бір үлкен қойнау жарым сағат ішінде адам мен ат өлігіне үйіліп қалды. Қырылғаннан қалғаны қайта қашты. 80 адам өлген екен, 80 адамды тірідей қолға түсіріп алдық. Бізден бір адам – ителі Дәлелхан Қасенұлы жэаралы болды. Біздің артымыздан Оспанға бағынып келген Борбыжаптың әскерлері жәрдемге келді. Түні бойы шпион, сатқын қызай Түсіпханның әскерін өзенге де, жыраға да, тоғамға да ұамап алып, аяусыз қырдық. Бастықтары орыс екен. Таң ата қашты. Жау қашқан соң біз шегініп, Дүреге келіп, бас-аяғымызды жинап, адамдарды түгендедік <...> Қолға түскен 80 адамды атын, азығын беріп, жеріне қайтарып жібердік. Қазақ пен қазақтың соғысқаны, соншама қазақ жастарының қырылғаны менің идеяма сыймады. Мен Оспанға барып: «– Бәйтікке шығып кетелік», – деп едім. Оған көнбеді. Сұпты Күртіге қарай көшті. Мен елге: «Қош!», – айтып, өзіме қараған туыстарымды алып, Үрімжіге қарай көштім» (сонда, 147-148-беттер), – деп еске алады.
Сөйтіп, Шығыс Түркістан ұлт-азаттық армиясының құрама полкінің көзі жойылады. Содан сескенген Нұрғожай батыр да Оспаннан іргесін ажыра бастайды. Мен бұл оқиғаның баянын оқығанда көп естіген, бірақ лақап ретінде қабылдаған бір сұмдық оқиғаның жайын Жағда Бабалық ұлынан сұрадым.
Достарыңызбен бөлісу: |