Қазақ педагогикасы


Түркістан облысы бойынща жеміс жəне жүзім



бет2/3
Дата30.05.2023
өлшемі0.55 Mb.
#474487
1   2   3
жүзім шаруаш МУХАММЕДОВ

Түркістан облысы бойынща жеміс жəне жүзім
шаруашылығы аймақтарының табиғат жағдайына сипаттама
Түркістан облысында бақ шаруашылығы мен жүзім шаруашылығы 5 аймақтан тұрады: Қаратау маңайы, таулы, тау бөктері, орталық, оңтүстік.
Қаратау маңайы аймағы . Кентау жəне Ордабасы мен Бəйдібек аудандарының солтүстік бөлігіндегі жазық жəне тау бөктері жерлерін қамтиды. Бұл негізінен Арыс-Түркістан каналының аймағы.
Жылдық орташа температура 12,1 0С. Эффективті температуралар қосындысы – 4200-44000. Тəуліктік орташа температура шілдеде 280, тамызда 26-270 С. Абсолюттік минимумдар орташасы – 270, ал ең суық қыстары аяз – 35 С жетеді. Көктемгі үсік орташа 12 сəуірде аяқталады, ал алғашқы күзгі үсіктің орташа күні – 8-11 қазан. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы орташа 178 күн.
Жылдық жауын-шашынның мөлшері – 178-360 мм. Топырағы кəдімгі немесе ақшыл сұр топырақ, кей жерлері сортаңды. Бұл аймақта температура қосындысының жоғарылығы, жүзімнің кез-келген мезгілде пісетіндерін өсіру үшін өте қолайлы болып табылады.
Таулы аймақ Түлкібас, Төле би аудандарының теңіз деңгейінен 800-ден
1500 метрге дейінгі биіктіктегі жерлерін қамтиды. Эффективті температура-лардың қосындысы – 2500-28000. Ылғалдың жылдық орташа мөлшері 570-800 мм. Бұл аймақта бақ жəне жүзім шаруашылығы нашар дамыған, дегенмен бақ шаруашылығы үшін жағдайы əбден қолайлы.
Тау бөктері аймағы Түлкібас, Сайрам жəне Бəйдібек аудандарының теңіз деңгейінен 650-ден 900 метрге дейінгі деңгей аралығындағы тау бөктері
бөліктерін қамтиды. Жылдық орташа температура 10,2-11,70С. Эффективті
температуралар қосындысы 3500-39000. Тəуліктік орташа температура шілдеде 24,6-25,60С, тамызда 23,6-24,5 С. Қысы–Қазақстанның барлық аймақтарынан ең жылысы: абсолютті минимумдардың орташасы – 18,5-20 С. Тіпті ең қатаң қыстарда температура -30 төмен түскен емес. Көктемнің соңғы үсіктерінің орташа күні – 12 сəуір.
Алғашқы күзгі үсік орташа көп жылда байқалғаны 20 қазан. Аязсыз кезеңнің
ұзақтығы – 190-193 күн. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері – 390- 680 мм. Топырағы – негізінен оңтүстікте күңгірт сұр топырақ. Қысының салыстырмалы жұмсақтығы жəне тұрақты қар жабындысы жүзімді бүгу арқылы табысты өсіруге мүмкіндік береді. Аймақ сондай-ақ жеміс жəне жидек дақылдары үшін де қолайлы.
Орталық аймақ Сайрам ауданының жазық бөлігін қамтиды. Жылдық орташа температура 11,80С. Эффективті температуралар қосындысы – 3800 - 42000. Тəуліктік орташа температура шілдеде 27,00С, тамызда 25,40С.
Абсолютті минимумдар орташасы – 24-27 С, абсолютті минимум – 340С.
Көктемгі соңғы үсіктердің орташа күні – 8-11 сəуірде, ал алғашқы күзгі – 13-22 қазан. Аязсыз кезең 184-196 күнге созылады.
Жылдық жауын-шашын мөлшері – 280-460 мм.
Оңтүстік аймақ Сарыағаш, Шардара жəне Қызыл-Құм аудандарының
суармалы жерлерін қамтиды. Жылдық орташа температура 12,4-12,60С.
Эффективті температуралар қосындысы – 4200-45000. Тəуліктік орташа
температура шілдеде 26-29,60С, тамызда 24,7-27,70С. Абсолютті
минимумдардың орташасы – 230, жекелеген жылдары аяз – 34-350С жетеді.
Көктемгі соңғы үсіктің орташа күні – 28 наурыз – 9 сəуір, ал алғашқы күзгі –
13-28 қазан. Аязсыз кезең 186-213 күнге созылады. Жылдық орташа жауын-
шашын мөлшері – 300-390 мм, олар негізінен қысқы-көктемгі мезгілдерде
түседі. Жазғы айларда 9-15 мм ылғал түседі. Жеміс-жидек өсімдіктерінің сорттарын дұрыс пайдалану үшін бақ отырғызу кезінде аудандастыру жөніндегі ұсыныстар басшылыққа алынып, жергілікті табиғи жағдайлар ескеріледі.
Түркістан облысында топырағы және ауа райы жағдайлары жүзімнен жоғары өнім алуға қолайлы. Сондықтан жүзім шаруашылығын өркендетіп жоғары өнім алу үшін жүзім танаптарын күтіп баптау жүйесін жасау ең басты мақсаттардың бірі болып табылады
Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер шешілді;
Жұмыстың міндеттері;

  • Жүзімнен мол өнім алу мақсатында оның биологиялық құрылысы мен өсуге қолайлы жағдайларды көрсету;

  • Жүзім танабына тыңайтқыш енгізде өсімдіктің биологиялық ерекшелігін анықтау;

  • Жүзімдік көшеттерді өсіруде қолайлы жағдайды жоспарлау;

Жүзім дақылы біздің эрамызға дейінгі бірнеше мың мың жылдар бұрын енгізілген, оның өсіп даму барысында неше рет өзгеріп, қазіргі кезде оның тегінің басының түрлерін дәл басып айту қиын. Сонымен қатар бұл дақылдың алғашқы отанының қайда екенін де айту қиын, тарихи деректерге сүйене отырып ғалымдардың болжауы бойынша бір- біріне қатысы жоқ орталықтарда өсірілген. Ал қазіргі кезде, климат жағдайы шамамен 34—52° солтүстік ендік пен 20— 40° оңтүстік ендікке сәйкес келетін барлық елдерде өсіріледі.


  • Бүкіл әлемде 10 млн-ға жуық гектар жерді жүзім дақылы алып жатыр

  • Оның жартысы

  • негізгі шарап дайындайтын елдерге жатады, олар: Испания, Италия және Франция, сонымен қатар өндірістік жүзім шаруашылығы Турция, Алжир, Португалия, Югославия, Румыния, Венгрия, АҚШ, Болгария елдерінде дамыған. Жалпы отырғызылған жүзім дақылдарының 85% шарап бағытындағы сұрыптар,

12%- асханалық бағыттағы сұрыптар (балғын күйінде қолдану үшін) және 3%-мейіздік сұрыптар құрайды

ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) елдерінде немесе бұрынғы Совет одағында жүзім шаруашылығы бойынша төртінші орынға ие болған, жер көлемі бойынша 1,1 млн.га жерде орналасқан, немесе 45% жүзімдіктер колхоздарда, 42% —совхоздарда және 13% — үй жанындағы жер телімдеріде болған (на приусадебных участках). Негізігі өсіретін дақылдар ауданына: Закавказья және Орта Азия республикалары, Қырым, Солтүстік Кавказ жатады.
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет