Жүзім шаруашылығы өнімдерін пайдалануына байланысты келесідей салаларға бөледі:
А) Асханалық жүзім өсіру – негізгі мақсаты халықты жыл бойы балғын жүзім жемісімен қамтамасыз ету. Бұл сорттардың жидегі мен жеміс шоқтары сырт әлпеті әдемі, тартымды болып келеді,әрине соған қарай пішіні де ірі болады. Жемісінің дәмі де жағымды болады.
Б) Техникалық жүзім өсіру- бұл жүзім сорттарынан сусын, асханалық және тәтті шарап жасайды (шарап, шампан, коньяк). Бұл сорттардың жемісінің шырыны өте жоғары деңгейде болады, сонымен қатар қанттылығын көп молшерде жинақтайды.
В) Әмбебап жүзім өсіру-бұл сорттарды балғын күйінде де қолдануға болады, сонымен қатар сусындар мен шарап жасауға болады. Жидегі мен жеміс шоқтары ірі болып келеді, бірақ жемісінің жұмсағы сулы болады, техникалық сорттар сияқты.
Г) кишмиш немесе дәнегі жоқ жүзім өсіру- жүзімнің кептірілген өнімін алу. Бұл мақсатта дәнегі жоқ жүзім сорттарын да және дәнегі бар жүзім сорттарын да қолданады. Бірінші жағдайда бұл өнімді кишмиш дейді, екіншісінде – мейіз дейді.
Қазақстанда жүзім дақылы туралы дерек
Жүзім дақылы туралы дерек Қазақстанда (Шу және Талас өзендерінің жағалауларында) біздің эрамыздың 7-8 ғасырларында пайда болған. Жүзім шаруашылығы ежелден Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілген. Жүзім сабағы осы жерге жақын орналасқан Өзбекстан аудандарынан әкелінген деп болжалынады. Алматы облысына Синьдзян провинциясынан (Қытай) әкелінген. Қазақстанда жүзімдіктер, негізінен, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында суармалы жерлерде орналасқан. Басқа аймақтарда жүзім дақылдарының ерте мерзімде пісіп жетілетін сұрыптарын саяжай, үй жағдайында өсіреді, кейбір аймақтарда тауарлық өнім ретінде қолданылады.
Бұрыннан жүзімнің негізгі бөлігін балғын күйінде қолдану үшін және алыс жерлерге тасымалдау үшін халық селекциясының шығыс экологиялық тобының сорттарын қолданған. Бұл сорттарға Кишмиш черный, Кишмиш белый, Тайфи розовый, Хусейн белый, Мускат александрийский, кейбіреулері соңғы алынған сорттардан – Октябрьский, Паркенский розовый, сонымен қатар әмбебап сорттар - Тербаш, Баян Ширей, Кара Узюм Ашхабадский, Кульджинский, Мускат Венгерский және де басқа Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік –шығысында аудандастырылған сорттар жатады
Аудандастыру тізімінен кебір кемшіліктері үшін біраз сорттарды алып тастады, бірақ Мадлен Анжевин, Шасла белая, Шасла розовая, Мадлен Анжевин сорттары жеке шаруашылықтарда ғана кездеседі. Мысалы Мадлен Анжевин сорты өте ерте мерзімде пісетін жүзім сорты, оның өнімділігі жоғары, жидегі шырынды, бірақ кемшілігі, алыс жолға жарамсыз. Сонымен қатар бұл сорттың бір ерекшелігі дара жынысты аналық гүл, бұл өндіріс үшін қолайсыз болғанымен, селекция үшін өте қолайлы, өйткені аталықтарын алмай-ақ керекті сорттың тозаңымен қиылыстыра беруге бола береді. Мадлен Анжевин сорты аналық түрі ретінде қатысуымен көптеген жаңа жүзім сорттары шығарылған: Ранний Магарача, Мускат ереванский, Кишмиш алма-атинский, Авгалия және т.б.
Шасла- өте ерте мерзімде пісетін сорт, сыр пішіні сондай тартымды емес, бірақ өте өнімі жоғары сорт. Сонымен бірге Қазақстанның жүзім шаруашылығында техникалық сорттардың да маңызы зор. Олар Рислинг, Алиготе, Пино черный, Кабарне фран, Кабарне совиньон, Саперави, Ркацители.
1980 жылдары Капланбек совхозының Акбулақ шарабы Францияда гран при ұтып алған.
Тауарлық жүзім шаруашылығы коллективизациядан бұрын болмаған, 1929 жылы ең бірінші Капланбек совхозы Шымкет облысында ұйымдастырылған. Содан соң 1932 жылы Үшбұлақ совхозы Жамбыл облысында, Алматы облысында Иссык совхоздары құрылды. 1971 ж жүзімдіктердің көлемі 21 мың гектарға жетті.
Европалықтар 80–90 центнер гектардан жүзім өнімін алса, біздің шауашылықтар мысалы Оңтүстік қазақстанда 100 центнер гектардан жүзім өнімін алды.
Алматы облысының Гигант, Иссык совхоздары 130-150 центнер гектарынан өнім алып отырды. Ркацители, Саперави сорттары (Грузия) Қазақстанда өздерінің потенциалдық өнімділігін көрсетіп бір гектардан 120-130 центнерден өнім берді.
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша 1999 ж жүзімдіктер көлемі 9,9 мың га- ды құрады. 2012 жылы 14,8 мың .га жер көлеміне дейін өсті. 98 пайызы Оңтүстік Қазақстан, Кызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында өсіріледі. Қаржы министрлігінің кеден бақылау комитетінің дерегі бойынша Орта Азия мен Қытай елдерінен 2012-2013 жж 93,3 тонна жүзім өнімі Қазақстанға әкелінген, ал өзіміздің жергілікті жүзім өнімі 71,7 мың тоннаны құраған.
Пайдаланған əдебиеттер:
1. Джангалиев А.Д. и др. Определитель основных сортов винограда.
Алма-Ата. Кайнар. 1968.
2. Маденов Э.Д. и др. Районированные и перспективные сорта плодовых,
ягодных культур и винограда для юга и юго-востока Казахстана,
Алматы, 2008.
3. Интернет мәліметтері
Достарыңызбен бөлісу: |