3. Мақалдың мағынасын анықта.
Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді.
А) білім туралы В) ақыл-парасат туралы С) тәлім-тәрбие туралы.
Д) үлкенді құрметтеу туралы Е) ынтымақ,бірлік туралы
4. Уәдеде тұрудың маңызы туралы мақалды тап.
А) Алтау ала болса,ауыздағы кетеді. В) Ақылды қария-ағын дария. С) Әзіл айтсаң да,әділ айт.
Д) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. Е) Еменнің иілгені—сынғаны,Жігіттің екі сөйлегені--өлгені
5. Мақалды тап.
А) Әкесінің баласы—адамның дұшпаны,Адамның баласы—бауырың В) Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді,қалайша бітіргенінен емес. С) Өзің үшін еңбек қылсаң,өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Д) Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
Е) Ақыл азбайды, әділдік тозбайды,арамдық озбайды.
6. Мәтелді тап.
А) Балалы үй—базар. В) Отан оттан да ыстық С) Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле
Д) Жері байдың—елі бай Е) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді
7. Мәтелдің белгісін тап.
А) Эмоциялық мағына басым болады. В) Құрылысы жағынан екі,үш бөлімді болады.
С) Ой нақты айтылады. Д) Үлгі-өнеге түрінде айтылады. Е) Біріншісі екінші сөйлемнің шарты болады
10Қайсысының көбінесе авторы белгілі болады?
А( мақал В) мәтел С) тұрақты тіркес Д) нақыл сөз Е) идиома
«Сөздің тура және ауыспалы мағынасы», «Сөздің көп мағынасы» тақырыптары бойынша
1.Тура мағыналы сөзді тап.
А) қара тас В) жуас кісі С) тас жүрек Д) терең ойлы Е) ыстық ықылас
2. Тура мағыналы сөзді тап.
А) Ат арылту В) Ат сату С) Ат ойнату Д) Ат салысу Е) Ат ізін суытпау
3. Ауыспалы мағыналы сөзді тап.
А) Ол әйеліне алтын алқа сатып алды. В) Айман оған жылы лебізін білдірді.
С) Түнгі ауа салқындай бастады. Д) Күзгі дала сары жапырақтан көрінбейді.
Е) Бұл мәселе туралы басшылармен ақылдасты.
4. Көп мағынаға ие бола алатын сөзі тап.
Аспанда қалықтаған құстың қанаты анық көрінеді.
А) аспан В) қанат С) құс Д) қалықтау Е) анық
Достарыңызбен бөлісу: |