8. Есімшенің қысқарған түрін тап.
А) Көрмес—түйені де көрмес. В) Мен отырман билерше бос мақалдап.
С) Мен келем тау ішінде түнделетіп Д) Алаған қолым береген.
Е) Қазіргі уақытта көреген кісілер аз.
9. Бастауыш қызметін атқарып тұрған есімшені тап.
А) Көп күн өтіп кетті ғой сен кеткелі В) Туған жердей жер болмас.
С) Ел аралаған сыншы болар. Д) Ат айналып қазығын табар.
Е) Айыратын жаман бар,қосатын жаран бар.
10. Пысықтауыш қызметіндегі көсемшені тап.
А) Абай өзін де,айнала жұртты да тегіс ұмытыпты.
В) Адам сөйлей-сөйлей шешен болады.
С) Тарантас зырлап келеді.
Д) Жанар орнынан тұрып қонақтарды қарсы алды.
Е) Жел басылып қалған екен.
«Етістіктің шақтары»тақырыбы бойынша.
1. Қай сөйлем сөйлеп тұрған уақытқа дейін әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіріп тұр?
А) Біз жазда өзенге шомылуға баратынбыз.
В) Мен сабаққа дайындалдым. С) Олар ертең балық аулауға бармақшы.
Д) Ол үйде жалғыз отыр Е) Ол ертең келеді.
2. Баяндауышы мақсатты келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсет.
А) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.
В) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз. С) Кешке алтыбақан құрамыз.
Д) Олардың ақылдылығына ,білімділігіне піріндей сенеді.
Е) Көрмес—түйені де көрмес.
3. Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс-әрекетті тап.
А) Марат маған айтып тұрды. В) Олар сенің кітабыңды кеше сыныпта алып жүрген. С) Ол екі бұрын қалаға бара жатқан.
Д) Салтанат сабақ түсіндіріп тұр. Е) Мақсатым—тіл ұстартып,өнер шашпақ.
4. Баяндауышы ауыспалы келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді тап.
А) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.
В) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз. С) Кешке алтыбақан құрамыз.
Д) Олардың ақылдылығына ,білімділігіне піріндей сенеді
Е) Атасы бәрін түсінетін.
Достарыңызбен бөлісу: |