1. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын тап.
А) Ел арасына сыйлы В) Ұлттық ойын ойнайды
С) Ақылды сөз айтылды. Д) Жыл сайын толықты Е) Өмірдің мәнін түсінді.
2. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын тап.
А) Желмаяға міну В) Өмір үшін күресті С) Өмірдің мәнін түсінді
Д) Ашық аспан Е) Ғылымды игеру
3. Матасуды тап.
А) Төребек үйі В) Ашынған әйел С) Күн сайын күтті
Д) Жайын айтты Е) Өзі келді
4. Меңгеру арқылы байланысып тұрған тіркесті тап.
А) Шарықтап тұр. В) Балаға қара С) Оқушының жабдығы
Д) Тоқымы белбеу Е) Қызық кітап.
5. Қабысуды тап.
А) үйінің қасына жетті. В) Халықпен бірге жасайды
С) қара торы бала Д) дүниенің өзгерісі Е) қиыннан қиыстыру
6. Жанасуды тап.
А) жұп-жұқа бөліну В)ғалымдардың пікірі С) бірте-бірте ашылды.
Д) алма алдырыпты Е) ешкімге соқтықпау
7. Байланысу түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?
А) Тоғыз адам—қабысу В) Оқуға лайық—меңгеру С) кең бөлме—жанасу
Д) Біздің Жамбыл—матасу Е) Хат жазу—меңгеру
8.Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі қалай аталады?
А) қиысу В) меңгеру С) матасу Д) қабысу Е) жанасу
9. Сөздердің жалғау арқылы байланысын тап.
А) Ерекше мінез В) Ол сұрасын С) Әзер жетті
Д) Әлді адам Е) Отан үшін аянба.
10. Интонация арқылы байланысты тап.
А) Өнер қуу В) Ақ қайың С) Өмірді сүю Д) Сенімді ақта Е) Бұл—жігіт
«Сөз тіркесі» тақырыбы бойынша
1. Қай қатарда тұрақты тіркес бағыныңқы сыңарда тұр?
А) Айтқаның есімнен шығып кетті. В) Дұшпанның салы суға кетті.
С) Науқастың беті бері қарады. Д) Көзіне көк шыбын үймелейтінін айтып салды. Е) Бізге тісін қайрап жүр.
2. Сөз тіркесінің белгісі қайсы?
А) Зат,құбылыстың атауы болу керек.
В) Толық мағыналы ең кемі 2 сөз болуы керек.
С) Зат есімнің қосарлы сыны ретінде жұмсалады.
Д) Сөз мағынасын басқа сөзбен дәлеледеп түсіндіреді.
Е) Синтаксистік қызметі бірдей сөздерден құралады.
Достарыңызбен бөлісу: |