1. Одағайға тән ерекшелікті тап.
А) Басқа сөздермен байланысқа түспейді.
В) Сөз бен сөзді байланыстырады.
С) Қимыл,іс-әректтің белгісін білдіреді.
Д) Заттардың қозғалысын,күйін көру арқылы бейнелейді.
Е) Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындайды, дәлелдейді.
2. Күрделі еліктеу сөз қатысқан сөйлемді тап.
А) –Сауға,--деді саңқ етіп.
В) Қараторғай көк аспанды матадай дар еткізіп, қақ айырғандай құлдилады.
С) Тар бөлменің іші бұрқ етіп,шаң-тозаңға толып кетті.
Д) Шаңқ еткен мылтық түтіннің ішінде Ұрқия да,қабан да көрінбей кетті.
Е) Сайдағы ауыл жақтан көп иттің арс-ұрс,шәу-шәу етіп үргені естіледі.
3. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуішті тап.
А) Үрінді қарды борт—борт басысып қос аттылы Бүркітті бауырын өрлеген.
В) Сейіт күтпеген сөзге селк етті.
С) Су түбінде малта тастар жалтырап,су сылдыр-сылдыр етеді.
Д) Алаң да алаң,алаң жұрт,ақала ордам қонған жұрт.
Е) Аулада асық ойнаған балалардан басқа селт еткен жан жоқ.
4. Шақыру одағайын тап.
А) ойпырмай В) түу С) шөре-шөре Д) беу Е) тәйт
5. Көңіл-күй одағайын тап.
А) тек В) мәссаған С) құрау-құрау Д) айт Е) қош-қош
6. Еліктеу сөздің қандай қызмет атқарып тұрғанын анықта.
Қашан үйге жеткенше,артына жалтақ-жалтақ қарайды.
А) баяндауыш В) толықтауыш С) анықтауыш
Д) бастауыш Е) пысықтауыш
7. Бейнелеуіш сөзді тап.
А) тарс В) сыңғыр С) жалт-жұлт Д) арс-арс Е) шаңқ
8. Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсысы?
А) уау В) әйда С) моһ-моһ Д) әттең Е) қане
9. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақты тап.
А) –ын,-ін,-н,-ыл,-іл В) –аң,-ең,-ың,-ің,-ң
С) –ыс,-іс,-с,-ым,-м Д) –ғы,-гі,-қы,-кі,-к Е) –ыра,-іре,-ғыр,-гір
10. Жекіру одағайын тап.
А) көс В) шіркін-ай С) уһ Д) пәлі Е) Жә
«Шылау» тақырыбы бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |