15. Айтбайұлы Ө. Тілғұмырлар: қазақ лингвистері мен тіл жанашырлары /. — Алматы : Абзал-ай, 2014. — 400 б. Айтбайұлы Ө. Тілтірес: мемлекеттік тілді қалыптастыру хақындағы ойлар, сұхбаттар, тұжырымдар, мақалалар. — Алматы : Абзал-ай, 2014. – 400.
Айтбайұлы Ө. Тіл мүддесі не ойлатпас саналыға. // Ұлт тағылымы.-2000.- №1.
Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзінің бапкері // Егемен Қазақстан. — 2009. — 27 қазан.
Айтбайұлы Ө. Туған тіліміз тәуелсіздігіміздің тірегі болуы тиіс // Ана тілі. — 2008. — 18 желтоқсан.
Айтбайұлы Ө. Мемлекеттік тіл және Елбасы //Егемен Қазақстан. -2010. -№259-264.
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ
Мейірімді Алла тағалла мейірімді де қанағатшыл қазақ халқын асыл ұлдармен ғасырлар сайын жарылқап отыратындай. Елім деп еңіреп, халқым деп қан жылап, Патша сөзбен елінің мойнына бойтұмар тағып, бірақ өздері сол елінің бақытты еркіндігін, туған жері — жерұйықта тәуелсіз болғанын көре алмай бақытсыздық қамытын киіп қанша биік парасат-пайымды данышпандар өтпеді десеңізші. Көз алдыңызға «Айтарын ашып айтқан, абайламай, … Махамбеттер, Абайлар» келеді, Ахмет мен Мұстафа, Міржақып пен Жүсіпбек, Сәкен мен Бейімбет … Бұл тізім сонау әл-Фарабиден басталып ұзай береді, созыла береді…
Қазақ топырағындағы осы даналықты ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында жалғастырған бірегей тұлға – Олжас Сүлейменов десек еш қателеспейміз. Махамбет жырларын құшырлана оқып, Абай рухымен іштей сырласа табысып, көне Азияның әзиз келбетіндегі киелілікті ұғып, оны өзіндегі құндылықтармен салыстыра-салғастыра бағалай жүріп, мән тапқан; мағына түйіп, сыры кетсе де де сыны кетпей жұқалаң сақталған түркілік тарихты әлемдік мәдени құндықтармен байланыстырып, мерейін тасытып, үстем еткен; кейде еленіп, кейде еленбей жүрген қазақ сөзін (түркі сөзін) әлемдік держава саналатын елдің тілдерімен, тарихи мұраларымен байланыстыра зерделеп, «көріп-біліп өзімізді өзгеден» өзімізге қарай көшкен, өзі ғана көріп-біліп қоймай, соңындағы бүкіл елдің көкірек көзін ашып, көңіліне биіктік, азаттық сезімі мен сенімін еккен, атамекені полигонға айналып, өзі сынақтың құрбанына айнала жаздаған елін тозақ отынан құтқарып, жаңа заманға жетектеген қазақ ұлы – арғымақ Ер Олжас бұл.
Ұлттық дүниетанымның өзіндік моделі бар, бұл модельді сол ұлттың даналары, данышпандары негіздейді, халық дамыта түсіп қолданады. Ұлттық дүниетанымдық модель – әртүрлі, жүйелі, күрделі құрылым. Қазақ халқының ұлттық болмысын, ұлттық санасын айқындайтын осындай модель түрі Абай шығармаларының идеясы арқылы қалыптасты деуге толық негіз бар. “Атаның баласы болма, адамның баласы бол” дейтін адамзаттық идеяны негізгі база ретінде ұстанатын бұл ұстанымның негізгі принциптері имандылыққа меңзеуді мақсат етеді.
Түркі әдебиетінің көгінде тұрған, шаңырағын биіктетіп, көкжиегін кеңістігін кеңейтетін Йоллығ тегіннен, Қорқыт атадан, Ж. Баласағуни мен М.Қашқари бастап, Бұқарға дейінгі ұлылардан, қазақ сөзінің де, мәденитінің де хакімі Абайдан, оның ізін баса патшасөзге енші салған Шаһкәрімнен даналық табамыз.
Уақыт тынысында қазақ поэзия көгінде ұлы Абай әлемге “Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол” деп жар салып:
Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті, –
деген философиялық ойтұжырымын жеткізеді. Абай айтып отырған үш сүю – Алланы сүю, адамзатты сүю және әділетті сүю – адамилықтың шыңы, гуманизмнің әлдилеген үні, күткен гүлі. Барша ойлы данышпанның бас изеп, қолын қояр мұраты да осы, мүддесі де – осы.
Ұлы ұстаз ізімен Шаһкәрім:
Адамдық борыш, ар үшін, Барша адамзат қамы үшін. Серт бергем еңбек етем деп, Алдағы атар таң үшін, – деп жазады.
Қазақ дүниетанымының басты тірегі – “Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы” деген ұстаным. Мал – байлық, жан – өмір, ар – руханилық өлшемі.
Ал ХХ ғасыр ортасында Олжас әлемге былай деп жар салады:
«Нет Востока, И Запада нет.
Нет у неба конца.
Нет Востока, И Запада нет,
Два сына есть у отца.
Нет Востока, И Запада нет,
Есть Восход и закат,
Есть большое слово — ЗЕМЛЯ!»
Ақын үшін жер-ана адамзат баласы үшін ортақ. Адамзат баласына дүние болмысының ортақтығы, мәдениеттің ортақтығы, тілдің әуелгі таңбалық, мәндік болмысының ортақтығы – Олжас Сүлейменов шығармашылығының басты кредосы, адамзаттық танымды қалыптастыру – басты миссиясы болса керек.
Сорбанна университетінің профессоры Леон Робель: «мы признаем Олжаса Сулейменова наследником или преемником Гильгамеша, Гюго, Хлебникова, одним из тех, величие которых естественно» — деп жазады. Ия, О. Сүлейменов тек бір ұлттың не бір халықтың иелігіне сыймайды. Ол арғымақ жырларымен көшпелі мәдениетті әлемдік мәдениеттің бір бұтағы ретінде танытып, адамзатқа мәнді сөз арнаған. Мәдениеттің ішіндегі мәңгілігі – жазудың тарихы мен таңбалық жүйесін зерделеп, әлемдік ойға ой қосқан, танымдық тағылымын саралап, тереңдете түскен.
Тіл – адамзат баласының ортақ қазынасы.
Тілдің негізінде ортақ элементтердің бары ғылымда қашанда дау туғызып келе жатқан күрбеуі қиын күрделі ғылыми мәселе. Бәлкім, бұл күрбеулі түйін өзін, өзінің ұлтын, өзінің тілін өзгеден жоғары қоятын ғалымдар мен олардың саясатының арқасында одан сайын қатая түскен болар. Әйткенмен, адамзат тілінің ортақтығы жөнінде айтылған пікірлер мол. Байыптап қарағанда, шынында, адам баласының дүниетанымы, табиғатты танып-білуі тіл арқылы көрініс табады десек, табиғаттағы құбылыстардың ортақтығының өзі ортақ танымды, ортақ тілдік бірліктерді туғызатыны заңдылық. Ал олардың қазіргі тіліміздегі өзгешелігі, бір тілден екінші тілдің айырмасының болуы атаудың субьективтілігі арқылы анықтала алар еді.
Бір кезде көне санскрит және европалық тілдердің арасындағы ұқсастыққа қарап, әлем тілдерінің генеалогиялық жүйесіне азиялық тілдер де енген. Онда тілдердің табиғаты мен жақындығын таразылауда грамматикалық ерекшеліктер негізге алынған. Ал жазу мәдениеті мен таңбаның символдық табиғаты, сондай-ақ дыбыстың, ұғымның және таңбаның арақатынасы мүлдем ескерілмеді. Әлем тілдерінің ортақ сипаттары семантика-семиотикалық зерттеуде ғана анық байқалады. Мұндай зерттеулер тілдердің жақындығын ежелгі тілдердің дамуын белгілі бір лингвомәдени кеңістіктің ықпалымен ғана түсіндіруге болмайтынын көрсетеді. Сондықтан да О. Сүлейменовтің семантика-семиотикалық зерттеулері кеңінен, ғылыми тұрғыдан талдап, зерделеуді қажет ететін іргелі де кешенді сала.
Тілдің мәдени-философиялық қырларын тануда белгілі бір шарттарды ұстану қажет. Ең бастысы, қазіргі әбден дамып-жетілген сөздердің сыртқы бейнесі мен мағынасын ежелгі сөздердің көмескіленген көлеңкесі ретінде қабылдау қажет. Жеке тілдің деректері арқылы, тілдің шынайы табиғаты мен дамуы туралы қисынды тұжырым жасау қиын. Қазіргі тіл білімі, сөздердің құбылмалы сыртқы тұлғасы мен біршама тұрақты мағынасына қарап, адамзат тілінің болмысын саралайды.
Тіл онтологиясын зерттеу принциптері мен тәсілдерін қалыптастыру бүгінгі тіл білімінің алдында тұрған негізгі ғылыми мәселелердің бірі болуы тиіс. Қазіргі таңда бұл мәселемен түркологияда ғылыми тұрғыда шындап айналысып жүрген ғалымдар санаулы екенін де жасыра алмаймыз. Түркіславистика мәселесі ғана емес, адам тілінің тарихи дамуын анықтап, олардың жүйелі байланысы мен кешенді қалыптасу жолын айқындау қажеттігі анық..
Түркі тілінің әлем тілдерімен тығыз байланыста дамып келгенін, тарихының ежелден басталуын тілдік деректер айқындай алады. Зерттеу парадигмасы лингвистикалық, тарихи, мәдени, философиялық, семантикалық, семиотикалық, грамматологиялық негізде анықталған жағдайда ғана әлем тілдерінің сыры мен қыры жан-жақты танылмақ. Осыған орай зерттеуде тілдік жүйеге бір кезде үлкен әсері болған абстрактылық-символдық концептер мен таңбалардың мәнісі және қызметі талданып, таңбалық, сандық, символдық табиғаты бар ұғымдардың тілдік жүйені қалыптастыруы мүмкін деген болжам айтылады. Көне түркі, латын, санскрит, славян, араб т.б. тілдердің деректері негізінде жүргізілуге тиіс зерттеудің мақсаты – адамзат тілінің семантика-семиотикалық табиғаты мен мәдени-философиялық негізін саралау.
Тіл білімінде тілдердің генеалогиялық топтамасы әр түрлі тілдердің арасындағы жақындық пен алшақтықты саралауға талпынған болжамдар негізінде жасалды. Моногенез теориясы – адамзат тілінің пайда болуын түсіндіретін теория. Ал, бейғылыми, әр түрлі аңыздық сарындарда әуелгі адамзат бір тілде сөйлеген екен. Мысалы, Бабыл мұнарасының тұрғызылуы, гректердің Эдип туралы аңызы, шумерлік аңыздар. А.Тромбетти тілдерді ірі топтарға жіктеп, олардың бір ортадан тарауы туралы болжамынан кейін, лингвистикада осындай болжамдар көп ұсынылған. Солардың бірі Н.Я.Маррдың “яфетидологиялық” ілімі. Ол алғашқы қауымдық тілдің төрт элементін анықтап, солардың негізінде көптеген сөздердің ортақ өзегін ашуға талпынған. ХХ ғ. 60 жылдарында М. Сводеш Тромбеттидің ілімін ғылыми түрде, яғни салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде дәлелдемек болған. Қазіргі лингвистикада ол глоттохронологияның негізін қалаушы болып есептеледі. Осы глоттохронологиялық тәсілдің көмегімен адамзат тілінің 10 мың жылдық тарихына дейін бойлауға болады екен. Әр түрлі көне және қазіргі тілдердің тамырластығын дәлелдейтін латын, түркі және славян тілдерінен мысал келтіруге болады. Әрине, санскрит, латын және түркі тілдеріндегі ұқсас сөздерге қарап, түркі халқының этногенезіне үндіиран не латын халықтарының қатысы болған деу қате болады. Бұл мысалдар тілдердің, сондай-ақ адамзат мәдениетінің ортақтығын дәлелдеп тұр, яғни тілдің негізіндегі мағыналық семалар протоевразиялық тілдерге ортақ түбірден өрбуін көрсетеді.
О. Сүлейменовтің “Пересекающие параллели” атты зерттеуінде түрлі тілдік деректер негізінде дәлелденіп келтірілгендей, славян және қазақ (түркі) тілдірінің арасындағы ұқсастықтар мен ортақ бірліктерінің болуы ешкімді де таң қалдырмасы анық. Әрі бұл тек кірме элементтер ретінде де түсіндірілмейді. Адамзат тілдерінің ортақтығын айқындайтын факторлар ретінде танылады. Бұл ғылымның ісі.
Әдебиет:
«Земля, поклонись человеку!». Алма-Ата, 1961 (премия ЦК комсомола Казахстана).
«Аргамаки», Алма-Ата, Казгослитиздат, 1961.
«Солнечные ночи», Алма-Ата, Казгослитиздат, 1962.
«Ночь-парижанка», Алма-Ата, Казгослитиздат, 1963 (премия ЦК комсомола Казахстана).
«Доброе время восхода», Алма-Ата, Жазушы, 1964, 300 с. (премия ЦК ВЛКСМ,1967).
«Год обезьяны» (книга стихов), Алма-Ата, Жазушы, 1967, 108 с.
«Земля, поклонись человеку», Алма-Ата, 1976.
«Избранная лирика», М., Молодая гвардия, 1968., 32 с. (Библиотечка избранной лирики).
«Глиняная книга» (поэма), Алма-Ата, Жазушы, 1969., 252 с.
«Над белыми реками» (стихи и проза), Ташкент, 1970.
«Повторяя в полдень (стихи разных лет), Алма-Ата, Жазушы, 1973, 288
«Каждый день — утро». М., Правда, 1973.
«Круглая звезда» (стихи), Москва, Художественная литература, 1975, 144 с.
«АЗ и Я. Книга благонамеренного читателя». Алма-Ата, 1975.
«Определение берега» (избранные стихи и поэмы), Алма-Ата, Жазушы, 1976, 456 стр.; 2-е изд. — 1979.