1. Сөздің тура мағынасы 2. Сөздің ауыспалы мағынасы 3. Сөздің көп мағыналылығы 4. Синоним 5. Антоним 6. Омоним
Лексиканың мынадай салалары бар:
Лексикология – тілдің лексикасын (сөздік қор, сөздік құрам) және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.
Семасиология – тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейтін сала.
Этимология– жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін сала.
Фразеология - тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін сала.