Қазақ тіл білімінің зерттейтін үлкен 3 саласы бар, олар: фонетика, лексика және грамматика



бет7/7
Дата10.11.2022
өлшемі79.66 Kb.
#464469
1   2   3   4   5   6   7
Ереже

Антоним – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Мысалы: Аласа – биік, Ұзын – қысқа, Ақ – қара, Жақын – алыс, Су жүрек – жүрек жұтқан

  • Синоним – айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: сабырлы, байсалды, төзімді, ұстамды, салмақты.

    1Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері

      1. Метафора (грек. «ауысу, ауыстыру») – бір-біріне ұқсас екі не одан да көп зат немесе құбылыстың балама аталуы. Мысалы, Хан емессің, қасқырсың... Хан емессің, шаянсың... өлеңіндегі «қасқыр», «шаян» сөздері жауыз, қатыгез сөздерінің орнына қолданылған.

      2. Метонимия (грек. «атын өзгертіп атау») – ойда сақталып тұрған бірер сөзді айтпай-ақ, ол сөзді екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жіберу. Мысалы, Сәкеннің шығармаларын оқыдым деудің орнына Сәкенді оқыдым деу.

      3. Синекдоха (грек. «бірге жобалап, шамалап түсіну») – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні, немесе керісінше, бөлшектің орнына бүтінді, жалқының орнына жалпыны қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы. Мысалы, Төрт-бес қой-ешкіміз бар деудің орнына төрт-бес тұяғымыз бар деу.




    1







    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет