Қазақ тілі. 4-сынып. 1-нұсқа



бет3/4
Дата23.05.2023
өлшемі28.44 Kb.
#474147
1   2   3   4
4-сынып тест қазақ тілі

3-нұсқа.
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіле:
А) ө,о,,э,в,к,с,һ. В)м,н,ң,к,ч,ф,ұ.
С)ә,ө,ү,ұ,і,қ,ғ. Д)ж,з,қ,л,м,н,о.

2. Бес буыны бар сөзді белгіле:


А)аулаймыз В)шомыламыз С)демаламыз Д)көмектесеміз.

3. ҚХР - қандай сөз?


А)біріккен сөз. В)қос сөз. С)қаратпа сөз. Д)қысқарған сөз.

4. Негізгі сын есімді тап:


А)ұрысқақ. В)көк. С)сөзшең. Д)тарихи.

5. Бірнеше жай сөйлемнен құралған сөйлем қалай аталады?


А)жай сөйлем. В)сұраулы сөйлем.
С)сөйлемнің бірыңғай мүшесі. Д)құрмалас сөйлем.

6. Бірыңғай қатаң дауыссыздан тұратын сөзді тап:


А) жусан. В) дауыс. С) кітап. Д)қарға.

7. .Мәндес сөздерді тап:


А)еңбек, іскер, жалқау. В) қайрат, жігер, ел.
С)жаратылыс, табиғат. Д) бет, жүз, ауыз.

8. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін белгіле:


А) түбірлес сөз. В)түбір сөз. С) қосымша. Д)сөз құрамы.

9. Жіктік жалғауларын белгіле:


А)-мін, -сін, -сіз. В) -ма,-ме,-па,-пе.
С)-ым, -ім, -м. Д)-лар, -лер,-тар, -тер
10. Туынды зат есімдерді көрсет:
А)қой, ешкі. В) кітап, қалам. С)жылқы, тұлпар. Д)аспаз, арбакеш.

11. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді тап:


А) Данияр ойнап отыр. В) Данияр үйді жинады.
С) Данияр ойнады. Д)Данияр жинады.

12. Қаратпа сөзді тап:


А) Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз.
В)Алма, алманы әкел.
С)Немене, риза емемспісің?
Д)Амал қанша, осылай болды.

13. Баяндауышын тап:


А)Біз. В) Бейбітшілікті. С)Үнемі. Д)Сүйеміз.

14. Бір сөзден тұратын сын есімнің атауы:


А)күрделі сын есім. В) дара сын есім.
С) түбірлес сын есім. Д)бір сөзден тұрмайды.

15. Реттік сан есімнің жұрнағын көрсет:


А)-ау, -еу. В)-ыншы, -інші, -ншы,-нші.
С)-тан, -тен. Д)жұрнақ болмайды.

16. Жалқы есімі бар сөйлемді көрсет;


А)Адам ұлы адамша өмір сүрсін.
В)Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.
С)Жаңа кітаптар алмақ болып, мен дүкенге бардым.
Д)Ғылым таппай, мақтанба.

17. Ф-қандай дыбыс?


А)ұяң, дауыссыз. В)дауысты. С)қатаң дауыссыз. Д)үнді дауыссыз

18. Сөйлемнің тұрлаулы мүшесін анықта;


А)шылау. В)үстеу. С)етістік. Д)бастауыш.

19. Жалғау жалғанған сөз:


А)кәсіпкер. В)ғалымның. С)білім.
Д)жылқышы.

20. Қате жазылған сөзді тап:


А)жию. В)қиу. С)жою. Д)жантаю.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет