Қазақ тілі. 4-сынып. 1-нұсқа



бет4/4
Дата23.05.2023
өлшемі28.44 Kb.
#474147
1   2   3   4
4-сынып тест қазақ тілі

4-нұсқа.
1. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар саны:
А)12. В) 15. С) 20. Д) 25.

2. Әріптердің қай қатары белгілі бір жүйеде емес?


А) а,е,о,ү. В) ү,ф,х.һ. С)з,и,к, м. Д)з, й,и,к.

3. Тырнақша - сөзінде қанша буын бар:


А)төрт. В) бес. С) үш. Д) екі.

4. Көптік жалғауы бар сөздерді көрсет:


А) астық, егін. В) жемістер, көкеністер.
С) саяхат, мейрам. Д) мереке, жыл.

5. Етістіктің сұрақтарын белгіле:


А) қандай, кімдер. В) не істеді? қайтті?
С) нешеу? қайтті? Д) қанша? не қылды?

6. Сан есім дегеніміз-


А) заттың қимылын білдіретін сөз.
В) заттың сынын білдіретін сөз.
С) заттың санын білдіретін сөз.
Д) заттың атын білдіретін сөз.

7. Щ- қандай дыбыс?


А) қысаң, дауыссыз. В) дауысты, ашық.
С) дауыссыз, қатаң. С) дауыссыз, ұяң.

8. Сөйлемдегі бастауышты белгіле: Біздің үйге қонақ келді.


А) біздің. В) үйге. С) қонақ. Д) келді.

9. Жалаң сөйлемді белгіле:


А) Әли әдемі жазады. В)Бүгін ол келмеді.
С) Ол қызықты кітаптар оқыды. Д) Ол оқыды.

10. Түбір сөзді белгіле:


А) жыршы. В) астық. С) бапкер. Д) дала.

11. Қосымша дұрыс жалғанған сөз:


А) алмадар. В) алмалер. С) алмалар.
Д) алмадер.
12. Тәуелденген зат есім:
А) атамын, В) аталар. С) атам.
Д) атамен.

13. Түбірлес сөздер деп нені айтады?


А)Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз.
В) Бір түбірден бірнеше туынды сөздің жасалуы.
С) Түбір сөзге жалғау жалғану арқылы жасалған сөз.
Д) Мағыналы сөздердің байланысы.

14. Не істеді? Қайтті? - қай сөйлем мүшесінің сұрағы?


А) бастауыш. В) баяндауыш.
С) тұрлаусыз мүше. Д) сөйлем мүшесінің сұрағы болмайды.

15. Негізі жіңішке сөздерді көрсет:


А)сіңлі, шеше, бауыр. В) ата, аға, бала.
С) әке, әже, іні. Д) қыз, отбасы, тату.

16. Күрделі мүшесі бар сөйлемді белгіле:


А) Бақыт кітапты оқыды.
В) Бақыт қызықты кітапты оқыды.
С) Бақыт оқыды.
Д) Бақыт оқып отыр.

17. Екі түбірден жасалған сөз қалай аталады?


А) біріккен сөз. В) түбірлес сөз. С) қос сөз. Д) сөз тіркесі.

18. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді тап:


А) Мұғалім сабаққа кірді.
В) Мұғалім кіріп келді.
С) Мұғалім кірді.
Д) Мұғалім келді.

19. Қарсы мәндес сөздердің ерекшелігі:


А) мағыналары бірдей болады.
В) мағыналары әртүрлі болады.
С) мағыналары бір-біріне қарсы болады.
Д) мағыналары мәндес болады.

20. Реттік сан есімнің жұрнағын көрсет:


А) -ау, -еу,
В) -ыншы, -інші, -ншы, -нші.
С) -тан, -тен, -дан, -ден.
Д) жұрнақ болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет