Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 56. Зат есімнің септік категориясы және септік жалғаулары



Pdf көрінісі
бет113/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 56. Зат есімнің септік категориясы және септік жалғаулары 
Зат есім сөздерінің сөйлемдегі етістіктермен, шылау сөздермен, есім 
сөздердің өзді-өздерімен де әр түрлі қарым – қатынасқа түсіп, байланысуы – 
зат есімнің септік категориясы деп атадлады. Қазақ тілінде септік 
категориясының екі түрі бар: 1) синтетикалық септік. 2) аналитикалық септік. 
Олардың жасалу жолы мен мағыналарында өзіндік ерекшеліктері бар. Зат 
есім сөздерін етістік, шылау, есім сөздерімен байланыстырып, сөйлем 
құрауға себепші болатын — септік жалғаулары. 
Көптік жалғаулары мен тәуелдік жалғауларға қарағанда, септік жал-
ғаудың морфологиялық-тұлғалық түрлері көп, сөздің лексикалық мағынасына 
қосымша туғызатын грамматикалық мағыналары да сан алуан, сөйлемдегі 
атқаратын синтаксистік қызметі әр тарапты болып келеді. 
Зат есім сөздерінің септік жалғау қосымшалары жалғану арқылы 
түрленуін (өзгеруін) с ө з д е р д і ң с е п т е л у і немесе с е п т і к- 
 т і ң с и н т е т и к а л ы қ п а р а д и г м а с ы дейді. 
Септік жалғаулар есім сөздеріне жалғанып, оларды морфологиялық 
тұлғасы жағынан түрлендіріп тұратындығына қарай, беретін грамматикалық 
мағыналарына және тұлғалық белгілеріне қарай жеті түрлі болады. Барлық 
септіктер дерлік нөлдік жалғау тұлғасында тұра алады. Нөлдік жалғау-
грамматикалық жүйеден кең орын алатын, әр түрлі грамматикалық мағынаны 
білдіретін тілдік бірлік.
1. Атау септік. Зат есім сөздері белгілі заттың, ұғымның атауын білдіріп
тұратын болғандықтан, зат есімнің бастапқы тұлғасын атау деп атайды. 
Атау септіктегі сөз нольдік жалғау тұлғасында тұрады.Сондықтан атау тұлға 


өзге септік жалғауларына негіз болады, басқа септік жалғаулары атау 
тұлғаның үстіне жалғанады. Сөздің атау тұлғасы деген түсінікке негізгі түбір 
тұлға да, (бас, бала,), туынды түбір тұлға да (басшы, балалық), көптік жалғау 
тұлғасындағы сөз де (бала-лар, басшы-лар), тәуелдік жалғаулы сөз де (бас-ым, 
балалар-ың, басшылар-ы) жатады. 
Сондықтан атау тұлғадағы зат есім сөздері к і м ? н е ? (оқушы, қағаз),
к і м д е р ?_ н е л е р ? (оқушылар,қағаздар) және тәуелденіп қолданылғанда
к і м і м ? н е м ? к і м і ң ? н е ң? к і м і ? н е с і? к і м д е р і м? н е л е р 
і м? к і м д е р і ң ? н е л е р і ң ? к і м д е р і ? н е л е р і ? деген сұрақтардың 
біріне жауап береді. 
1. Атау тұлғадағы зат есім сөздері сөйлемде көбінесе бастауыш қызметінде 
келеді. Мысалы: Тәңірберген ел тізгінін ұстаған игі жақсылардан торығып 
қалды ( Ә. Н.). Бұл сөйлемдегі Тәңірберген деген зат есім к і м ? деген сұрауға 
жауап беріп, атау тұлғада келіп сөйлемде бастауыш болып тұр. 
2. Атау тұлғалы зат есім сөздері сөйлемнің аяғында тұрып баяндауыш 
қызметінде де келе береді. Мысалы: Болат — өте тәртіпті оқушы деген 
сөйлемде оқушы сөзі сөйлемнің аяғында келіп, баяндауыш болып тұр. 
3. Атау тұлғалы зат есім сөзі екінші бір зат есім сөзімен тіркесе айтылып, 
бір заттың белгісін көрсетіп, қ а н д а й? деген сұраққа жауап болып
анықтауыш болып та келеді. Мысалы: Олимпиаданың алтын медалін Бекзат 
жеңіп алды. Бұл сөйлемдегі алтын деген зат есім сөзі атау тұлғада екінші бір 
зат есімнің алдында келіп, қ а н д а й? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш 
болып тұр. 
2. Ілік септік. Бұл септік жалғауындағы сөз әрқашан да өзінен кейін 
айтылатын тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Тәуелдік
жалғауында айтылатын сөз заттың бір адамға (ұйымға, мекемелерге) 
меншікті екендігін немесе бір нәрсенің өзге бір нәрсеге тән, тиесілі екендігін 
білдіреді де, ілік жалғаулы сөз сол нәрсені меншіктенушіні, иеленушіні
білдіреді. 
Ілік жалғаулы сөз к і м н і ң ? н е н і ң ? қ а й ? деген сұрақтардың біріне 
жауап болып тұрады: Мысалы: Бұл оқушының (к і м н і ң?) жауабы өте 
дәлелді болды. Шамның ( н е н і ң ?) жарығы түбіне түспейді. (М. М.) Бұл 
қай бала? Бұл — Асаннық баласы. 
Ілік септік қосымшалары буын үңдестігі бойынша жуан буыннан кейін -
ның, -дың, -тың болып жалғанады да, жіңішке буыннан кейін -нің, -дің, -тің
түрінде жалғанады. 
Ілік септік қосымшасы дыбыс үндестігі бойынша, сөздің соңғы 
дыбысының әуеніне қарай төмендегіше болып кұбылып жалғанады: 
а) Сөздің соңы дауысты дыбыстар мен үнді м, н, ң дыбыстарына аяқ-талса, 
ілік септік қосымшасы -ның, нің болып жалғанады (қала + ның, бөлме + нің, 
шам + ның, әжем + нің, жең + нің, нан + ның,
ә) Сөздің соңы ұяң з, ж дыбыстары мен үнді р, л, й, у дыбыстарының біріне 
аяқталса, ілік септік қосымшасы -дың, -дің түрінде жалғанады (қаз-\-дың, жез 


131 
+ дің, гараж + дың, тал + дың, жел + дің, қар + дың, жер + дің, май + дың, 
үй+ дің, тау + дың). 
б) Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, ілік септік
қосымшасы -тың, -тің болып жалғанады (тас + тың, көш + тің, хат + тың, 
күрек + тің, қасық + тың, есеп + тің, цех + тың). 
Ілік септік қосымшасы сөзге жалғанып, ашық түрде қолданылуы да, сөзге 
жалғанбай жасырын түрде қолданылуы да мүмкін. Мысалы: қойдың еті — қой 
еті; қаланың адамы – қала адамы. 
Ілік жалғаулы сөз ашық түрде қолданылса да, жасырын түрде қолданылса 
да сөйлемде анықтауыш болады. 
Ілік септік қосымшасы мына сияқты жағдайда жалғанбай, ілік жалғаудың 
жасырын түрі қолдапылады: 
а) Ілік септігінде тұруға тиісті сөз де, тәуелдік жалғаулы сөз де жалпы есім 
болып, бір логикалық екпінге бағынып, тіркесе қатар айтылса, ілік жалғаудың 
жасырын түрі қолданылады. Мысалы: ауыл адамы, жұмыс күні, қала халқы,
наурыз мерекесі, мал азығы. 
ә) Ілік септік жалғауында тұруға тиісті жалқы есім сөзі мен тәуелдік 
жалғаулы жалпы есім сөзі
тіркесе айтылып бір географиялық атауды 
білдіретін болса, ілік жалғаудың жасырын түрі қолданылады. Мысалы: Абай 
көшесі, Орал тауы, Балқаш көлі, Іле өзені, Жамбыл қаласы, Алматы облысы. 
б) Бір сөйлемде бір-бірімен матаса байланысқан бірнеше ілік жал-
ғаулы сатылы анықтауыштар қатар айтылғанда, сөйлеу және жазу тілдеріне 
стилдік жеңілдік туғызу үшін ілік жалғауда тұруға тиісті сөздердің 
алдыңғыларына ілік септік жалғау косымшасы жалғанбай, жасырын түрі 
қолданылады. Мысалы: Ата-аналар жиналысы мектеп директоры 
орынбасарының кабинетінде өтті . Бұл сөйлемдерде мектеп директорының 
орынбасарының кабинеті, деген тіркестегі сатылы анықтауыштардың 
алдыңғыларының ілік жалғау қосымшасы жазылмаған.
в) Сөйлемде бірнеше ілік жалғаулы анықтауыштар қатар айтылғанда, 
стильдік жеңілдік туғызу үшін бірыңғай ілік жалғаулы анықтауыштардың 
алдыңғылары ілік жалғаудың жасырын түрінде қолданылады. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет