133
3.
Барыс септік. Барыс септік жалғаулы сөз
әрқашан да сөйлемдегі
етістіктен болған мүшеге, көбінесе етістік баяндауышқа меңгеріліп тұрады
да, мына сияқты грамматикалық мағыналарды білдіреді:
а) Зат есім сөздеріне жалғанып, негізінде, қимылдың беталыс
немесе
мекендік бағытын білдіреді. Мысалы: 1.
Дәрменнің жігіттері
бірнеше рет
Абайға хабар жіберген-ді. (М. Ә) 2. Ертеңіне Бораш Москва консер-
ваторйясына жүріп кетті де, мен баяғы шаштаразға келдім. (Ғ. Мүсір.) Бұл
сөйлемдегі
Абайға деген сөз
жіберген-ді етістігіне, консерваториясына деген
сөз
кетті етістігіне, шаштаразға деген сөз
келдім етістігіне меңгеріліп,
етістіктегі айтылған қимылдың бағытын, бет алысын көрсетеді.
ә) Заттық ұғымға айналған қимыл есімдеріне барыс
септік жалғау қосым-
шасы жалғанып, мақсаттық ұғым береді
Мысалы:
Қартайғанда бір көріп,
Зират етіп қайтуға
Жамбыл келді алыстан. (Ж. Ж.)
деген сейлемдердегі
қайтуға сөзі барыс септік жалғауы тұлғасында тұрып,
келді деген етістік баяндауышқа меңгеріліп, сол етістіктердегі айтылған
қимылдың не мақсатпен істелгендігін білдіріп тұр.
б) барыс септік жалғау қосымшасы мезгілдік
ұғым беретін зат есім сөз-
деріне жалғанып, етістіктегі қимылдың мезгілін білдіреді.
Мысалыі:
Ол екі жылға оқуға кетті.
«Жұлдыз» журналы айына бір рет
шығады.
Барыс септіктегі зат есім сөздері к і м г е ? н е г е ? қ а й д а ? деген
сұрақтардың біріне жауап береді.
Барыс септік қосымшалары мыналар:
-қа, -ке, -ға, -ге, -а, -е, -на, -не.
Бұл қосымшалар буын үндестігі бойынша
жуан буыннан кейін –қа, -ға, -а, -на
түрінде жалғанады да, жіңішке буыннан кейін
-ке, -ге, -е, -не болып
жалғанады.
Барыс септік қосымшасы дыбыс үндестігі бойынша, сөздің соңғы
дыбысының әуеніне қарай мына сияқты түрде құбылынып жалғанады:
а) Сөздің соңы катаң дауыссыз дыбыстардың біріне аяқталса, барыс
септік
қосымшасы
-қа, -ке түрінде жалғанады:
(ат + қа, тас + қа, пеш + ке, есік +
ке)
ә) сөздің соңы дауысты не ұяң
з, ж дыбыстар мен үнді дыбыстардың біріне
аяқталса, қосымша
–ға, -ге түрінде жалтанады
(шана+ға, тере-зе+ге, ел +
ге,_ үй + ге, жаз + ға,- біз + ге).
б) Тәуелдік жалғауының I, II жағынан кейін барыс
септік жалғау ы
Достарыңызбен бөлісу: