есім, тіркесті күрделі сын есім болып бөлінеді.
1.
Негізгі түбір сын есімге - бір ғана морфемадан тұратын, тілдің
қазіргі даму сатысында әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түбір сөздер жатады.
Ақ, қара, көк, қызыл, алыс, жақын, тар, кең, жасыл, сары .т.б.
2. Туынды түбір сын есімдер ең кемі екі морфемадан: түбір мен сөз
тудырушы жұрнақтардан жасалады. Ішкі, түпкі, бүктеулі, әсерлі, икемді,
күндізгі, білімсіз, сауықшыл, турашыл, судай, орталық, саяси, сыйлас, батыл,
ашушаң, жағымпаз, әзілқой т.б.
3. Біріккен түбір сын есімдер – екі я онан да көп сөздердің бір лексикалық
мағынаға көшуінен жасалады. Ақынжанды, басыбайлы, сусамыр, ағайындас,
бойкүйез,аймақаралық, айырбасшыл, баққұмар, балажанды, басбұзар,
желөкпе, жайбасар, қарабайыр т.б.
4. Қоссөзді сын есімдер екі сөздің қосарлануы арқылы жасалып, бір сындық
мағынаны білдіреді. Дәмдес-тұздас, егжей-текжейлі, ерлі-зайыпты, ескі-
құсқы, ессіз-түссіз, таулы-тасты, жеңіл-желпі, жауынды-шашынды,
қызылды-жасылды т.б.
5. Тіркесті сын есімдер екі сөздің тіркесіп келіп, бір сындық белгіні білдіруінен
жасалады. Ұзын бойлы, қара торы, ақ сақалды, ал қара көк, жұпар иісті,
қызыл шырайлы, аспан түстес, батыр тұлғалы, көк майса, шыбын тайып
жығылғандай, сайдың тасындай т.б.
Сөз түбір күйінде бір нәрсенің түр-түсін, сапасын білдіріп тұрса, ондай
сын есімді н е г і з г і с ы н е с і м дейді. Мысалы , ақ, қара, ауыр, жеңіл,
тар, кең, аласа, биік.
Зат есім сөздері сияқты сын есім сөздері де үнемі бір қалыпта тұрмай,
тілдегі сөз тудыру тәсілдері бойынша түбірлік сөздерден жаңа мағыналы сын
есім сөздері жасалып, өсу, даму процесінде болады. Сын есім сөздері де,
негізінде түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы (туынды сөздер жасалу
арқылы) дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |