Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет139/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

87- жаттығу. Сөйлемдерді оқып, негізгі сын есімдер мен туынды сын есімдерді ажыратып
туынды сын есім жасап тұрған жұрнақтарға түсінік беріңіздер. 
1.Ортарақ тұста ұшын қырыққан дөңгелек ақ сақалды, ала шапанды, сәлделі 
бір жат адам отыр екен ( С. М. ). 2.Ұрты салыңқы; қыр мұрын, ұзын бойлы, 
талдырмаш денелі, оң жақ көзі жасаураңқыраған ақ бұжыр жігіт ( С. М. ). 3. 
Ұзынша, арық, көсе, қыр мұрынды, сида қара, тырбиған қара ауыз, тырбиған 
қызылша сақалды, күрең сары, боз, мықыр, сұр, қапсағай қара... тағы да толып 


161 
жатқан суретті адамдар ( С. С. ). 4. Жүсіпбек Аймауытов орта бойлы, жылы 
шырайлы, тығыршықтай, отыз бестердегі кісі болатын. Әйелі өзінен 
бойшаңдау, көрікті орыс қызы, 7-8 жастар шамасында екі ұлы бар, бірі-Жанақ, 
екіншісі Бектұр, төртеуі педтехникум қорасындағы біз жатқан жатақхананың 
бір бөлмесінде Ташкенттен көшіп келіп орналасты (М. Балақаев ).
§ 64. С ы н е с і м н і ң т ү р л е р і. 
Сын есім сөздері заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей 
де, басқа заттардың қатыстары арқылы да білдіреді. Осыған байланысты сын 
есімдер мағынасы мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай екі түрлі 
болады: 1) Сапалық (негізгі) сын есімдер. 2) Қатыстық (туынды) сын есімдер. 
1) Сапалық сын есімдер. Негізгі түбір күйінде заттың түрін, түсін, 
сипатын, сапасын тағы сол сияқты белгілерін білдіретін сын есім сөздерін
с а п а л ы қ с ы н е с і м дейді. Сапалық сын есімдерден шырай түрлерін 
тудыруға болады. Мысалы: сұр, сары, қара, көк, биік, үлкен, аласа, жұмсақ, 
қатты ,ауыр, жеңіл, жаман, жақсы, үлкен, кіші, семіз, арық, қалың, жұқа.
2) Қатыстық сын есімдер. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы өзге 
сөз таптарынан жасалған туынды сын есім бір нәрсе мен екінші нәрсенің 
арақатынасын, байланысын білдірсе қ а т ы с т ы қ с ы н е с і м


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет