-ыл, -іл жұрнақтары жалғанып, есім сөзі жасалады да, оның үстіне -да, -де жұрнақтарының бір жалғанып, етістік сөзі жасалады. Мысалы: жалт + ыл + да, жарқ- + ыл + да. Екі буынды бейнелеуіш сөздерге есім жұрнақтары жалғанбай, етістік
тудыратын -да, -де жұрнақтары тбірге бірден жалғанады.Мысалы: жымың-да-
ды, елбең-де-ді, серең-де-ді, көлбең-де-ді, жалтаң-да-ды,
Бейнелеуіш сөздер де ет көмекші етістігімен тіркесіп айтылып, күрделі
баяндауыш құрамында жұмсалады. Мысалы: Күн күркіреп, найзағай жарқ
етті.Жұлдыздар жымың-жымың етеді.Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.
Бейнелеуіш сөздер қайталанып айтылып, қос сөз ретінде қолданылғанда,
сөйлемдегі етістіктен болған мүшемен байланысып, пысықтауыш болып
келеді. Мысалы:
Жаттан бетер жамандар Жалбарынып күн көріп. Жақынын сатып, жөн көріп, Қалатаң-құлтаң амалдар. (А. Қ.). Тақырып бойынша сұрақтар: 1) Қандай сөздер одағай деп аталады? 2) Одағайлар мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Көңіл-күй одағайларына қандай сөздер жатады? 3) Жекіру, ишарат, шақыру одағайларына қандай сөздер жатады? 4) Одағайлар сөйлем мүшесінің қызметінде жұмсала ала ма? 5) Қандай сөздер еліктеу сөздер деп аталады? 6) Еліктеу сөздер нешеге бөлінеді? 7) Еліктеу сөздер сөйлем мүшесі бола ала ма? 141-жаттығу. Еліктеуіш сөздердің семантикалық ерекшеліктеріне түсінік беріңіздер.
1.Тайынша тайғанақтап барып, тыраң ете түсті ( Б. Т. ). 2.Шегебай зілдей
саптама етігімен сылқ еткізіп теуіп оятты ( Б. Т. ). 3. Үйдегілер тегіс есік
жаққа қарап, елең ете қалысты ( Б. Т. ). 4. Ақлима шаңын қағып, бұлқан-
талқан боп сілкініп қалды ( Б. Т. ).5. Өрт шарпыған ағаш үйдің ішінде шыр-
шыр етіп әйелі, жалыз баласы қалған ( Б. Т. ). 6. - Бермеймін демеймін-у,
салдыр-гүлдір жүрісіңнен қорқамын ( Ә. О.). 7.Аюкеніме оңашалана бергенде,
күңк ете қалып едім, шоқ басқандай зыр ете түсті ( Б. Т. ). 8. Жаяу-жалпы сан-
сапалақ жұрт та тапыр-тұпыр етіп, сапырылысып жатады ( Б. Т.). Тастан-тасқа
ырғыған ат дүбірінің өзі-ақ маңайды жаңғырықтырып, үрейлі айқайға ұласқан
тасыр-тұсыр жер-көкті көтеріп тастағандай болады ( К. О. ).