Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 103. Сөз тіркесіндегі сөздердің байланысу формалары



Pdf көрінісі
бет228/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 103. Сөз тіркесіндегі сөздердің байланысу формалары 
Сабақтаса байланысқан тіркестің құрамындағы сөздер әр түрлі 
синтаксистік тәсілдер мен морфологиялық тұлғалар ар-қылы біріне-бірі 
бағынып тұрып, әрқайсысы сөйлемнің бір-бір мүшесінің қызметін атқарады. 
Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде біріне –бірінің 
бағыныңқылық қатынасын білдіретін синтаксистік тұлғаларды с ө з д е 
р д і ң б а й л а н ы с у ф о р м а л а р ы дейді.
 Қазақ тіліндегі сабақтаса байланысқан тіркестің құрамындағы сөздердің 
синтаксистік банланысы бсс түрлі болып келеді: 1) қиысу, 2) меңгеру, 3)
матасу, 4) қабысу, 5) жанасу. 


1. Қиысу. Қазақ тілінде киысу сөйлемнің тұрлаулы мүшеле-рінің 
арасында — бастауыш пен баяндауыштың арасында — болып келеді. 
Қиысу бастауыш пен баяндауыштың жақтық және жекелік, көптік мағына 
мен тұлға жағынан бірдейлесуі болып табылады. Қиыса байланыскан сөз 
тіркестерінің басыңқысы — бастауыш, бағыныңқысы — баяндауыш 
болады. Сондықтан бастауыш қандай тұлғада қолданылса, баяндауыш та 
сол тұлғада тұрады. Мысалы: 
Мен оқыдым. 
Біз(дер) оқыдық. 
Сен оқыдың. 
Сендер оқыдыңдар. 
Сіз оқыдыңыз Сіздер оқыдыңыздар 
Ол оқыды. 
Олар оқыды. 
Бастауыш пен баяндауыштың жақ жағынан немесе жекелік, көптік 
жағынан біркелкі болып байланысуын қ и ы с у дейді. 
Негізінде, киысу екі түрлі болады: 1) жақтық қиысу, 2) сандық (көптік) 
қиысу. 
Бастауыш пен баяндауыштың белгілі бір жақта тұрып байланысуы 
ж а қ т ы қ қ и ы с у деп аталады. 
Бастауыш болып келетін сөздер, көбіне, зат есімдер мен жіктеу 
есімдіктері. Бұлардан басқа сөздер субстантивтеніп (затқа айналып барып)
бастауыштық қызметте жұмсала алады. 
Бірақ бастауыш болатын сөздердің барлығы бірдей өз баяндауышымен бір 
жақта келіп ыңғайласа бермейді. Жіктеу есімдіктерінен болған бастауыштар 
ғана, баяндауыш қандай сөз табынан болып келсе де, белгілі жақта қиысып 
отырады. Мысалы: 
Ж е к е ш е 
I. ж. Мен барамын 
студентпін 
II. ж. Сен барасың 
студентсің 
Сіз барасыз 
студентсіз 
III. ж. Ол барады 
студент 
 
К ө п ш е 
I. ж. Біз(дер) барамыз студентпіз 
II. ж. Сендер барасыңдар студентсіңдер 
Сіздер барасыздар студентсіздер 
III. ж. Олар барады 
студенттер 
Бастауыш зат есім сөзінен, жіктеу есімдіктерінен басқа 
есімдіктерден немесе субстантивтенген өзге сөз таптарынан болып келгенде, 
бастауыш пен баяндауыш III жақ арқылы байланысады. Мысалы: 
Бала оқыды. Балам оқыды. Балаң оқыды. Баласы оқыды. 


253 
Бұл есімдердегі тәуелдік жалғауының I және II жағы қимылды істеуші 
жақты көрсете алмайды. Сол сөздердің қай жақтағы адамға тән екендігін 
ғана көрсетеді. 
Жоғарыда айтылғандардан ерекше, бастауыш болатын сөз тәуелдік 
жалғауының қай жағында тұрса, олардың баяндауыштары да сол жақта 
келіп, бастауышпен жақтаса қиысатын өз, бәрі, біреу, екеу, үшеу, төртеу, 
бесеу, алтау, жетеу сияқты бір-неше сөздер бар. Олар тәуелдік жалғауын 
жалғап бастауыш кызметінде жұмсалғанда, оның тәуелдік жалғауы қай 
жақта болса, баяндауыш сол жақта қиысады. Мысалы: 
Ж е к е ш е
К ө п ш е
Өзім жаздым
Өзіміз (бәріміз, екеуіміз) жаздық 
Өзің жаздың Өзіңіз (бәріңіз, екеуіңіз) жаздыңыз 
Өзі жазды 
Өзі (бәрі, екеуі) жазды 
Сөйлемде әр турлі жақтағы екі не үш бастауыш болып, олар бір 
баяндауышпен ғана байланысса, баяндауыш бастауышпен бірінші жақта 
қиысады. Мысалы: Бұл жеңіске мен де, сен де мақтанамыз. 
Бастауыш жіктеу есімдігінен, баяндауыш есім сөздерінен болып 
келгенде, кейде жақтық қиысуды көрсстетін баяндауыштың жіктік жалғауы 
тусіп қалып отырады. Бұл, көбіне, өлеңді сөйлемдерде кездеседі. Мысалы: 
Отбасы — шағын мемлекет,
Мен — президент, сен — премьер, 
Арттым саган көп міндет. (Қ. А )
 
Бастауыш пен баяндауыштың көптік жалғау тұлғасында бірлесіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет