Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет274/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

172-жаттығу. Мына сөйлемдердің ішіндегі сөйлем мүшелерін сөйлемнің жалпы 
мағынасын және сөйлем мүшелерінің дағдылы орын тәртібін бұзбастай етіп, орын 
алмастырып қайта құрыңдар. Сөйлем мүшелеріне талдаңдар. 
Үлгі: Салтанат оқып отырған кітабын столға қойды. Оқып отырған 
кітабын Салтанат столға қойды. Оқып отырған кітабын столға Салтанат 
қойды. Столға Салтанат оқып отырған кітабын қойды. 
1) Салтанат оқып отырған кітабын столға қойды. 2) Терезе түбінен әтеш 
шақырды. 3) Ол терезеден көзін тайдырып әкетті. 4) Машина шамын жағып 
көпірге түсті. 5) Салтанат оның не айтқанын естімеді. 6) Салтанат көпір 
аузында бөгелместен үйіне келді. 7) Бегәлі қазір кеңседен қайтып келеді. 8) 
Лаборант қыз оған даралап жауап қайырмады. (Р. Ә.)
§127. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері 
Жай сөйлемде үнемі сөйлем мүшелері бір-бірден келе бермейді. Кейде 
сөйлемнің белгілі бір мүшесі екеу я бірнешеу бо-лып та келеді. Мысалы, 
сөйлемде бір бастауыш, бірнеше баян-дауыш болуы да және, керісінше, бір 
баяндауыш, бірнеше бастауыш болуы да мүмкін. Сол сияқты бір сәйлемде 
тұрлаусыз мүшелердің әрқайсысы да бірнешеу болып келе береді. 
1)Ермек пен Едіге Өнербектің үйіне асыға кіріп барды. 

(С. Т.) 2) Лена 
оған бір қарады да, шығып кетті. (В. О.) 3) Мен жүзім сатуға, сауда 
жасауға дайындалып жатқан жоқпын. (В. Л.) Бірінші сөйлемде бір 
баяндауышқа ортактасып, к і м? деген сұраққа жауап беріп тұрған Ермек, 
Едіге деген екі бастауыш бар да, екінші сөйлемде бір бастауышпен 
байланысқан, не қ ы л д ы? деген сұраққа жауап беріп түрған қарады, шыгып 
кетті деген екі баяндауыш бар. Ал үшінші сөйлемде бір етістік  баяндау-
ышқа меңгеріліп, неге? не істеуге? деген сұраққа жауап беріп тұрған сатуға, 
жасауға деген екі жанама толықтауыш бар. 
С ө й т і п, бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі-мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет