Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет292/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 139. Жақты сөйлем 
Бастауыш бірде айтылып, бірде айтылмай, айтылмаса да баста-
уышының қай жақтағы сөз екендігін баяндауыштың морфологиялық 
тұлғасына қарап оңай тауып алуға болатын жай сөйлемді ж а қ т ы
с ө й л е м дейді. 
Толымды сөйлем де, толымсыз сөйлем де жақты сөйлем бола береді.
1) Оқудан келе жатыр екен. (С. М.) 2) Мейрам рульді шоферға берді. (Ғ. М.) 3) 
Жарасып-ақ тұр. («Қ. Әд.») 4) Мерзімсіздеу уақытта құс сала кеткен баласы 
кешігіп келмегенге Зейне түнімен көз ілмеді. (С. Бег.) 5) Айбынды атағы 
әлемге тараған өзіміздің бір дивизиядан келе жаттым. (Ә. Ә.) 
Бірінші, үшінші, бесінші сөйлемдердің бастауыштары айтылмаған. Бірақ 
оларды табу қиындык келтіріп тұрған жоқ. Кім келе жатыр екен? Не ж а р а с 
ы п-а қ т ұ р? К і м к е л е ж а т т ы ? деген сұрақ қойсақ, бастауыштардың 
бірінші, үшінші сөйлемдерде үшінші жақтағы сөз ол екендігі, бесінші 
сөйлемде бірінші жақтағы сөз мен екендігі көрініп тұр. 
185-жаттығуСөйлемдерді оқып шығып, бастауышы айтылмаған сөйлемдерді бір бөлек
бастауышы айтылған сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазындар. 
1) Уайымшыл болғанша, өжет неге болмадым. (Ғ. М.) Ардақ бұрын көрмеген 
алып машинаны тамашалап біраз тұрды. (Ғ. М.) 3) Өмірдің сұлу, көркем 
екенін білмейтін едік. (С. Ер.) 4) Мен онымен алғашқы рет қалай 
танысқанымды бажайлап айтып бердім. (М. И.) 5) Бұларды көрген соң шыдай 
алмадым. (Ә. Ә.) 6) Раушанмен танысқаныма шексіз қуаныштымын. (М. И.) 7) 
Желден жаралған жылқы жануардың кере аяңынан қатты жүріс табыл-майды. 
(Қ. Әбд.) 8) Ол араның шықты түні сағымды күндізге ұқсаңқырайды. (С. М.) 9) 
Менің көзім қазір бір-ақ нәрсеге анық жетіп отыр. («М. М.») 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет