Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет293/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 140. Жақсыз сөйлем 
Белгілі жақта айтылған бастауышы болмай, сөйлемнің баян-
дауышының морфологиялық тұлғасына қарап, бастауыштың қай 
жақтағы сөз екенін тауып алуға болмайтын жай сөйлемнің түрін ж а қ с 
ы з с ө й л е м дейді. 
Жақсыз сөйлемдердің баяндауыштары әрқашан күрделі түрде
айтылады. 
1) Қалай күн көру керек? (С. М.) 2) Оған жету үшін теңіз үстімен көп күндер 
жүзу керек. 
Жақсыз сөйлемдердің баяндауыштары, негізінде, мынадай жолдармен
жасалады. 
1) Күрделі баяндауыштың бірінші сөзі тұйық райлы етістік болады да
көмекші ретінде керек сөзі колданылады. 
1) Дереу қайтару керек. (Ғ. М.) 2) Теңіз қызметі ауыр, көп нәрселерді үйрену 
керек. (Л. Қ.) 
2. Барыс жалғаулы тұйық райлы етістіктен кейін бол етістігі ашық райдың 
III жағында айтылады. 
1) Жақсы мамандардың бос отыруына болмайды. («Қ. Мұғ.») 2) Онан соң 
тып-тыныш 
 
қайтуға болады. (Л. Л.) 
3. Барыс септік жалғауы жалғанған тұйық райлы етістіктен кейін тура, 
келеді (келер, келмес, келмеді) деген сөз тізбектері тіркесіп айтылады. 
1) Волькаға оны қайталауға тура келді. (Л. Л.) 2) Қазір амалсыздан 
осылай істеуге тура келеді. (Ғ. М.) 
4. Барыс жалғаулы тұйық райлы етістіктен кейін рұқсат, мүм кін сөздері 
және бол етістігінің көсемше тұлғасы келіп, оларға ма, ме сұраулық шылау-
лар тіркесіп айтылады. 
1) Бастауға бола ма? (Л. Л.) 2) Кіруге мүмкін бе? (С. М.) 3) Рұқсат па 
директор? (Б. С.) 
5. Есімше етістікке әуелі қалау райдыц - қы, -ғы-, -кі-, -гІ жұрнақтарының 
бірі жалғанып, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанған етістікке көмекші 
ретінде кел етістігі ашық рай тұлғасында тіркесіп айтылады. 
1) Жақсы әндер үйренгім келеді. (С. М.) 2) Мұны сен ойлап таптың ба, 
соны білгіміз келеді. (Л. Л.) 
 
186-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар да, жақсыз сөйлемдердің 
баяндауыштарының астын сызыңдар. 
1) Ендеше не керек, бетің-жүзің бар демей қарсы алысу керек. (М. Ә.) 2)
Енді өз өмірін қымбатқа бергісі келді. (Л. Л.) 3) Әлі де он есе көбейтуге болар 
еді. (Ғ. Сл). 4) Сол суды пайдалану керек. (Ғ. М.) 5) — Әй, балақайлар, ар 
жаққа қай жерден өтуге болады? ( Б. С.) 6) Тек бұзылмаған автоматты 
пайдалана білу керек. ( Л. Л.) 7) Оған дейін өзге қажеттеріңе өндіріс 


315 
артельдерінен тас алуға болады. (Ғ. Сл.) 8. Мұнан төрт есе жуан арқан беру 
керек еді. (Л. К.) 
187-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар да, жақсыз сөйлемдердің 
баяндауыштарының астын сызып, олардың қандай тұлғада жасалып тұр-ғандығын 
айтыңдар. 
1) Апамды жұтқан жалмауыздай болған бұл ауылдан менің кеткім келеді де 
тұрады. (С. М.) 2) Ұққанда не істеу керек. (Ғ. Сл.) 3) Менің бұдан былай 
сенімен жолдастасқым келмейді. (Б. С.) 4) Қоянды рұқсат қағаз алмай аулауға 
болмайды. (С. М.) 5) Сабақтың орнына саман жинатуға бола ма екен? (Б. С.) 6) 
Бұл жолдас туралы кімнің сөйлегісі келеді? (Л. К-) 7) Өз атыңызды білуге бола 
ма? (Ғ. М.) 8) Хасеннен менің ән үйренгім келеді. (С. М.) 9) Баймақанды 
өлтірмеу керек, тым еркін де жібермеу керек. (Ғ. М.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет