аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис
§22. Сөздің тура және келтірінді (ауыспалы ) мағынасы Сөз белгілі зат, құбылыс, ұғым түсініктердің атауы болады да , негізінде ,
сол бастапқы атауы мағынасында қолданылады. Кейде сөйлем ішінде сөз
бастапқы тура мағынасында қолданырмай, өзге бір түсінік ретінде ауыспалы
мағынасында да қолданылады. Мысалы, Орман іші тастай қараңғы. (Қ.Қайсенов ).Өзінде ой жоқ, басында ми жоқ, әдеті надан адамның (Абай. ) деген сөйлемдердегі қараңғы, басында деген сөздер өздерінің бастапқы тура
мағыналарында қолданылған. Ал Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам. Қараңғылықтың кегіне , күн болмағанда кім болам (С.Торайғыров.), Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты (Ы.Алтынсарин. )деген
сөйлемдердегі қараңғы, басында сөздері өздерінің бастапқы мағыналарында
айтылмай, бұл сөздерге жаңа келтірінді , ауыспалы мағыналар жүктелген.
Мұндағы қараңғы деген сөз « жарықсыз, ешнәрсені көруге болмайды» деген
сындық ұғымды білдірмей, « оқымығын, сауатсыз» деген қатыстық ұғымды
білдірсе, басында сөзі жағасында деген мағынада қолданылып тұр. Құстың қанаты, ұшақтың қанаты, алты қанат ақ үй деген тіркестердегі қанат сөзі
бірінші тіркесте негізгі, тура мағынасында қолданылса, екінші, үшінші
тіркестерде келтірінді, ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Иненің көзі, терезенің қөзі, пайданың көзі, таудың басы, айдың аяғы деген тіркестердің
басыңқы сыңарлары да ауыс мағыналарда қолданылып тұрған зат есімдер.
Сөйтіп, сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал-әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын т у р а м а ғ ы н а дейді. Ал сөз мағынасы ауыстырылып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылса, оны сөздің к е л т і р і н д і немесе а у ы с п а лы мағынасы дейді.