Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 20. Лексика туралы жалпы түсінік



Pdf көрінісі
бет39/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 20. Лексика туралы жалпы түсінік 
 
Лексика бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданы-
лады. Лексика деген термин белгілі бір автордың, шығарманың тілі деген 
ұғымды да береді. Лексикология – сол тілдіңі сөз байлығын қарастыратын, 
зерттейтін тіл білімінің бір тарауы. 
Бір сөзбен айтқанда, лексикологияның зерттейтін мәселесі- сөз. 
Сөз 
 
Белгілі заттың, құбылыстың, оқиғаның, түр-түстің, қимыл-
амалдың, тағы басқа да ұғым-түсініктердің атауын с ө з дейді. 


Адам күнделікті қоғамдық еңбек процесінде айналадағы заттардың
жаратылыс құбылыстарының, өзге де амал-әрекеттердің өзі бұрын білмеген 
сырларын таниды, түсінеді. Адамның айналасындағы заттарды, құбылыс-
тарды білу, тану әрекетінің нәтижесі сөз арқылы тұрақты ұғым болып 
қалыптасады. 
Сөз қоғамдасып еңбек ету үрдісінде адамдардың ойлауына, санасына әсер 
еткен заттардың сәулесі, бейнесі ретінде бір тілде сөйлеуші халықтың барлық 
мүшелеріне бірдей ортақ, түсінікті болып отырады. 
Адам өзі түсінген, қасиетін толық таныған заттарына , ұғымдарына ғана 
атау тағып, күнделікті тұрмыста өзге адамдармен қарым-қатынас жасап, пікір 
алысуда жеке сөз ретінде қолданады. Өзі түсінбеген, сыр-сипатын білмеген, 
қасиетін танымаған нәрсеге атау таға алмайды. Өйткені ол нәрсе жөнінде адам 
санасында белгілі ұғым пайда болмайды. Ұғым пайда болмаған соң, оның 
атауы- сөз де пайда болмайды. Мысалы, қой мен қасқырды бір қораға қамауға 
болмайды деген сөйлемдегі қой, қасқыр деген аңдар мен жануарлар болмаса, 
адам олардың сыр-сипатын білмесе, оларға ондай атау тағылмаған болар еді, 
екеуін бір жерге қоюға болмайтындығы жөнінде пікір, байыптау айтылмаған 
болар еді. 
Тілдегі әрбір сөз белгілі ұғымның, түсініктің атауы болады. 
Ақ, бұтақ, он, шана, бала, бару деген сөздердің әрқайсысының білдіретін 
ұғымы бар. «Ақ» - түстік ұғымды, «бұтақ», «шана», «мал», «бала» заттық, 
бұйымдық ұғымды, «он» - сандық ұғымды, «бару» қимылдық ұғымды 
білдіріп тұр. Әр бір сөздің білдіретін ұғымы с ө з м а ғ ы н а с ы деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет