125
тұрады. Мысалы:
Бейсендер келді дегенде көп Бейсеннің келгенін білдірмей,
Бейсен және басқа адамдардың да келгенін білдіреді.
2. Әдетте көптік жалғау қосымшасы сөзге тәуелдік жалғауы қосымшасы-
нан бұрын жалғанады. Кейде тәуелдік жалғау мен көптік жалғау қосым-
шалары орын ауыстырып та келе береді. Мұндай жағдайда да көптік жалғау
қосымшасы көптік категорияны білдірмей,
тағы басқа да деген ұғымды
білдіреді. М ы с а л ы:
Менің апа- жезделерім оқуды бітіріп, қазір жұмыс
істеп жүр.
3. Сөйлем ішінде келген бірыңғай мүшелердің көптік жалғау қосымшасы
барлығына бірдей жалғанбай, кейде алдыңғыларындағы көптік жалғау
тусіріліп, ең соңғысына ғана жалғанса да болады. Бұл жалпы міндетті ереже
емес, стильдік жеңілдік туғызу үшін ғана қолданылады.
Мысалы: Жиналысқа
ұ й ы м , м е к е м е , к ә с і п о р ы н , ет және сүт өндіретін
ш а р у а ш ы л ы қ т а р д ы ң басшылары шақырылды. («Егемен
Қазақстан»).
Достарыңызбен бөлісу: