Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес



Pdf көрінісі
бет138/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

7.-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес жұрнақтары есім сөздеріне 
жалғанып, бірлестік, теңдестік, мерзімдестік мағына беретін қатыстық сын 
есімдер тудырады. Мысалы, аралас, сыйлас, қадірлес, дәмдес, пікірлес
ауылдас, жерлес, курстас, сырлас,жолдас 
–и жұрнағы зат есім сөздеріне жалғанып, бір нәрсеге бейімдікті біл-
діретін қатыстық сын есім сөздерін тудырады. Бұл жұрнақ бір кездердегі 
шығыс тілдерінен келген сөздер арқылы қазақ тіліне еніп, қазіргі тілімізде 
кейбір санаулы сөздерге ғана жалғанып туынды сын есім сөзін жасайды. 
Мысалы:  саяси мәселе, мәдени іс-шара, рухани азық, ресми түрде, тарихи 
жеңіс. 
9. –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары зат есім сөздеріне жалғанып, 
теңеулік мағыналы қатыстық сын есім тудырады. Мысалы: таудай талап, 
бармақтай бақ, судай таза, сүттей ақ, жібектей есілген, еңгезердей жігіт. 
10. –қой, -паз, -қор жұрнақтары да зат есім сөзіне жалғанып, бір нәрсе-
ге бейімдікті білдіретін қатыстық сын есім тудырады. Бұл жұрнақтар буын 
үндестігі мен дыбыс үндестігіне бағынбай сол қалпында жалғанады. Мысалы: 
сәнқой келіншек, әуесқой композитор, өнерпаз жігіт, еңбекқор адам. 
а) Е т і с т і к т е р д е н с ы н е с і м т у д ы р а т ы н
ж ұ р н а қ т а р 
 
Бұлардың барлығы да мағыналық жағынан белгілі қимылдық процесті 
істеуге бейімдікті білдіретін туынды сын есімдер тудыратын жұрнақтар болып 
келеді. Олар мыналар: 
1. –қыш, -кіш, -ғыш, -гіш: ұшқыш, жарылғыш,желдеткіш,тепкіш
жазғыш, білгіш, оңғыш, тоңғыш


2. –қыр, -кір, -ғыр, -гір: алғыр, тапқыр, өткір, білгір,
3. –шақ, -шек: жасқаншақ, мақтаншақ, сүріншек, еріншек, ашуланшақ
4. –малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі. аумалы, төкпелі, тоғыс-палы
түсіндірмелі, үдемелі, жылжымалы, құбылмалы
5. –ңқы, -ңкі, -ыңқы, -іңкі: басыңқы, бағыныңқы, түсіңкі, ісіңкі
көтеріңкі. 
6. –қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек: қорқақ, ақсақ, бұзық, үркек, жетік, сынық
қанық, жабық. 
7. қақ, -кек, -ғақ, -гек: жабысқақ, майысқақ, ұрысқақ, тырысқақ
тоңғақ. 
8. нды, -нді, -ынды, -інді: құранды, жасанды, асыранды, жиынды
қиынды, түйінді. 
9. –аған, -еген: қабаған, қашаған, тебеген, сүзеген, алаған, береген.
10. –улы, -улі: санаулы, қалаулы, төсеулі, жиюлы, терулі, керулі, себулі. 
11 .–мды, -мді, -ымды, -імді: жарамды, ұнамды, сенімді, өнімді, төзімді,
сезімді, қонымды, оралымды. 
12. –у. жүдеу, бітеу
 
86- жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп, негізгі сын есімнің астын сызыңдар да, туынды 
сын есімдердің түбірі мен жұрнағын сызықша арқылы бөліп жазыңдар. Олардың қай сөз 
табынан жасалып тұрғанын айтыңдар.
1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды. 
Соқыр, мылқау -танымас тірі жанды. (А.Қ.) 
2.Еріншек егіншіден, ерінбеген масақшы озады. (М.М.) 3. Ағанияз иесіз 
скамейкалардағы пышақтар мен қол балғаларды жия бастады. (Ә.С.) 4. Қара 
сақалды, қара қалпақты, жүзі суық үлкен кісіге өз аруағын қорғай тіл қатқаны 
да, қызға әйелдің батыл адам екенін байқатты (Х. Е.). Тегінде, ертекші, өлеңші 
не басқа әңгімеші адамға талай уақыт тапжылмай қарап қалу Абайдың 
кішкене күнінен бергі әдеті еді ( М. Ә. ). 6. Келте мұрын, аузы аз ғана 
үлкенірек, қоңыр көздеу болғанымен, маған ол өте сымбатты көрінді. (Ғ. М.)
Келін- тамаша адам, ақылды, парасатты және шығыстың әдет-ғұрпын бірде-
бір бұлжытпай орындайтынөз ортасының өте көрегенді әйелі (Х.Е.). Өте 
кекшіл, әрі сезімтал және өр көкіректеу Зағипаға Шолпанның сөзі табанға 
басқан шоқтай тиді (Х.Е.). Ортада ұшын қырыққан дөңгелек ақ сақалды, ала 
шапанды, сәлделі бір жат адам отыр екен (С. М.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет