6) Сын есімдер мағынасы мен граммаикалық ерекшеліктеріне қарай
қаншаға бөлінеді ?
7) Сапалық сын есімдерге қандай сын есімдер жатады ?
8) Қатыстық сын есімдерге қандай сын есімдер жатады ?
9) Қандай сын есімдер жалаң және күрделі сын есімдер деп аталады ?
88-жаттығу.
Көшіріп жазыңдар да, сапалық сын есімдердің астын бір,
қатыстық
сын есімдердің астын екі сызыңдар.
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы.
Аласыз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке
қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды.
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды.
Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағыналы,
Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды. (А.Қ.).
Достарыңызбен бөлісу: