Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет141/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

89-жаттығу.  Мәтінді оқып шығып, жалаң сын есімдерді бір бөлек, күрделі сын есімдерді 
бір бөлек өзінің анықтайтын сөзімен бірге көшіріп жазыңдар.Күрделі сын есімдердің қалай 
жасалғанын түсіндіріңдер. 
Бақылау пункітінің жертөлесіне генерал Панфилов кіріп келді. Қасында 
ашаң жүзді, қара қатпа,сәл мұңды, ойлы көзді , асқақ пішінді артиллерия 
подполковнигі бар. Үстіне қонып тұрған әсем әскери формасы болмаса, « бұл 
күнәхар дүниеде бәрі де өтеді де кетеді, өзгерістен кім қашып құтылсын» деп, 
мырс күліп, мысқылдап тұрған салқын мінезді философтың тас мүсініне 
ұқсайды. Бұндай бейнелі подполковник – дивизиядағы артиллерия полкінің 
командирі Курганов Георгий Федорович ( Б. М. Ұ.). 
Қонақтар кіріп, амандасып, болжап отыр.Үй іші көп жан емес екен. Оң жақта 
, жер төсектің үстінде төрт-бес жасар немересін құшақтап, қызыл сары кемпір 
отыр. Ұзын бойлы, ашаң жүзді аққұба әйел бар. Қырық шамасына жаңа 
ілінген қара көз әйел. Кезінде сұңғақ, сұлу болғанға ұқсайды.
Үй иесін Абай жаңа анықтап көрді. Бұйралау ұзын сары сақалы бар, 
қызыл жүзді, көк көзді, кесек мұрынды сұлу адам екен. Дауысы зор, үні 
қатқыл. (М. Ә.).
§ 65. С ы н е с і м н і ң ш ы р а й л а р ы. 
Белгілі нәрселерде болатын түр, түс, сындық сапалар барлық нәрседе 
бірқалыпты болмай, әр нәрседе әр түрлі дәрежеде болады. Мысалы: Ана 
қызыл алманы қара. Мына алма одан да гөрі қызылырақ. Бұл қызғылт алма 
өте жұмсақ екен. Дүкенде қып-қызыл алма сатып жатыр. Бұл сөйлем-дерде 


163 
алмадағы қызыл түстің өзі әр түрлі дәрежеде болатындығы айтылады.  Қызыл 
алма дегенде қызыл түстің қалыпты сапасы айтылса, қызылырақ дегенде, ол 
сапаның біріншімен салыстырғанда, екіншіден артық екендігі көрсетіледі де, 
қызғылт алма дегенде, алманың түсі толық қызыл емес, соған жақын деген 
ұғымды білдіреді. Ал қып-қызыл алма дегенде, түстік сапаның барып тұрған 
шегі, бұдан артық қызыл түс болмайды дегенді білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет