Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет17/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

14-жаттығу. Мәтінді оқып шығыңдар да, дауыссыз дыбыстарды көрсетіңдер. Олардың 
дауыссыздың қай түріне жататынын айтып беріңдер. 
Ұзақ жаңбыры мен сұрғылт тұманы үзілмейтін Шығыс Пруссия жерінде 
аз күн тұрғаннан кейін гвардиялық дивизияның бірнеше батальондарындағы
әскерлері елдеріне қайтты.Өзінің тағдырлас болған дивизиясымен қош
айтысып, Бексұлтан да еліне қайтатын болды. Дәл жүретін күні полк 
командирі Николай Чернов елге қайтатындарды Кенигсберг түбіндегі че-
репицамен жабылған, үшкіл шатырлы үйлердің бірінде қабылдап, оларға 
қонақ асы берді. Подполковник Чернов қонаққа келген офицерлер мен 
жауынгерлердің бас-аяғына көз жіберіп қарап өтті. Әке балаларын жолға 
шығарарда оның бас-яғына қандай қарайтын болса, подполковник те оларға 
солай қарады. ( Ж. Жұм.)
 
2. Д а у ы с с ы з д ы б ы с т а р д ы ң ж а с а л у т ә с і л і н е ж ә н е 
а й т ы л у ы н а қ а р а й ж і к т е л у і 
Дауыссыз дыбыстардың жасалу тәсілі де, айтылуы да бірдей емес. Кейбір 
дыбыстар ауыз қуысындағы екі түрлі дыбыстау мүшелерінің бір-біріне тиіп 
жымдасуынан, қабысуынан пайда болады. Ондай дыбыстарды шығаруда ауа, 
дауыс құйылысы кілт үзіліп шығады да, дыбыс шұғыл айтылады, созып айтуға 
келмейді. Мысалы: п мен б дыбыстарын шығаруда екі ерін біріне-бірі 
жабысып тұрады да, өкпеден келген ауа екі ерінді бұзып өтеді. Содан барып 
ауа кілт үзіліп, дыбыс тез, шұғыл айтылады. Мұндай дыбыстарды жасалуы 
жағынан жабысыңқы, айтылуы жағынан шұғыл
дыбыстар дейді. Оларға :
п, б, т, д, г, к, ц, ч дыбыстары жатады. 


21 
Кейбір дауыссыз дыбыстарды шығаруда ауыз қуысындағы дыбыстау 
мүшелері біріне-бірі тиіп жабыспай, біріне-бірі жақындап жуысып тұрады да, 
өкпеден келген ауа екі мүшенің аралығынан сүзіліп өтеді. Ондай дыбыс-ты 
айтуда белгілі дәрежеде ызың пайда болады. Дыбыстар созып айтуға келеді. 
Мысалы, в дыбысын шығаруда үстіңгі тіс астыңғы еріннің ернеуіне сәл ғана 
тиіп тұрады да, дыбыс сүзіліп өтеді. Ал с мен 3 дыбысын шығаруда жоғарғы 
тіс пен төменгі тіс бір-біріне тиер-тимес болып тұрады да, дыбыс тіс 
аралығынан сүзіліп өтеді. Мұндай дыбыстарды жасалуы жағынан жуысың- 
қы, айтылуы жағынан ызың дауыссыз дыбыстар дейді. Оларға: ф, в, с, г, з, ш, 
х, ж, һ дыбыстары жатады
3. Д а у ы с с ы з д ы б ы с т а р д ы ң ж а с а л у о р н ы н а қ а р а й
ж ү й е л е н у і 
Дауыссыз дыбыстар, негізінде, ауыз қуысындағы дыбыстау мүшелерінің 
жұмысы арқылы жасалады. Сондықтан қай дыбыс қандай дыбыстау мүшесінің 
басқа дыбыстау мүшесіне соғылысуынан немесе жақындап жуы-суынан 
жасалатын болса, сол дыбыстаушы мүшенің атымен аталып жікте-леді. 
Жасалу орнына қарай дауыссыз дыбыстар мына сияқты 8 топқа бөлінеді: 
1) ерін дауыссыз дыбыстары: п, б, м, у (тау); 
2) тіс пен ерін дауыссыз дыбыстары: ф, в; 
3) тіс дауыссыз дыбыстары: т, д, с, з, щ, ц; 
4) тіл ұшы дауыссыз дыбыстары: н, л, ч; 
5) тіл алды дауыссыз дыбыстары: р, ш, ж, й  (тай); 
6) тіл ортасы дауыссыз дыбыстары: к, г; 
7) тіл арты дауыссыз дыбыстары қ, ғ, ң, х; 
8) көмей дауыссыз дыбысы: һ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет