Тақырып бойынша сұрақтар
1. Дауыссыз дыбыстардың жасалуының қандай ерекшеліктері бар?
2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны нешеу?
3. Дауыссыз дыбыстар жасалуына қарай неше топқа бөлінеді?
4. Үнді дауыссыз дыбыстар қалай жасалады? Оларға қандай дыбыстар
жатады?
5. Қатаң дауыссыз дыбыстар қалай жасалады?Оларға қандай дыбыстар
жатады?
6. Ұяң дауыссыз дыбыстар қалай жасалады? Оларға қандай дыбыстар
жатады?
7. Дауыссыз дыбыстар жасалу тәсіліне қарай қалай жіктеледі?
8. Дауыссыз дыбыстар жасалу орнына қарай қалай жіктеледі?
9. Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі туралы айтып бер?
§ 10. Орфография
Белгілі тілдің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығын о р ф о -
г р а ф и я дейді. Орфография ( грек. Orthos – дұрыс, qropho – жазамын.)-
сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже
. Кейде
орфография кең
түрде е
м л е мағынасында қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін
де көрсетеді.
Сөздердегі дыбыстарды әріппен беруде қазақ
орфографиясы негізінен
ф о н е м а т и к а л ы қ ұстанымға сүйенеді: басшы (башшы емес), түнгі
(түңгі емес) т.б. Фонематикалық принцип, көп жағдайда морфологиялық
принципке сәйкес келеді.
Ф о н е т и к а л ы қ ұстаным бойынша
сөз естілуі бойынша жазылып,
фонеманың дыбыстық қоршауға тәуелді түрленімдері таңбаланады. Мысалы,
тап+ып - тауып, жүрек+ім- жүрегім. Қазіргі орфографиялық ереже
бойынша кейбір жалқы есімдердің, біріккен сөздердің
сыңарлары
фонетикалық принциппен жазылады
( Ботагөз, Амангелді, жаздыгүні т.б.)
Т а р и х и – д ә с т ү р л і ұстаным бойынша сөздің жазылуы тілдің қазіргі
күйіне
сәйкес келмейді де, сөз үйреншікті болып кеткен дағды бойынша
жазылады. Әдетте тарихи-дәстүрлі ұстаным жазу-сызуы бір графика негізінде
қалыптасып, өзгермей келе жатқан тілдерге тән (
мысалы, ағылшын, француз
т. б,) Қазақ әліпбиі жиі ауысып отырғандықтан , бұл ұстаным
қазақ тілінде
сирек қолданылады.
Тарих, халық, хикая,қаһарман, шаһар сияқты сөздердің
жазылуы тарихи-дәстүрлі ұстанымға негізделген.
А й ы р ы м ұстанымы бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер
шартты түрде орфография арқылы ажыратылады:
қан-хан, қал-хал, қауып-
қауіп, тиын-тиін, өкімет-үкімет т. б.
Достарыңызбен бөлісу: