Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Өз алдына сөйлемнің тиянақты дара баяндауышы бола алмайтын, өзге



Pdf көрінісі
бет174/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Өз алдына сөйлемнің тиянақты дара баяндауышы бола алмайтын, өзге 
бір ашық райлы етістіктегі қимылдың сапасын, белгісін сипат-тайтын 
немесе көмекші етістіктерге тіркесіп, күрделі етістік тудыратын 
етістіктің тұлғасын к ө с е м ш е дейді. 
Көсемшенің семантикалық және сыртқы тұлғалық қасиеттеріне сәйкес үш 
түрі болады: 
а) Көсемшенің бірінші түрі етістіктің түбіріне –а, -е, -й жұрнақтары 
жалғану арқылы жасалады. Мысалы: айт+а, бар+а, кел+е, сез+е, ойна+й, 
төле+й
айта берді, бара тұрды, келе жатыр, сезе қойды, ойнай берді, төлей 
алмады). 
Көсемшенің бұл түрі ашық райдың ауыспалы осы шағын жасауға негіз 
болады, яғни жіктік жалғаулар көсемшенің осы түрінің үстіне жалғанады. 
Мысалы: жаз+а+мын, жаз+а+сың ,жаз+а+ды; кел+е+мін, кел+е+сің, 
кел+е+ді; сана+й +мын, сана+й +сың, сана+й +ды. 
ә) Көсемшенің екінші түрі етістіктің түбіріне –ып, -іп, -п жұрнақтары 
жал-ғану арқылы жасалады. Мысалы: айт+ып, бар+ып, кел+іп, сез+іп, 
ойна+п, төле+п (айтып берді, барып келді, келіп отыр, сезіп қойды, ойнап 
болды, төлеп келді). 
Көсемшенің бұл түріне жіктік жалғаулары жалғанып, ащық райдың өткен
шағының бір түрі жасалады. Мысалы: бар+ып+пын, бар+ып+сың, 
бар+ып+ты; кел+іп+пін, кел+іп+сің, кел+іп+ті; сөйле+п+пін, сөйле+п+сің, 
сөйле+п+ті. 
б) Көсемшенің үшінші түрі етістіктің түбіріне –қалы, -келі, - ғалы, -гелі, 
жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: айт+қалы, кет+келі
бар+ғалы, кел+гелі,( айтқалы отыр, кеткелі жатыр, барғалы жүр, келгелі 
жатыр). 
в) Көсемшенің төртінші түрі етістіктің түбіріне -қанша, - кенше, -
ғанша, -генше кел - генше, көр - генше, айт – қанша жұрнақтары жалғану 
арқылы жасалады. 
Көсемшенің бұл түрі сөйлемдегі айтылған ойға келер шақтық мән үстейді. 
Көсемше сөйлемде ашық райлы етістіктің қимылдық сапасын, белгісін 
көрсетіп пысықтауыш болады. Мысалы: Абайлар үйге сөйлей кірді. Ол Алма-
тыға оқығалы кетті. Бұл сөйлемдердегі сөйлей (қалай?), оқығалы (не үшін? 


не мақсатпен?) деген көсемшелер кірді, кетті деген етістік баяндауыштарды 
пысықтап тұр. 
Көсемше етістіктер көмекші етістікке тіркесіп айтылып , күрделі баянда-
уыштың құрамындағы баяндауыштық ұғымға ие болатын негізгі сөз ретінде 
де қолданылады. Мысалы: Келгендегідей басын болар-болмас иді де, Құрба-
нов тіс жарып жауап қатпастан шығып кетті.(Х. Е) Хош, сау бол , ей 
ағайлар, біз келгенше. 
113- жаттығу. Мәтінді оқып шығып, көсемшелерді тауып, олардың қалай жасалғанын
сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айтыңдар. 
1.Тәжімұраттың ес білгелі етегінен ұстап келе жатқан бір қағидасы бар 
еді ( Х. Е. ). 2. Жанар орнынан тұрып, төр жақтағы бөлменің есігін ашып еді, 
Шынтас шешініп, жатып қалыпты ( Т. Ахт. ). 3. Абай өзін де, айнала жұртты 
да тегіс ұмытыпты (М. Ә. ) 4. Жүргіншілердің бұл кезде келіп тірелген жері – 
Машан тауының желке тұсы екен. Алда Абылғазы бастап жортып келеді. 
Оның қасында қатарына ілесіп, әңгімелесіп келе жатқан-Ербол. Әлі күнге тың, 
ширақ басып келе жатқан құла жирен атын Абай алдыңғы екеуінің артына 
тақау бастырып, ілестіріп, қатты бір мең-зеңде келеді. Өзінің ауру-сауын да 
айыра алмайды. Өне бой соққы жеген кісідей мылжа-мылжа (М. Ә. ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет