Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


арқылы істететіндігін білдіретін етістіктің түрін ө з г е л і к е т і с дейді



Pdf көрінісі
бет182/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

арқылы істететіндігін білдіретін етістіктің түрін ө з г е л і к е т і с дейді. 
Мысалы: Біржан ән айтты. Біржан Айгерімге ән айтқызды. Біз 
шығарма жаздық. Біз жоғарғы сынып оқушыларына шығарма жазғыздық. 
Бұл төрт сөйлемнің бастауыштары біріншіі және екінші сөйлемдерде Біржан, 
үшінші және төртінші сөйлемдерде біз. Бірінші және үшінші сөйлемдерде 
айту, жазу қимылдарын бірінші, үшінші жақтағы адамдардың өздері 
істейтіндігі көрсетіледі. Екінші және төртінші сөйлемдерде айту, оқу 
қимылдарын өздері істемей, өзге біреулер арқылы істеткендіктері көрсеті-леді. 
Өзгелік етістер етістіктің түбіріне -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ғыз, -гіз, -қыз, -
кіз, -т, -ыр, -ір жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. 
Бұл жұрнақтар сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына және 
сөздің соңғы дыбысына қарай төмендегіше құбылып жалғанады: 
1–дыр, -дір жұрнағы ұяң з және үнді  л, н, ң, й, у дыбыстарынан соң (қаз-
дыр, сез-дір, ал-дыр, жел-дір, қон-дыр, ен-дір, тоң-дыр, жең-дір, ой-дыр, ки-
дір, сау-дыр) жалғанады да, -тыр, -тір жұрнағы қатаң дауыссыз дыбыстардан 
соң (айт-тыр, аш-тыр, төк-тір, ек-тір, кес-тір) жалғанады.. 
2.–ғыз, -гіз жұрнағы көбіне үнді р, л, н, й, у дыбыстарынан соң (ор-ғыз, жүр-
гіз, сал-ғыз, бөл-гіз, ой-ғыз, сой-ғыз, үй-гіз, түй-гіз, жон-ғыз, сен-гіз) 
жалғанады да, -қыз, -кіз жұрнағы қатаң дауыссыз дыбыстардан соң (сат-қыз, 
өт-кіз, аш-қыз, шеш-кіз, тап-қыз, сеп-кіз, жат-қыз, ек-кіз) жалғанады. 
3.–т жұрнағы дауысты а, е, ы, і және үнді  р, л, й  дыбыстарынан соң (сана-
т, қара-т, шегеле-т, қоры-т, ері-т, шақыр-т, өкір-т, азай-т) жалғанады.
4.–ыр, (ір) жұрнағы көбіне қатаң ш, с, т дыбыстарынан соң (ас-ыр, өс-ір, 
кет-ір, қаш-ыр, көш-ір) жалғанады . 


205 
118-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, өзгелік етіс тудырып тұрған жұрнақты етістік-
тің түбірінен және оның соңынан жалғанып тұрған қосымшадан дефис арқылы бөліп 
жазыңдар.
1. Өнер-білім бар жұрттар 
Тастан сарай салғызды. 
Айшылық алыс жерлерден 
Көзіңді ашып жұмғанша 
Жылдам хабар алғызды . ( Ы .А.)
2. Нұрымен күндей балқытып,
Болмағанды болдырған. 
Қарасам көзім тойдырған, 
Бәйгеден озып жүлде алған, 
Шауып мүше күнде алған, 
Өлеңнің көзін қазайын, 
Бауырымды жазайын, 
Жүйрік емен болдырған. ( Ж. Ж.) 
4. Ырықсыз етіс. Істі істеуші арнайы айтылмай, іспен, қимылмен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет