§ 80. Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктер іс, қимыл, амал, әрекетті білдірумен қатар семантикалық
жағынан сол қимылдың әрекетіне ұшырайтын заттың, объектінің болу,
болмауын қоса көрсетеді. Кейбір етістіктердің қимылдық ұғымы өз
объектісімен тіке-лей байланысты болады, белгілі затқа сабақталып
айтылады. Жаз деген етіс-тіктің лексикалық мағынасы белгілі қимылды
білдіру болумен қатар, сол қимылдың объектісі болатын заттың тіркесіп
айтылуын керек етіп тұрады. Сондықтан мұндай етістіктерден кейін нені?
кімді? сұраулары қойылады да, оған жауап ретінде табыс жалғаулы сөз
айтылуға тиіс.
Енді бірқатар етістіктердің лексикалық мағынасы затпен, объектімен
тікелей байланысты болмайды, мысалы, жат, күл деген етістіктерден кейін
нені? кімді? кұраулары қойылмайды. Сөйтіп , етістіктер семантикалық
жағынан белгілі затқа тіркесіп айтылу , айтылмауына байланысты сабақты
етістіктер және салт етістіктер деп екі топқа бөлінеді.
Табыс септік жалғаулы тура толықтауышты талап ететін етістіктің
түрін с а б а қ т ы е т і с т і к дейді.
Мысалы: оқы , жаз, аш, жап, жақ, ал, көр, тоқы, көрсет,тазала,шақыр,
жина,қайыр, көшір,суғар, аудар,тәрбиеле,орында,тап,
шап,кес,тес,шеш,әкел,бер,ор,ұста,бу,жу,шаш.
Табыс жалғаулы сөзді талап етпейтін етістіктің түрін салт етістік дейді
Мысалы: отыр, жатыр, жат, тұр жүр ,кел,кет,қайна,сайра, оз,қал,жайна
,күл, жет, жарқыра, күркіре, сіркіре, жұмыл, түңіл, күлімде, жүгін, бар,
ұйықта, дірілде, жау, қаш, ұш, секір.
Етістіктердің сабақты етістік , салт етістік болып бөлінуі-грамматикалық
категория емес , семантикалық категория. Сондықтан да жоғарыдағы келті-
рілген мысалдардағы сияқты бастапқы түбір тұлғасындағы лексикалық
мағынасы етістік сөздерінің бірқатарының сабақты етістік ,енді кейбіреуле-
рінің салт етістік екендігін білдіріп тұр.
Етістіктің түбіріне жұрнақ жалғану арқылы етістіктің бір категориядан
екінші категорияға ауысуымен байланысты семантикалық жағынан салт
етістік сабақты етістікке және керісінше, сабақты етістік салт етістікке
айналып та отырады.
1. Етістіктің түбіріне өзгелік етіс категориясынан тудыратын –тыр(тір),
Достарыңызбен бөлісу: |