Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Етістіктің шартты райының жіктелу үлгісі



Pdf көрінісі
бет198/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Етістіктің шартты райының жіктелу үлгісі 
 
жақ 
жекеше
көпше
І 
ІІ 
ІІІ 
бар+са+м, кел+се+м
бар+са+ң, кел+се+ң
бар+са+ңыз, кел+се+ңіз
бар+са , кел+се
бар+са+қ, кел+се+к
бар+са+ңдар, кел+се+ңдер
бар+са+ңыздар кел+се+ңіздер
бар+са, кел+се.
 
Шартты райдың жіктік жалғау қосымшасынан соң кейде –шы,- ші  жұрнағы 
жалғанып та айтылады. Мысалы: барсам-шы, келсем-ші, барсаң-шы, келсең-ші 
, барса-шы, келсе-ші.
Бұл жұрнақтар жалғанғанда, етістікте шартты рай мағынасы негізінде
сақталады да, оған қосымша кейбір мағыналық өң, рең пайда болады. І жақта 
ІІІ жақта шарттық мағынаға қосымша етістікке өкініштік мағына пайда 
болады. Мысалы: Кеше кинроға мен де барсамшы. Ол мұнда кеше келсеші.
ІІ жақтағы шартты райлы етістікте -шы, -ші жұрнағы жалғанғанда, 
бұйрықөтініш ұғымы пайда болады. Мысалы: Тезірек барсаңшы, шырағым. 
Келсеңші енді. 
-са, -се жұрнағы жалғанған сөздің барлығы бірдей үнемі шарттық ұғым бере 
бермейді. Мысалы: Бұл хабарды арыстан естісе керек. Әкең болса ауырып 
жатыр деген сөйлемдер мен сөз тіркестеріндегі естісе, болса деген 
етістіктерге жалғанып тұрған –са, -се  сол сөздерге шарттық ұғым беріп тұрған 
жоқ. Бұлардың әрқайсысы әр түрлі ұғым беріп тұр: естісе деген етістік керек 
сөзімен тіркесіп естіген болар деген болжалдық ұғымды білдіреді. Әкең 
болса  деген тіркесте болса сөзі қимылды білдіруден гөрі күшейткіш –да, -де  
шылауына мағыналас, оның орнына әкең де ауырып жатыр деуге болады. 
127 – жаттығу.
Мына сөйлемдерді көшіріп, -са, -се жұрнағы жалғанған етістіктерді 
тауып, шартты райдың астын сызып, қай жақта екенін айтыңдар. 


1. Төстік елсізбен келе жатса, алдынан бір адам көрінеді. ( Қ.Е.) 2. 
Саққұлақ тыңдап көрсе, адам баспас деген жерге қонып жатқан хабар естіледі. 
(Қ. Е.) 3. Ондаған көшелерді аралап шықсақ та, қала халқынан бір адам 
кездестірген жоқпыз. (Ғ . Мүсір.) 4. Бір мезгілде мектепке тағы барсақ,оның 
тірі гүлдер қойған бөлмесінде отряд бастықтарының мәжілісі боп жатыр екен. 
(С. М. ) 5. Совет әскерлері Днепрден өте қалғандай болса, қарсы шабулға 
дайындалған неміс танк колоналарының тізбегі ыдырай бастады. (С. Б: ) 6. 
Саптағы жауынгерлер болса, полковник пен комиссардың даусын естіп қатар 
түзеп, біркелкі нық басуға тырысқан сияқты. ( Б. М-ұ. )
7. Аспазшы бір нәрсе айтса керек, желкесінен солдаттардың күлкісі естілді. 
( Т. А. ) 8.Алыстан қарасаң, қанаты зор бір алып құс па дерсің. ( Ғ. Сл..)
9. Самолеті сау болғанмен, өзі жараланған болса, қаны тамар еді, талықсыған 
болса, самалетін бүркей алмас еді. (Ә. Ә. ) 10. Тәкежан болса кешегі аға 
сұлтан Құнанбайдың баласы, «әмір – құдірет тек өзімде болсын, оны 
сынаушы да болмасын, таласып, тартып алам деуші де шықпасын. Ал енді 
қалай жесем де, ара түсуші болмасын », - дейді. (М. Ә.) 11. Біреу осы 
қуанышты таразының екі басына салып жіберсе, бәріңдікін бір менікі басып 
кетер еді. ( Ғ. М. )


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет