Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 101. Хабарлы, сұраулы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің тыныс



Pdf көрінісі
бет226/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 101. Хабарлы, сұраулы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің тыныс
белгілері 
1. Хабарлы сөйлемнің соңынан нүкте (.) койылады. Мысалдар: 1) Жасы да, 
еңбегі де үлкен. 2) Сол үлкен еңбегі әперген беделі де үлкен еді. 3) Қарауын-
дағы жұмысшылардың бәрі де оның айтқанын заң көретін-ді. 4) Лавада 
жұмыс қызу жүріп жатты. (Ә. Ә.) 5) Ол өзі жастар ұйымының жетекшісі 
болатын. 6) Тац атты. 7) Бүгін күн ешбір оқиғасыз өтті. (В. К.) 
2. Сұраулы сөйлемнен кейін сұрау белгісі (?) қойылады. Мысалы: Маңайлап 
кеп қарап түрған Шәкір мен Мұратты бір кезде Николай Трофимович 
қасына шақырды. 
— Сендер осы мектепте оқисыңдар ма? 
— Иә, осында оқимыз, Николай Трофимович.— деді Мұрат. 
— Менің аты-жөнімді қайдан білесіңдер?деп, күлімсіреді Николай 
Трофимович. 
— Білмегенде ше? Біз осындағы шекарашылардың бәрін танимыз. 
(Б. Соқп.). 
3. Лепті, бұйрықты сөйлемдерден кейін леп белгісі (!) қойылады. 
Мысалдар: 
— Сәтбала, Есігіңді аш! (Ғ. Сл.) 
— Мамыр біткен биылғыдай болсайшы! — деді аспанның түнгі көрінісіне 
сүйсінген Қайырбек. (Ғ. Сл.) 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Тіл білімінің синтаксис деп аталатын саласы нені зерттейді? 
2) Сөйлем деген не? Сөйлеу деген не? 
3) Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? 
4) Қандай сөйлемді хабарлы сөйлем дейді? 
5) Қандай сөйлемді сұраулы сөйлем дейді? Сұраулы сөйлемдердегі 
сұраулық мағына қандай жолдармен беріледі? 


6) Қандай сөйлемдерді лепті сөйлем дейді? 
7) Қандай сөйлемдерді бұйрықты сөйлем дейді? 
 
144-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, сөйлем соңындағы тыныс белгіле-рінің әр
түрлі болу себебін түсіндіріңдер. 
1) — Қағаз да бергізбейсің бе? 
— Бергізбеймін. 
— Оның ағайыншылыққа жата ма? 
— Ағайыншылығыңды көргем. Маған өкпең өтпейді. Қеңшілікте шаңына 
ілестірмейтін ең, тарыққанда табайын деген екенсің. (С. М) 
2) - Бұлар жайында не білесің? 
— Қөмір іздеп жүргендер ғой. Тіпті ерінбейді. Тесе береді 
жерді. Бұлар келгелі екі-үш жыл болды. (Ғ. М.) 
3) — Сырттан келгенді алмай ма? 
— Неге алмасын? 
— Мәселен, мені ала ма? 
— Білімің толса, алады. (М. И.) 
4) — Қошақандар тугел ме, Жаныс аға? 
— Түгел ғой, қарағым. Неге түгел болмасын! 
— Ертелеу бөлгеи жоқсыз ба? 
—Жоқ-жоқ, қарағым. Басқа жағыңа разымын. Тек осы дағ- 
дыма қол сұқпасаң болды. (Ғ. Сл.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет