249
жұрнақтары жалғанып, тілек, жалыныш, не сыпайы түрде бұйыруды
білдіретін сөйлемдер жасалады:
– Келші, қалқам, менің қасыма отыршы! Қарағым, мына баланы риза
қылшы! (Ә.Әбішев.).Балам, жөніңді айтшы! (М.Ә.).
г)
-шы, -ші қосымшасы жалғанған бұйрық рай тұлғалы баяндауыштары
бар сөйлемдер кейде
біреуге сес көрсету, қорқыту мәнінде айтылады:
- Қане, осы баланың бәйгесін бермей көрші! Тапсырманы орындамай
көрші! (Ғ.Сланов.).
д) Етістіктің қалау, бұйрық рай тұлғаларынан жасалған баяндауыштары
бар сөйлемдер ұран, үндеу мағынасында да жұмсалады:
22 Наурыз, көктем
мерекесі құтты болсын! Спортшы жастар, қазақстанның көк байрағын
олимпиада төрінде желбірете беріңдер! («Егемен Қазақстан» газетінен)
Достарыңызбен бөлісу: