Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


 Матасу. Сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланысының бір түрі —  матасу. Ол ілік жалғаулы анықтауыш пен тәуелдік жалғауының бір



Pdf көрінісі
бет231/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

3. Матасу. Сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланысының бір түрі — 
матасу. Ол ілік жалғаулы анықтауыш пен тәуелдік жалғауының бір 
жағында (көбінесе III жағында) айтылған анықталатын сөз 
тіркестерінің арасында келеді. Сөздердің қиысу, меңгеру сияқты байланыс 
тәсілдерінде сөз тіркестерінің өз-ара қарым-қатынастары бір жақты болып, 
басыңқы мүше бағыныңқы мүшенің морфологиялық тұлғасын өзіне 
бағындырып отырады. Ал матаса байланысқан сөз тіркестерінің ара 
қатынасы бір жақты болмай, бірінсіз бірі колданылмайтын, бірін бірі 
айқындайтын болып келеді. Сөйлемде ілік жалғаулы сөз кездессе, одан кейін 
іргелес келіп немесе араға бірнеше сөз салып тәуелдік жалғауы анықталатын 
сөздің айтылуы шарт жә-не, керісінше, сөйлем ішінде тәуелдік жалғаулы сөз 
айтылса, оның алдында айтылса-айтылмаса да, ілік жалғаулы анықтауыш 
болуы — тілдік заңды кағида. Мысалы: Болаттың інісі келді. Болаттың 
қалада оқып жатқан інісі келді. Кеше қалада оқып жатқан інісі келді. 
Матаса байланысудың тағы бір көзге түсерлік ерекшелігі анықтаушы-
анықталушы сөздердің тізбегі бірін бірі анықтап ширатыла береді. Мысалы: 
 Мектептің директоры 
Мектептің директорының кабинеті. 
 
Мектептің директорының кабинетінің есігі. 
Мектептің директорының кабинетінің есігінің кілті. 
Матаса байланысқан (анықтаушы-анықталушы) сөздердің басым жағы 
тәуелдік жалғаулы анықталушы сөз болып саналады. Оны мына сияқты 
жағдайлардан анық көруге болады: 
Біріншіден, сөйлемдегі ілік жалғаулы анықтауышты түсіріп айтуға 
болады. Сөйлемнен тәуелдік жалғаулы анықталушы сөзді түсіріп айтуға 
болмайды. 
Баланың кітабы столда жатыр деген сөйлемді кітабы столда жатыр деп 
те айтуға болады. Одан сөйлемнің мағынасына нұқсан келмейді, тек 
кітаптың кімдікі екеңдігі анықталмаған. Ал сол сөйлемді баланың столда 
жатыр деп қайта кұруға болмайды. 
Екіншіден, ілік жалғаулы анықтаушы сөздің ілік жалғау қосымшасын 
айтуға да, айтпауға да болады. 
Ауылдың адамдары түгел жиналды. 
Ауыл адамдары түгел жиналды. 
Бірақ тәуелдік жалғау қосымшасын түсіріп айтуға болмайды. Онда 
сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланысы бұзылады. Содан барып 
сөйлемнің түсінігі көмескіленеді. 


257 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет