255
семантикалық мағыналарына сай өзімен байланысты есім
сөздерінің барыс,
табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғауларының бірінде тұруын
керек етеді. Мысалы:
оқы ( н е н і ? ) кітапты,
журналды;
жаз (н е н і?) хатты;
жет (н е г е ? к а й д а ? ) табысқа, мақсатқа, қалаға;
шық ( қ а й д а н ? ) үйден,
кластан;
жүз (қ а й д а?) суда, теңізде;
сөйлес (к і м м е н? н е м е н?)
Қайдармен, Бейсенмен, қаламен, үймен, телефонмен.
Меңгерілетін бағыныңқы мүшелер табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес
септік жалғауларындағы есім сөздерден болған толықтауыштар мен
пысыктауыштар болып келеді.
Табыс жалғаулы тура толықтауыштарды меңгеретін — сабақты етістіктер.
Өйткені, сабақты етістіктер объектімен тікелей байланысты болады.
Мысалы:
оқы, жаз, тыңда, жина, сұра (-ды)
г
көзде, қала, сана, же, іш, кес,
ұр, тоқы, шап,) шақыр (-ды), қама, ал (-ды), тік, жібер, қолда, бер (-ді) сой,
сана, сұра, таста, кемі, азай, бас, жама тағы осы сияқты етістіктер
адамның қимыл, амал, әрекетін, ісін білдіретін сабақты етістік болады.
Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының
бірінде айтылған
жанама толықтауыштар мен пысықтауыштарды меңгеретін етістіктер салт
етістік болып келеді. Өйткені салт етістіктер қимылдық процесті керсетпей,
адамның көңіл күйін, кісінің не басқа заттың қимылдық күйін, калпын
білдіріп тұрады. Мысалы:
жыла, күл (~ді), қайғыр (-ды), қуан (-ды)
г
терле,
тоң, жалық, шомыл, шошы, тырыс, есіне, қуаттан, сайра, күркіре, тула,
ақса, ұлы, кісіне, мөңіре, жоғарыла, ойнақта, төменде, жымыңда т. б.
Предикаттық (баяндауыштық) қызметтегі есім сөздері де (кебінесе сын
есім сөздері) өзінің алдындағы есім сөздерінің
белгілі септік жалғауда
тұруын керек етіп, меңгеруші ретінде жұмсалады. Мысалы:
Мен сенен екі
жас кішімін. Жақсы адам ісімен жақсы.
Кейде есім мен етістік бірлесіп барып сөйлемнің бір күрделі мүшесі
ретінде
қолданылып, өзінің алдындағы есім сөзін меңгеріп келе береді.
Мысалы: 1)
Абзалдардың дастарқан басындағы сөздеріне де жөнді құлақ
қойған жоқ. (Ә. Ә.) 2) Алдыңғы эшелон шығысқа қарай жол тартты. (Ә. Ә.)
147-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, әр сөйлемдегі меңгеруші
сөзбен меңгерілуші
сөз тіркестерін көшіріп жазыңдар. Олардын қандай мүше екенін айтып беріңдер.
Маусымбай әңгімесі Мейрамды қызықтырып барады. Ұнатқан сөзін
жазып алады. Блокноттың бірінші бетін толтырды. Оқымаған,
жабайы
қазақтың тілі шешен, ойы орамды, құлағы тіпті түрік. Сүйінбай, Абай,
Біржан, Сараларды жатқа соғады.
Елден ерте кеткен, орыс мектебінде
окыған жас Мейрамға қазақ шежіресі сияқты көрінеді бұл қарт. Өз елінің
даналарына, олар қалдырған асыл сөздерге терең бойлап, ой елегінен өткізіп
отыр Мейрам. Бүрын даналықты кітаптан, алыстан іздейтін, енді кең жатқан
сөз, ой қазыналары елдің елдік
зор тұлғалары көріне-
ді.
(Ғ. М.)